Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы

07 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Физика
Класы: 7
Сабақтың тақырыбы:
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың таным қабілетін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, әдептілікке баулу.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, Паскаль шары, слайдтар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І жартыжылдық бойынша өтілген тақырыптар бойынша
қайталау сұрақтарына жауап беру:
• Зат құрылысы, зат неден тұрады?
• Диффузия және температураға тәуелділігі
• Заттың күйлері, қасиеттері, молекулалық құрылысы
• Механикалық қозғалыс, оның түрлері.
• Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
• Заттың тығыздығы.
• Күш. Күштің түрлері. Күшті өлшейтін аспап.
• Деформация, оның түрлері. Гук заңы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Кіріспе: Слайдтан суреттер көрсете отырып, қысым ұғымын енгізу
Қысымның анықтамасын, жазылу өрнегін, SI жүйесіндегі өлшем бірлігі
Анықтамасы: Белгілі бір бетке перпендикуляр түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды
жазылу өрнегі: қысым=күш/аудан
өлшем бірлігі: 1 Ньютон/1 м. кв. =1Паскаль
Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің молекулалық құрылысындағы айырмашылықты түсіндіре отырып, заттың үш күйі арқылы қысымның берілуін түсіндіру
Қысымның берілуіне мысалдар қарастыра отырып, оқушылардың ойын қорыту:
Молекулалардың еркін қозғалуынан сұйықтар мен газдарға түсірілген
қысым, барлық бағытта бірдей беріледі!
Паскаль шарының жұмысын көрсету.
15 - жаттығудан есептер шығару
Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға арналған логикалық есептер:

IV. Сабақты қорытындылау
V. Оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма
6 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Физика 7 - сынып
Тест, физика 7 сынып
Тест, физика 7 сынып
Молекула дегеніміз не? А) заттың ең ұсақ бөлшегі. Ә) бөлінбейтін бөлшек. Б) күрделі зат.
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немесе
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан күнтізбелік жоспар
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай негізгі мектебінде физика пәні мұғалімі Айнур Акильжанова Сагиевна
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×