Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"ҰБТ-ға барар жол..." Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Физика
"ҰБТ-ға барар жол..." Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

ҰБТ - жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.

ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. Білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Тестті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, мұндай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестке дайындалу тиімділігін арттырып, тест кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

Тест тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
І. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын зерделеу;
ІІ. Тест қарсаңында;
ІІІ. Тестке кірер кезде.

І. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын зерделеу: Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап - аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш - жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.

Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
- кезек - кезек жоғары - төмен (25 секунд), оңға - солға (15 секунд) қара;
- көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
- қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.

Күніңді үшке бөл:
- емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
- спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
- кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.

Күніне 3 - 4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс - жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып жеме және сүт өнімдерін ішпе.

Көп материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 859
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ - ге психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және коллеждер мен жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақ тілі пәнінен оқушыларды ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Білім алушылардың дайындығын тәуелсіз бағалануы негізінде жалпы білім берудің сапасын мемлекеттік бақылау және басқарумен қамтамасыз ету; Кәсіптік білімді таңдауға дайындау мақсатында білім алушыларды саралау;
ҰБТ - ке дайындауда ұстаздарға психологиялық көмек!
ҰБТ - ке дайындауда ұстаздарға психологиялық көмек!
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз
Біз ҰБТ - ға сеніммен барамыз
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
ҰБТ-ға дайындау жолдары
ҰБТ-ға дайындау жолдары
ҰБТ дегеніміз не? Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×