Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электростатиканың негізгі заңы - Кулон заңы

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Электростатиканың негізгі заңы - Кулон заңы
Пайдаланды көп ғалымдар,
Физиканың заңдарын.
Сол заңдармен таныдық,
Табиғаттың сырларын.
Сабақтың мақсаты: Электромагниттік өзара әсерлесуді сан жағынан сипаттайтын заңды оқып үйрену, электр заряды бірлігін тағайындау.
Күтілетін нәтиже: 1) Зарядталған бөлшектердің өзара әсерлері туралы білімдерін жетілдіру.
2) Кулон заңының формулаларын пайдалана отырып есептер шығара білу дағдысын қалыптастыру.
3) Таза жазуға, іскерлікке, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, кесте
Сабақтың түр: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Класс оқушыларының көңіл - күйіне назар аудару.
Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу
ІІ. Қызығушылығын ояту:
1) үй тапсырмасын тексеру ( Әр топқа сұрақтар беру)
( жеке, топпен дайындалып жауаптар беру)
1.«Электр», «Электр заряды» деген не?
2. Электр зарядының қандай түрлері бар және денелердің зарядталғанын қандай құрал арқылы білеміз?
3. Күнделікті өмірде байқаған жағдайларға байланысты денелердің электрленуіне мысалдар келтіріңдер.
4. Денелерді қандай әдістермен электрлеуге болады, зарядың сақталу дегенді қалай түсінеміз?
ІІІ. Мағынаны тану.
а) Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру
1. Тұжырымдамасы: Электростатиканың негізгі заңын 1785 ж. тәжірибе жүзінде айналмалы таразының көмегімен француз физигі Ш. Кулон тағайындады
2. Тәжірибе: Кулон айналмалы таразыны пайдаланып қозғалмайтын екі кішкене зарядталған шардың бір - бірімен өзара әрекеттесуін эксперимент жүзінде анықтады. Мынадай қортынды жасады.
Кулон заңы: Вакуумдағы қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтардың модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал
Бұл күш осы зарядтарды қосатын түзудің боймен бағытталған.
3. Тәуелділік:
- Кулон күші
- пропорционалдық коэффициент.
4. Заряд бірлігі: Халықаралық бірліктер жүйесінде (si) заряд бірлігі негізгі емес, туынды бірлік, сондықтан, ол үшін эталон енгізілмейді.
Si жүйесінде заряд бірлігі Кулонды ток күші арқылы тағайындайды.
1 кулон (Кл) = ток күші 1 А болған өткізгіштің көлденең қимасынан 1с өткізетін заряд. 1 Кулон заряд - өте үлкен шама. Бір - бірінен 1 км. Қашықтықта орналасқан әрқайсысы 1 Кулон екі нүктелік зарядтың өзара әсер күші жер шарының массасы 1 т. жүкті тартатын күшінен аз - ақ кем.
1 Кл заряд өте үлкен шама.
кл жер шарының 1 т жүкті тартатын күшінен кем емес.

5. Басқа жағдайларда берілуі.

- электр тұрақтысы
- (грек әріпі «Эпсилон»)

- диэлектр өтімділік ортаға байланысты.
Ортаның диэлектрлік өткізгіштігі – бұл заттың электрлік және зарядтардың берілген ортадағы өзара әрекеттесу күші вакуумдағы өзара әрекеттесу күшінен неше есе аз болатынын көрсететін физикалық шама.
6. Басқа заңға ұқсастығы: 1687 ж Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
7. Ерекшелігі: Гравитациялық күштен артық, әсері көзге көрінеді.
8. Қолдану шегі: а) Зарядталған дене нүктелік болу керек.
ә) Міндетті түрде қозғалмайтын болу керек.
Кулон заңының тек нүктелік зарядтар үшін ғана дұрыс екенін ұстау қажет. Шындығында, табиғатта нүктелік зарядтар болмайды, бірақ зарядталған денелер арасындағы қашықтық олардың өлшемдерінен көп үлкен болса, онда денелерді нүктелік деп есептеуге болады.
ІҮ. Ой - толғаныс
1. Есептер шығару
№677 № 678
ҰБТ: физика тестілер жинағы 1, 12 нұсқа №4 және №7
№4. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 2 есе арттырғанда олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кемітсе ше?
Жауабы: күш 4 есе кемиді.
Жауабы: күш 4 есе артады.
№7. Егер нүктелік зарядталған дененің біреуінің зарядын 3есе арттырса әрекеттесу күші қалай өзгереді?, ал кемітсе ше?
Бер: q=3q
т/к: F=?
Жауабы: күш 3 есе артады.
Жауабы: күш 3 есе кемиді
2. Рафт әдісін пайдалану
Роль. а) Кулон заңы туралы мәселе көтерілсе оны кім жазуы мүмкін.
Аудитория. ә) Олар кімге жазуы мүмкін
Форма. б) Ол қандай формада жазылуы мүмкін
Тақырып в) Тақырып
Ү. Сабақты қорытындылау
1) Кесте бойынша
2) Венн диаграмасы
Кулон заңы
Ұқсастығы
Бүкіләлемдік тартылыс заңы
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
23 031
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Кулон заңы. Жұмыс, қуaт, энeргия тaқырытaрынa eсeптeр шығaру
Кулон заңы. Жұмыс, қуaт, энeргия тaқырытaрынa eсeптeр шығaру
Тыныштықтағы екі нүктелік зарядталған денелердің немесе бөлшектердің өзара әсерлесу заңы тұжырымдау, Бүкіләлемдік тартылыс заңына ұқсастығымен айырмашылықтары түсіну
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Бір - бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.
Электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы
Электростатиканың негізгі заңы – Кулон заңы
Қозғалмайтын зарядталған екі нүктелік дененің вакуумдағы өзара әсерлесу күші олардың зарядтарның модульдерінің көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал болады.
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың электростатиканың негізгі заңдары тұйықталған жүйеде зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңының маңызы мен мазмұнын түсініп есеп шығаруға дағдыландыру.
Мелликен - Иоффе тәжірибесі
Мелликен - Иоффе тәжірибесі
Шымкент қаласы, ХГТУ Шымкент колледжі физика пәні мұғалімі магистр Исмагулова Айгүл Жамалқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×