Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылу, сыну қасиеттерін қайталау

25 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сынып: 8
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Жарықтың қасиеттері бойынша алған білімдерін жүйелеу, жалпылау. Жарықтың сынуы, шағылуы, түзу сызықты таралуын табиғатпен байланыстыра отырып түсінуіне көмектесу, талдап қорытынды жасауға үйрету.
Дамытушылық: Жарық құбылыстарының физикалық мағынасын толық білу, шығарған есептерді, заңдылықтарды қолдана отырып түсіндіру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге, ойын еркін жеткізуге, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың типі: Саяхат - сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, СТО (Сиқырлы сұрақтар, Ротация), диалогты оқыту
Көрнекілігі: Өлең жолдары жазылған кеспе - қағаздар, маршрут парағы, екі плакат, маркер, магниттер, әйнек, екі шырақ, шырпы

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасамын. Оқушыларды түгендеймін.
Кіріспе. Бүгінгі сабақта сендерді саяхатқа шығуға шақырамын. Саяхат барысында тапсырмаларды орындайсыңдар. Тапсырмаларды орындай отырып, жарықтың таралу, шағылу, сыну заңдарын, жазық және сфералық айналарда кескін алуды қайталаймыз. Әрбір жинаған балл бойынша саяхат барысында жүрілген жол анықталатын болады. Сабақтың соңында ең төзімді оқушы анықталатын болады, яғни оптика бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы анықталады. Маршрут парағын толтырып, маршрут қорытындысын жасаймыз. Бәріміз дайынбыз ба? Олай болса, жолға шығайық. Жолға шығу үшін алдымен екі топқа бірігейік те, әнменен саяхаттайық.
Оқушыларды топқа бөлу үшін оқушыларға А. Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінен 4 жол, «Ана» әнінен 4 жол жазылған кеспе - қағаздарды таратамын. Оқушылар №1, №2 топтарға бірігеді.

1) Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

2) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық құштарың өзіңе арнаған
«Сиқырлы сұрақтар»
Қараңдаршы, қандай тамаша табиғат аясына шықтық. Бұл суреттің авторы кім? Суреттің атауы қандай?

Иван Иванович Шишкиннің «Қарағай орманындағы таң» картинасы. Қалың қарағайлы бор. Күн енді шығып, айналаны сәулесімен нұрландырды. Күннің сәулелеріне қараңдаршы. Оптикада жарық шоғы деп нені айтамыз? Шын мәнісінде Күн жарығынан сәулені бөліп алуға бола ма?
Жарық құбылыстарын зерттеу үшін түрлі саңылаулар көмегімен алынатын жарық шоғы деген ұғымды пайдаланамыз.
Саңылаудың диаметрін кішірейту арқылы жарық сәулесін алуға бола ма? Картинада қандай табиғи құбылыстар Күн сәулесін көруге мүмкіндік береді?
Тұман кезінде жарық судың ұсақ тамшыларымен шағылады, шашырайды.
Оқушылар, біздер тағы бір әдемі тоғанға да келіп қалдық. Бұл сурет сендерге таныс па? Бұл Василий Дмитриевичтің Поленовтың «Жыңғылды тоған» суреті.

Оқушылар, менің ойымша тоғанда балықтар көп. Балықты сүңгімен (шанышқымен) ұстап көрелік. Неліктен қайықта отырғанда судың терең емес жерінде жүзіп жүрген балықты сүңгімен шаншу қиын?
Судың беткі қабатына көтерілген балықтың судағы кескіні жалған, себебі су ауаға қарағанда оптикалық тығызырақ. Сүңгімен дәлдегенде балық пен сүңгі арасында саңылау қалу керек.
Оқушылар, Күнге қарсы мына өзеннің бетінде «жалтылдаған жол» көрініп тұр. Су бетінде Күн кескіні қалай пайда болды? Жол неге бақылаушыға қарай бағытталған?

Су бетінде пайда болған «жол» әртүрлі бағыттағы ұсақ толқындармен жарықтың шағылу салдарынан пайда болады. Сондықтан, бақылаушының орнына тәуелсіз шағылған сәулелер бақылаушы көзіне түседі. Әр бақылаушы «жолды» өз орнына қарай көре алады.
«Бейне - тапсырма»
Ал енді оқушылар, қазір біз кейіпкерлермен қоса «айналар үйіне» немесе «айналар залына» кіріп, сергіп алайық («Ну, погоди» мультфильмінен үзінді).
Айналарға қарағанда неге кейіпкерлердің кескіні «қисық» болып көрінеді? Айналар қалай жасалады?
Залдың қабырғалары оптикалық шағылдырғыш материалдан, әсіресе шыны айналардан жасалады. Айнаның бетін қисайтып жасайды, ойыс немесе дөңес пішінге келтіріп деформациялайды.
Саяхатымызды жалғастыра отырып, тапсырмаларға көшейік.

Тапсырмалар. «Ротация»
Топтарға тапсырмалар беріледі. Орындап болған соң басқа топтағы оқушылар тексеріп, қорытындысын жасайды.
1. Жарық сәулесі қай нүктеге түседі?

2. Екі айна тік бұрыш жасай орналасқан. Осы бұрышқа екі алма қойылды. Қанша алманы айнадан көруге болады?

3. Құдықтың түбі жарықтану үшін жазық айнаны қалай қою керек? Жазық айна мен вертикаль арасындағы бұрышты тап. Күннің көкжиектен бұрыштық биіктігі 600.
15о
4. Бақылаушы саңылау алдында А нүктесінде тұр делік. Бақылаушы талдың қандай бөлігін көреді? Қандай А1 нүктеде саңылау алдында бақылаушы талды толығымен көреді?

«Эксперимент»
Айнаның орнына әйнектің сынығын тік орналастырып, әйнектің алдына жанып тұрған шырақты қойып, әйнектің екінші жағына дәл сондай бірақ жанбаған шырақты қой да, оны қашан жанған шырақ болып көрінгенше әрі бері қозғалтып жанған шырақты ал, сосын әйнекпен шырақтың арақашықтығын өлше және қандай қорытынды алуға болады. (Оқушылар әйнек екі шырақты қолдана отырып, шырақтың шын кескінін алады және ара қашықтықты өлшеп мынадай қорытындыға келеді: нәрсе қандай қашықтықта болса, кескін айнадан сондай арақашықтықта болады және симметриялы өз өлшеміне тең екенін анықтай алады.)

Бағалау.
1. Мұғалімге хат. Бұл хатта осы сабақтардың сенің шамалы өзгеруіңе ықпалы болды ма, жоқ еш әсері болмады ма, солар туралы пікіріңді білдірсең...
2. Маршрут парағына саяхаттың ұзақтығын есептеп анықтайық.
«алтын медаль» - 20 - 18 балл
«күміс медаль» - 17 - 15 балл
«қола медаль» - 14 - 12 балл
Үйге тапсырма:
Жарықтың қасиеттерін қайталау.
9 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Жарық толқындары
Жарық толқындары
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика және физика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінінің физика пәнінің оқытушысы Куздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×