Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау сабағы

08 желтоқсан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электр құбылыстарын білу, білімдерін тұрмыста күнделікті қажетке қолдана алу, экологиялық, экономикалық білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, дамытуға, белсенділіктерін арттыру, пікір алысып, тоқпен жұмыс істеп, өз білімдерін өздері бағалай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ процесінде қолданылатын электрлік қондырғылар арқылы зерек болуға, жұмыс істеу арқылы
еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикалық, қайталау, тірек – конспект, СТО, Венн диаграммасы.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар, тәжірибелік қажетті құрал - жабдықтар: амперметр, вольтметр, кілт, өткізгіш сымдар, резистор, ток көзі, шам, электрлік қоңырау, деңгейлік тест тапсырмалары, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын электро - техникалық заттар, тірек - сызбалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Өткен сабақта сынып оқушылары үш топқа бөлініп, тапсырма берілген.
I топ. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын электрлік құралдар,
II топ. Осылардың ішіндегі тізбектей жалғанатыны,
III топ. Осылардың ішіндегі параллель жалғанатындары.
Әр топтан бір - бір оқушы жауап береді.

2. Әр топқа жеке - жеке тірек схемалары беріледі де, топ ішінен бір оқушы жауап береді.

3. Мұғалім: күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген электрлік құралдардан басқа, қала көшелерінде, өзіміздің аудан орталығындағы Көкпектіде көшедегі көліктердің, жаяу жүргіншілердің жүрістерін реттеп отыратын, электр тоғымен автоматты түрде жұмыс істейтін не?
Оқушылар: Бағдаршам.
Мұғалім: Ол қандай түстерден тұрады?
Оқушылар: қызыл, жасыл, сары.
Мұғалім: Әркім өзінің қауіпсіздігін сақтау үшін, көшеде жүру ережесін білуі керек. Міне, тұрақты электр тоғы тарауын оқып бітіргеннен кейін өз білімдеріңді тексеріп білу үшін менің қолымда жаңағы түстерге сәйкес жазылған тест сұрақтары тұр. Әр түске сәйкес түрлі баға қойылады.
Қызыл -«5»
Жасыл -«4»
Сары –«3»
Әркім, өз білімін өзі бағалап, тест таңдап алады. (тест жұмысы орындалады)
Тест сұрақтарына жауап беріп болғаннан кейін, жауап парақтарын бір - бірімен алмастырып, тақтадағы жауаппен тексереді. (слайд арқылы)
Мұғалім: Сонымен қатар қазіргі кезде қолында дипломы бар маман иелері де мемлекеттік жұмысқа орналасар алдында тест тапсырады. Біздің арамызда да тест қорытындысына байланысты ғылыми қызметкерлер, конструктор, лаборанттар отыр деп есептеп сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.
2. Әр топ оқушыларының алдында электрлік қондырғылар қойылған, осы қондырғыларды пайдаланып, тізбек схемасын конструкторлар сызып, лаборанттар тізбекті құрастырып, ғылыми қызметкерлер өлшеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесін тақтаға жазады.(сканер арқылы тақтаға түсіріледі)
3. Ауызша есептер. (слайд арқылы көрсетіледі)
4. Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген электрлік заттардың біразы біздің қолымызда тұр. Мысалы: чайник, тефаль, кипятильник. Әр топқа осылардың біреуі беріледі.
1/. Олардың анықтамаларында көрсетілген физикалық шамаларды пайдалана отырып, қалған белгісіз шамаларды есептеп шығу.
2/. Жылу құбылыстары тарауын өткенде 3 литр суды қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет екендігін есептеп шығарғанбыз. (Q=1008000Дж.) Осы мәнді пайдалана отырып, үш қатарда 3 л суды қанша уақытта қайнатып шығаратындықтарыңды есептеп шығарыңдар.
5. ( слайд көрсете отырып ) тарауды қорытындылау.
6. «Нені білдім, нені білгім келеді?» диаграмма толтыру.
7. Үйге тапсырма: Тарау бойынша қайталау, диаграмма толтырғанда туындаған сұрақтарға жауап іздестіру.
Жеке тапсырма: 1) 3л. суды қайнату үшін қанша көмір керек екендігін есептеу.
2) көмір жанған кезде СО2 көмірқышқыл газы бөлініп шығады, осы газдың адам ағзасына тигізер зияны қандай?
3) Бүгінгі күні қаржы дағдарысын ескерсек 3л суды қайнату үшін экономикалық жағынан бізге тиімдісі қайсысы? Токпен қайнатқан тиімді ме, әлде көмірмен қайнатқан тиімді ме?
3 362
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Тұрақты магнит
Тұрақты магнит
ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы, «Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ Физика және информатика пәні мұғалімі Аскербаева Рысхан Сағымбайқызы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×