Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар

19 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Физика
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін біз сендермен күнделікті сабаққа ұқсамайтын, сабақтан тыс іс - шарада кездесіп отырмыз. Бүгін сендер физика, информатика пәндерінен басқа жағынан көріп, өздерінің білімдеріңді тексересіңдер. Бұл іс - шараның аты «Білімді мыңды жығар» деп аталады.
Балалар сендер ойынның атына қарап, түсінген шығарсыңдар – бүгін біз сендермен білгенімізді ортаға салып, білімімізді көрсете білуіміз керек. Біз бүгін балалар саяхатқа аттанамыз! Әр адам саяхатқа аттанар алдында өзіне керекті заттарды, нәрселерді жинап бірге алады, ал сендер өз білімдеріңді және біліктіліктеріңді бірге алыңдар. Ал сәт сапар тілеймін!

Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Физика – астрономия елінде
Информатика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппен ән салысып,
Көңілді кеш жасайық.
Енді ойынымызды бағалайтын кім балалар?
Әділ баға беретін,
Топ аралар сыншысы.
Әділ сыншы қанекей,
Қарсы алайық оқушы.
Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:
-----------------
Бүгін бізге спутниктен мынадай хабарлама келді, жаңа арал пайда болыпты.
Сендер осы аралға барасыңдар. Бұл аралды зерттеп, ең үздік зерттеушілерді анықтайсыңдар.

Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз. Картаны алу үшін әр топ өз топтарымен таныстырып, эмблемаларын қорғап, ұрандарын айтады.

I тур. Таныстыру, эмблема қорғау.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Шығып жүрген жақсы аты,
«Кулон» тобын ортада
Ұран: «Қандай сынақ болса дағы беріспей,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
«Кулон» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
«Ақпарат» тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
«Ақпарат» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.
Ұран: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».
Бұл тапсырманы орындап болдық, картаны алдық, енді сендердің алдарында сарқырама пайда болды. Сарқырамадан өту үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.
Әр топқа 20 сұрақтан әр сұрақ 1 бал

2 - тур сұрақ – жауап
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт!
Мықты болсаң - заманыңды көктеп өт! дей келе, сұрақтар қойылады

Бірінші болып, сұрақтарға «Кулон» тобы жауап береді.
1. Табиғат туралы ғылым.(физика)
2. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды қалай атайды (Кодтау).
3. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)
4. Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)
5. Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық, газ)
6. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Мәтінді форматтау)
7. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)
8. Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. (Excel)
9. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
10. Компьютерді зақымдаушы.
11. Күн шығатын жақ (шығыс)
12. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 135
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Натурал сандардың бөлінгіштігі
Уа халайық! Халайық! Бәріне жар салайық Бүгінгі ойын төрінде Математика елінде Математика тілінде Есеп шешіп жарысып Жұмбақ шешіп аңдысып Шабыттасып шалқысып Есеппен ән салысып Көңілді ойын жасайық
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану-математика апталығының ашылу сценарийі
Жаратылыстану - математика апталығының ашылу салтанаты 1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Жаратылыстану - Математика» апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Сабақтың тақырыбы: Математикалық эстафета
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Ғажайып информатика
Ғажайып информатика
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×