Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлшемдердің метрлік жүйесі

22 қараша 2011, Сейсенбі
Категориясы: Физика

Сабақтың тақырыбы: Өлшемдердің метрлік жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өлшемдердің метрлік жүйесін меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыны сабақ барысында ұйымшылдыққа, жеке жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баланың ойын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
Сабақ әдісі: ойын сабақ
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық
Пән аралық байланыс: математика, информатика, қазақ әдебиеті, тарих, сызу.
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Кезекші мәліметі
Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

ІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру:
1. Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы .............................................................. тең
2. Егер сызғыштың ұзындығы 4 см-ге тең болып және өлшеу дәлдігі 0,5 см болса, онда сызғыштың өлшеу қателігінің мәні:
А) 4 см
Ә) l =(4,00 ± 0,5) см
Б) l =(4,00 ± 0,1) см
В) l =(4,00 ± 0,25) см

9

22

15

5

21

11

14

2

18

12

24

7

17

Д

Ү

Т

М

Ж

Ң

Е

Л

І

 

Е

Е

Л

16

1

8

23

10

25

6

19

4

20

3

26

13

Р

Ө

Р

Й

І

С

Д

К

Е

 

Ш

І

М



ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
Өлшемдердің метрлік жүйесі
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ. Бүгінгі колданылып жүрген бірліктер - тарихи дамудың жемісі.
Ертеде әр ел әр түрлі өлшемдер қолданып келді. Мысалы, казактар ұзындыкты өлшеу үшін: қарыс, елі, суйем, табан, құлаш, шақырым сияқты бірліктерді пайдаланды. Сондай-ақ орыстың 1 верста аралығы 500 құлашқа (саженъ) тең. АҚШ пен Англияда осы уақытқа дейін ұзындықтың миля, ярд, фут, дюйм деген бірліктері қолданылады. Өлшем бірліктердің осындай алақұлалығы бір өлшемнен екінші өлшемдерге өтуді қиындатып, ұзақ есептеулерді талап етеді.
Өлшемдердің метрлік жүйесінің негізіне барлық халықтардың санау тәсілдеріне ортақ «ондық принциптің» алынуы - оның ең басты артықшылығы. Расында да, «ондық принцип» бойынша барлық еселенетін немесе бөлінетін бірліктер негізгі бірліктерді 10 санына көбейту немесе бөлу арқылы алынады.
Осыған байланысты тіркес сөздердің ондық жүйесі жасалған. Мысалы, кило тіркесі мыңды білдіретін болғандықтан:
• 1 километр (км) = 1000 метр (м);
• 1 килограмм (кг) = 1000 грамм (г);
• 1 киловольт (кВ)=1000 вольт (В) деп жазамыз.
Сол сиякты милли тіркемесі мын бөліктің бір бөлігін білдіреді:
• 1 миллиграмм - 1 грамның мыңнан бір бөлігі;
• 1 миллиметр - 1 метрдің мыңнан бір бөлігі;
• 1 миллилитр - литрдің мыңнан бір бөлігі, т.с.с.
Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде квадраттық және кубтық бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы,
1 м =100 сантиметр (см) болғандықтан,
1 м2 =1002 см2 =10 000 см2, сондай-ақ
1 см = 10 миллиметр(мм) немесе 1 мм=1 см: 10=0,1 см болғандықтан,
1 мм3 = (0,1 см)3=0,13 см3 = 0,001 см3.

ІҮ. Мұғалімнің ақпараттық сұрақтары:
1. Өлшемдердің метрлік жүйесіндегі бірліктерден басқа қандай бірліктерді білесіңдер? Олардың кемшілігі неде?
2. Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізудің өркениет пен ғылым үшін мәні қандай болады?
3. Метрлік жүйенің ең басты артықшылығы қандай?

Ү. Жаңа сабақты бекіту:
3 – жаттығу
1) Үстелдің ұзындығы 0,8 м. Оны дицеметр, сантиметр, миллиметр және километрге айналдырыңдар.

ҮІ. Оқушы еңбегін бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма:
1) §12. Өлшемдердің метрлік жүйесі
2) 3-жаттығу (2,3)
3) Ертеде қолданылған өлшемдер туралы жазып келу.

7 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзындықты қалай өлшейміз?
Ұзындықты қалай өлшейміз?
ұзындық өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу.
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсініктің қалыптасуы, бөліктің құнын анықтауды үйрену.
Өлшемдерді орындау әдістемелері
Өлшемдерді орындау әдістемелері
Білімгерлерге теориялық және тәжірибелік мәлімет беру, өлшеу түрлерін және өлшемдерді орындау әдістерін түсіндіру. Білімгерлердің өз ойын жеткізу қабілетін, теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе кезінде пайдалану қаблетін дамыту
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Көріністерді сызбаларда салу. Сызудан қосымша практикалық сабақ жоспарлары
Бір көрінісімен анықталатын заттың сызбаларын орындау, өлшемдерін түсіру. 1 - тапсырма: Қалыңдығы 2 мм, ұзындығы 50 мм, ені 25 мм болатын тік бұрыштық сызбасын сызу, қажетті өлшемдерін түсіру.
Өлшемдердің метрлік жүйесі
Өлшемдердің метрлік жүйесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Халықтық өлшем бірліктерді физика пәнінде қолдану
Халықтық өлшем бірліктерді физика пәнінде қолдану
Көкшетау қаласы №6 орта мектебі физика - математика мұғалімі Орындаған: Наушек Г.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×