Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
І. Сабақтың тақырыбы: «Абайдың табиғат лирикасындағы физикалық құбылыстар»
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасына әдеби талдау жасау және ондағы табиғат құбылыстарын физикалық тұрғыдан түсіндіру, өлеңдерді талдау машығын жетілдіру.
ә) тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
б) дамытушылық: шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау, сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту.
ІІІ. Сабақтың түрі: Кіріктірілген (әдебиет және физика пәні) қайталау толықтыру сабағы.
ІV. Сабақтың әдісі. Топтық оқыту.
V. Сабақтың көнекілігі: Слайд, Абай портреті, жыл мезгілдерінің суреттері.

Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы.
б) Әдебиет пәні мұғалімінің сөзі: «Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.
Осы орайда Абайтануға арналған кіріктірілген сабақ үлгісін ұсынып отырмыз.
Бүгін біз Абайдың орыс поэзиясынан үлгі ала отырып қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығының бірімен танысамыз. Ол - табиғат лирикасы. Поэзия жанрында табиғатты әсем пейзажбен, бағалы бояумен жазған Ыбырай, Абайға дейін ақындар болған емес.
Абай жыл мезгілдерінің әр қайсысына тоқталып, ондағы табиғат құбылыстарын көркем шеберлікпен бере білген.

І. Қызығушылықты ояту «Ойшақыру»
- Абайдың табиғат тақырыбына жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Жауап: «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» «Көлеңке басын ұзартып» және т. б.
ІІ. «Оқыған білер әр сөзді!»
1 - топ «Күз мезгілі»
А) Өлеңді мәнерлеп оқу;
Ә) Өлеңнен түсініксіз сөздерді жазып алу;
Б) Өлең мазмұны бойынша кластер жасау;

2 - топ «Қыс мезгілі»
А) Өлеңді мәнерлеп оқу;
Ә) Өлеңнен түсініксіз сөздерді жазып алу;
Б) Өлең мазмұны бойынша кластер жасау;

ІІІ. «Мақсатым тіл ұстарып, өнер шашпақ»
/Күз өлеңі бойынша/
1. Өлең не жайында? Ақын не айтпақ болған?
2. Қалай ойлайсың, өлең қандай көңіл - күймен жазылған?
(Соңғы шумаққа көңіл қой.)
3. Күз көрінісін ерекше ашып тұрған бейнелі сөздерді тап. Жалпы, күз суретін беретін сөздерді іріктеп ал.
4. Күз суретімен қоса кімдер бейнеленген? Олардың іс - әрекетіне назар аудар.
5. Өлең өзіңе қалай әсер етті? Қандай сезімде болдың (қуану, көңілсіздену, ренжу, т. б.)
6. Ақын осы өлеңді қандай көңіл - күймен жазған? Ол туралы не айтар едің?
7. Күз суреті қай шумақтарда берілген?
8. Өлеңде күз суреті ғана берілген бе?
9. Адам, жан - жануарлар тірлігі қай шумақтарда берілген?
10. Өлеңдегі ақын ойын қай шумақтар ашып тұр?

/Қыс өлеңі бойынша/
1. Өлең не жайында? Ақын не айтпақ болған?
2. Қыс көрінісін ерекше ашып тұрған бейнелі сөздерді тап. Жалпы, қыс суретін беретін сөздерді іріктеп ал.
3. Ақын "Қысты" кімнің бейнесінде көрсетіп отыр? Оның іс - әрекетін теріп оқы.
4. Тағы кімдер қандай іс - әрекетпен алынған? (Мысал келтір.)
5. Қыс келбетін суреттеу үшін қандай теңеулер қолданылған?
6. Қыс келбетін суреттеу үшін ақын тағы қандай көркемдегіш құралдарды пайдаланған?
7. Адам, жан - жануарлар туралы қай шумақтарда берілген?
8. Өлеңдегі ақын ойын қай шумақтар ашып тұр?

ІҮ «Табиғат әлемінде»
Әр топ берілген өлеңдерден табиғат құбылыстарын тауып, астын сызады.
/физика пәнінің мүғалімі Осипова Ақбаян Айдарханқызына сөз беріледі./

Ү. «Ойлы болсаң, тауып көр» (жұмбақтар шешу)
а) Таңертең бар кешке жоқ
Мен әдемі моншақпын
Ірі емеспін, ұсақпын
Мойнына ешкім таға алмас
Мендей мөлдір таба алмас.
(шық)

ә) Етек жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді.
(бұлт)
б) Түсі бар көрінбейтін
Бір тұтас білінбейтін
Тынысы бар тіршіліктен
Ешқашан жерімейтін
(ауа)
в) Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс
(қырау)
ҮІ. «Көңілім әнді ұғады»
Мұқашева Орынбасардың орындауында «Желсіз түнде жарық ай»
4 463
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
А. Құнанбаевтың табиғат лирикасы
Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшелігін меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Физика және лирика
Физика және лирика
Оқушыларға эстетикалық, этнопедагогикалық, экологиялық тәрбие беру. Олардың поэзия, саз, бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру.
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Абайды оқы, таңырқа!
Абайды оқы, таңырқа!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің Физика және информатика пәнінің мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×