Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Физика 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта отырып, дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Формулаларын тұжырымдау. Есеп шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бір – бірін бағалауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар импульстің мағынасын түсінеді.
2. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
3. Күш импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
4. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты біледі. Есеп шығаруда қолдана алады.
5. Импульстің сақталу заңын тұжырымдап, оны есеп шығаруда қолдана біледі.
Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат беру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО, топтық, жеке жұмыстар, «гармошка» әдісі, «себет» тәсілі, «араласып кеткен есептер»әдісі,«бас бармақ» тәсілі, формативті бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: постер қорғау, суреттер, үлестірме карточка, семантикалық карта

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды Ньютонның І заңы, ІІ заңы, ІІІ заңы және
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша төрт топқа бөлу.
Осы заңдарды қағазға жазып қойып оқушыларға таратылады. Топқа
бөлініп болғаннан соң қандай заң екендігін табады.

ІІ. «Қызығушылығын ояту» кезеңі. «Гармошка әдісі» бойынша әрбір оқушыға өткен тақырыптар бойынша үш сұрақтан жазу тапсырылады.
Сұрақтарын жазып болған соң төрт топ бір – бірімен алмасады, бір – бірін жауаптарын тыңдап бағалайды.

ІІІ. «Мағынаны ашу» кезеңі. «Миға шабуыл»
Сурет бойынша жұмыс. Суреттерден не байқап отырсыңдар?
1. Өлшемдері бірдей шарлардың соқтығысуы.
2. Өлшемдері әртүрлі шарлардың соқтығысуы.
3. Бірнеше шарлардың соқтығысуы.

«Импульс» гректің «impulses» деген сөзінен шыққан, оның сөзбе-сөз аудармасы «соққы» дегенді білдіреді. Бұл термин механикада екі шаманы: күш импульсі мен дене импульсін білдіреді.
Енді «Жуан» және «Жіңішке» сұрақтар беру арқылы жаңа тақырып бойынша постер қорғау. «Себет» тәсілі. Тақырып бойынша сұрақтардың жауабын сол себетке жазады.

Жіңішке сұрақтар
1. Дене импульсі дегеніміз не? Белгіленуі, формуласы, өлшем бірлігі.
2. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі.
3. Дене импульсі мен күш импульсі арасындағы байланысты жаз.
4. Тұйық жүйе дегеніміз не?

Жуан сұрақтар
1. Дене импульсінің бағыты қалай анықталады? Себебін түсіндір.
2. Күш импульсінің бағыты қалай бағытталады? Себебін түсіндір.
3. Импульс түріндегі Ньютонның екінші заңын тұжырымдап көрсет.
4. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

Дене импульсі дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама
Р дене импульсінің ХБ (СИ) жүйесіндегі өлшем бірлігі секундына килограмм ∙метр [кг • м/с]
Масса – скалярлық шама, ал жылдамдық векторлық шама.
Дене импульсінің векторының бағытында жылдамдық векторының бағытымен сәйкес келетін векторлық шама.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Механикалық энергия ұғымын біледі, энергия түрлерін ажыратады.
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Оқушыларға дене импульсі, күш импульсі және импульстің сақталу заңы туралы түсінік беру. Дене импульсінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін есеп шығаруда қолдана алуға үйрету.
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау
Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау
Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің № 1 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Дуйсенова Кымбат Рамазанқызы
Сақталу заңдары тарауын қайталау
Сақталу заңдары тарауын қайталау
Жезқазған қаласы №10 ОМ физика пәні мұғалімі Әлменова Гүлназ Айтуарқызы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×