Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарық дифракциясы

04 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Жарық дифракциясы
Сыныбы: 11
Сабақ мақсаты:
Білімділік: тәжірибелер жасау арқылы дифракция құбылысын түсіндіру, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын көре білуге және қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік: ғылыми көзқарасты қалыптастыру және ғалым өміріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдысын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақ әдістері: сөз және практикалық, есеп шығару
Қажетті құрал - жабдықтар: қыздыру шамы, жіңішке саңылаулары бар пластина, дискілер, түрлі саңылаулары бар картон қағаздары.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білімді тексеру кезеңі
А. Сапалық есептер шығару
№ 4. 3. 8
Жауабы: Әр түрлі нүктелердегі қабыршақтың қалыңдығы әр түрлі болуынан. Беттің жоғарғы және төменгі қабатынан шағылған сәулелердің жол айырымы жарты толқынның жұп санына тең болса ақ жолақ, жол айырымы жарты толқынның тақ санына тең болса қара жолақ пайда болады.
№ 4. 3. 9
Жауабы: Қабыршақтың қалыңдығы әр түрлі болуымен түсіндіруге болады. Толқын ұзындығы әр түрлі жарық қабыршақ бетіне түскенде спектрге бөлінеді.

Ә. Тест
1. Толқын дегеніміз
А. Өзара байланысып тербелетін материялық нүктелер жиынтығы
В. Тербелістің ортада таралу процесі
С. Тербелмелі жүйенің жұмыс істеуі
2. Пайда болу табиғатына қарай толқындар қанша топқа бөлінеді?
А. 2
В. 7
С. 5
3. Қума механикалық толқындардың таралу ортасы қандай?
А. Сұйықтарда
В. Қатты, сұйық, газ
С. Қатты
4. Көлденең механикалық толқындардың таралу ортасы қандай?
А. Тек газдарда
В. Қатты, сұйық, газ
С. Қатты
5. Серпімді ортада толқын таралған кезде энергия және зат тасымалы бола ма?
А. Зат тасымалданады, энергия тасымалданбайды
В. Зат та, энергия да тасымалданады.
С. Зат тасымалданбайды, энергия тасымалданады.
6. Толқын ұзындығына және жиілігіне байланысты электромагниттік толқындар қанша топқа бөлінеді?
А. 5
В. 7
С. 6
7. Когерентті толқындар дегеніміз
А. Толқын ұзындығы мен жиілігі бірдей
В. Толқын жиілігі мен фазалары бірдей
С. Амплитудалары мен фазалары бірдей
8. Энергияның азаюына сәйкес келетін нүкте
А. Максимум
В. Максимум және минимум
С. Минимум
9. Интерференция дегеніміз
А. Бірнеше толқындардың қабаттасуы кезінде кеңістіктің әр нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудасы уақыт бойынша тұрақты болу құбылысы.
В. Тек екі толқындардың қабаттасуы кезінде тербеліс фазаларының бірдей болуы.
С. Бірнеше толқындардың қабаттасуы.
10. Дифракция дегеніміз
А. Түскен және шағылған сәуленің қабаттасуы.
В. Толқынның түзу сызық бойымен таралуы.
С. Толқынның тосқауылды орағытып өтуі.
Тест жауаптары
1. А 2. А 3. В 4. С 5. С 6. В 7. В 8. С 9. А 10. С

Б. Сандық есеп шығару
Қызыл түсті сәуле толқыны 700 мкм толқын ұзындығымен ауада тарайды. Осы түстің судағы толқын ұзындығы неге тең? Ауаның сыну көрсеткіші 1, судың сыну көрсеткіші 1, 33 - ке тең.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
А. Жарық дифракциясы дегеніміз не?
Жарық дифракциясы дегеніміз жарықтың түзу сызық бойымен таралуынан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады. Жарық дифракциясын 1665 жылы Италия физигі Франческо Гримальди ашты. Жарық дифракция құбылысын Гюйгенс пен Френель түсіндірді. Гюйгенс - Френель принципі бойынша кез келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз айналып өтетін екінші реттік толқындардың жай ғана өзі емес, олардың интерференцияларының нәтижесі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 709
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Математика пәні мұғалімі Даулетиярова Бағдат
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Өскемен қаласы, "Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясы"КММ математика пәні мұғалімі Гульназира Калимолдина
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Рентгендік сәулелер
Рентгендік сәулелер
Рентген сәулелердің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорционал. Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Бұл фотографияларда қаңқа сүйектерін және жұмсақ тканьдердің әр түрлі өзгерістерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×