Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары

17 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға дыбыс, дыбыстың ортада таралуы және сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру, дыбыстың табиғаттағы және тұрмыстағы көздері, акустикалық түрлерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың білім деңгейін, білім мазмұнының тұрақтығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау, еріктілікті, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, шығармашылық қабілетін мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: физика 9 сынып оқулығы, физика дидактикалық материалдар, слайд, камертон, музыкалық аспаптар: баян, домбыра, гитара, плакаттар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, демонстрация, логикалық сұрақтар.

Сабақтың жүрісі.
Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
теориялық білімдерін тексеру.
практикалық тапсырмаларын тексеру.
есептерін тексеру.

Жаңа материалды меңгерту: тербеліс жиілігі 16 Гц­тен 20000 Гц­ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады.
Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындар немесе акустикалық толқындар (грек. akustikos -"дыбыс") деп атайды.
Жиілігі 20000 Гц­тен жоғары толқындар ультрадыбыстар, 16 Гц­тен төмені инфрадыстар деп аталады. Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды. Кейбір тіршілік иелері 20­30 мың Гц­ке (мысалы, жарғанаттар 21 мың Гц­ке, дельфиндер 28 мың Гц­ке дейінгі тербелістерді) қабылдай алады. Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс. Ауасы жоқ бостықта дыбыс толқындары тарала алмайды, онда тербелістерді жеткізетін зат бөлшектері жоқ. Дыбыс барлық ортада тарала алады. Қарапайым бақылаулар дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралатынын көрсетеді. Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі. Камертон­доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.

Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала бекітілген. 16 Гц­тен 20000 Гц­ке дейінгі адамдар қабылдайтын дыбыстар диапазоны 0­ден 140 дБ­ге дейінгі шектегі логарифмдік шкалада қамтылып беріледі. Децибел (дБ)­ 1847­1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш А. Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталған қаттылық бірлігінің ондық үлесі, яғни 1 бел 10 децибелге тең. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады. Біз еститін дыбыстар тон биіктігімен ерекшеленетін болады. Жиілігі аз дыбысқа төмен тон, ал жиілігі жоғары дыбысқа биігірек тон сәйкес келеді. Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Тембр­ адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. Шу­әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Кейде дыбыспен байланысты осындай құбылысты байқаймыз, мысалы жақындап келе жатқан машинаның сигналы жіңішке болып естіледі, ал машина алыстап кетсе онда сигналы жуан болып естіледі осы құбылысты физикада Доплер эффектісі деп атайды.
Доплер ұлы италияның ғалымы осы құбылысты зерттеп түсіндірген. Доплер эффектісі бойынша жақындап келе жатқан дыбыстың тоны жіңішке болып келеді, ал алыстап бара жатқан дыбыстың тоны жуан болатын себебі дыбыс тоны дыбыстың жиілігімен байланысты.
Доплер эффектісін жарық көздерімен де түсіндіруге болады, егер жарық көзі бізге қарай қозғалса жарығы анық болады, алыстаса ­ жарығы азаяды. Қазіргі кезде Доплер эффектісін кеңінен техникада қолданылады, мысалы радар құралында. Радар көліктердің жылдамдығын анықтайды.

Жаңа сабақ бекіту.
Ауызша сұрақтар:
Көшпенділер жау әскерінің жақындағаның қайдан біліп отырған?
Қару-жарақтан оқ атқанда неге дыбыс шығады?
Қамшыны кенеттен сермеп қалғанда неге дыбыс шығады?
Күндізгіге қарағанда дауыс түнде неге қаттырақ шығады?
Киіз үйдің ішінде дауыс неге қатты шықпайды?
Ұшқанда қайсысы қанатын жиірек қағады: маса ма, әлде шыбын ба?

Тәжірибелік сұрақтар:
Октаваның басындағы (до) нотасы мен октаваның соңындағы (до) нотасының айырмашылығы неде?
Домбыраның көзін қағазбен жауып тастасақ неге дыбыс қатты шықпайды?
Камертонның бір тармағына сақинаны бекітсек дыбыс қатты шықпайды. Неліктен?
Егер дыбыс көзіне (дыбыс шығарып тұрған ұялы телефон) өзіміз жақындасақ дыбыс қалай естіледі?

Үйге тапсырма:
Қорытындылау.
Бағалау
7 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×