Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Жарықтың сынуын, жарықтың сыну заңдарын түсінік беру, тұрмыста және техникада қолдану.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Ой өрісін дамыту, физика пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиешілік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтағы сұрақтар мен есептің шарттары жазылған слайд (компьютер, проектор, экран), жазық айналар, сфералық айналар, плакаттар, суы бар ыдыс, призма, оптикалық шайба, трапециялық
призма, кадаскоп слайдттары, электр шам, жетондар.
Сабақтың әдісі: ойын элементтері бар аралас сабақ.

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру. Сыныптағы оқушылар мен сәлемдесу және екі топқа бөліп отырғызу. Сабақ этаптарын түсіндіру.
Сабақ этаптары:
1.«Жарық. Жарық қасиеттері»
2.«Жарықтың сынуы»
3.«Жарықтың сыну заңдарына практикалық есептер»
4.«Қызықты жарық»
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға жетон беріледі және жинаған жетонына қарай бағаланады. Ең көп жетон жинаған оқушы «5» ал одан аз болса,«4, 3»
бағамен бағаланады.(Оқушылардың біреуі көмекші ретінде жетон таратады.)

ІІ. Ұй тапсырмасын сұрау.
«Жарық. Жарық қасиеттері»
(Әр топқа 5 сұрақтан және 2 тапсырмадан беріледі. Егер бір топ сұраққа жауап бермесе
қарсылас тобы жауап берсе болады.)

« Жазық айна»тобының сұрақтары.
1. Жарық дегеніміз не?
2. Жарықтың түзу сызықты таралуын дәлелдейтін құбылыс?
3. Жазық айна дегеніміз не?
4. Сәуленің түзу бұрышы 35° түскен шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш неге тең?
5. Күнгірт немесе жылтыр қағаздың қайсысынан фотосурет жақсы көрінеді, неге?

«Сфералық айна» тобының сұрақтары.
1. Қандай жарық көздерінің түрлерін білесіз?
2. Жарықтың таралу жылдамдығы неге тең?
3. Сфералық айна дегеніміз не?
4. Айна мен оның бетіне түскен сәуленің арасындағы бұрыш 20° сәуленің шағылу бұрышы неге тең?
5. Ылғал денелердің түсі неліктен құрғақ заттарға қарағанда анағұрлым анық қаныққан түрде көрінеді.

Практикалық тапсырмалар.
Тақтада жазылады.
«Жазық айна» тобы.
1. Бір - бірімен тік бұрыш жасап орналасқан екі айнаның біріне сәуле келіп түсті.
Сәулелердің арғы жолын сызыңдар.
2. Сфералық айнадағы кескінді салу.

«Сфералық айна» тобы.
1. Суретте көпбұрыштың MN жазық айналадағы бейнесін салыңдар.
2. Сфераның айнадағы кескінді салу.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Жарықтың сынуы»
Біртекті мөлдір ортада жарықтың түзу сызықты таралатыны сендерге белгілі! Нәрселердің өздеріне түскен жарықты шағылдыру, сындыру және жұту ерекшеліктері әр түрлі болғандықтан, біз оларды көреміз. Мөлдір денелерді біздер жартылай шағылған, жартылай олардан өткен жарық арқылы көреміз.

Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы (γ) деп атайды.
Сызбаны салып, белгілеулер енгіземіз MN - су мен ауа арасындағы шекара; AO - шекараға түскен жарық сәулесі; CD – ауа мен судың шекарасын бөлетін O нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр; OB – сынған сәуле;
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 147
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда сайыс сабағының алатын орны
Оқушыларға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар, оқуға, үйренуге деген ықыласын арттыру әр ұстаздың басты міндеті. Сабақ барысында шәкірттердің білімге деген құштарлығын арттыру
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Жарық толқындары
Жарық толқындары
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің математика және физика пәні мұғалімі Сатбергенова Сара Батырбекқызы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінінің физика пәнінің оқытушысы Куздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×