Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрақты магнит

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магнит
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың электр құбылыстары жөнінде алған білімдерін тексеру. Білімдерін жинақтап, пысықтау.
2. Электр жөнінде алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
3. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері. Компьютер, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1: Ұйымдастыру
Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын тудыру. Топқа бөлу. Тізбек түрлері бойынша топ құру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы не екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.

а/ Жұмбақ шешу.
Пайдаланады жұрт оны отын және жарыққа,
Қызмет етеді әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)

Онда біздің үй тапсырмамыз Электр құбылыстары және әр түрлі ортадағы электр тогы болатын. Ондай болса әртүрлі ортадағы электр тогы тарауын қайталайық.
ә/ Фиш - боун әдісі /Балықтың сүйегі/ әдісінде әр түрлі ортадағы электр тогы тарауын қайталау
б/Тест.
1. Еркін электрондардың реттелген қозғалысы металдардағы электр тогы деп аталады.
а/ ия б/ жоқ
2. Электролиттердегі электр тогы дегеніміз молекулалардың реттелген қозғалысы
а/ия б/жоқ
3. Газдардағы электр тогы дегеніміз электрондар мен иондардың реттелген қозғалысы.
а/ ия б/жоқ
4. Ваккумдегі электр тогы термоэлектрондық эмиссия құбылысына негізделмеген
а/ия б/ жоқ
5. Шалаөткізгіштегі электр тогы дегеніміз кемтіктер мен электрондардың. қарама қарсы реттелген қозғалысы.
а/ия б/ жоқ
в/ Тарихқа шолу.

1/ 1785 жылы зарядталған денелердің өзара әрекет заңын ашқан француз физигі. Оның құрметіне электр зарядының бірлігі аталған. /Кулон/
2/ 1827жылы тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан неміс физигі. /Ом/
3/ 1830 жылы алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген, магнетизм табиғаты туралы болжамды ұсынған француз физигі. Оның атымен ток күшінің бірлігі аталады. /Ампер/
4/ 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердің отбасында дүниеге келген. «Электр өрісі» ұғымын енгізген. 1833 жылы электролиз заңын ашты (Фарадей).

г/. Есеп шығару. Физикалық жолмен, Блок схема түрінде. Турбо Паскаль тілінде. Үш топ үш тәсілмен есепті шешеді.
Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0, 5 А - ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?

д/ Сөзжұмбақ
1. Қуаттың өлшем бірлігі?( Ватт)
2. Заряд орын ауыстырғанда пайда болады?( Жұмыс)
3. Ток күшінің өсуіне бөгет жасайтын шама?( Кедергі)
4. Бөлшектің ішкі қасиетін сипаттайтын шама?( Заряд)
5. Электр жұмысының зарядқа қатынасы ( қуат)
6. Өткізгіш бойымен зарядтардың бағытталған қозғалысы? ( Электр тогы)
7. Тоқ көзінің кедергісі аз өткізгішпен тұйықталуы қандай тұйқталу /қысқа/
8. Кедергінің өлшем бірлігі /Ом/
9. Металдар мен диэлектриктердің қасиетінен өзгеше электрлік қасиеті бар зат /шала өткізгіш/
10. Иондар мен электорндардың реттелген қозғалысы қандай ортадағы электр тогы /газ/
11. Өрістің энергетикалық сипаттамасы /кернеу/
12. Электронынан айрылған атом /ион/
13. Электролит арқылы ток өткенде электродта зат бөліну процесі /электролиз/
Тік тор көзде «Тұрақты магнит» сөзі шығады.

Жаңа сабақ
Тұрақты магниттер.
1/ Топты ауыстыру. Түрлі – түсті стикер бойынша.
2/ Әр топ оқушылары §52 оқиды. Оқып болған соң топтар бір – біріне сұрақтар туындатады.
3/ Мұғалім слайд бойынша толықтырып түсіндіреді.
4/ мұғалім тәжірибе көрсетеді.

Бекіту
Мәтіндік тест
Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер...................................... деп аталады.
Мұндай заттарға табиғи магниттік....................................... жатады. Ең көп магниттік тартылу күші.......................................................... деп аталатын магниттің ұштарында болады. Магниттік қасиеттері бойынша бір - бірінен ұқсамайтын............................ және....................................... полюстері болады. S -……………………. N -………………. деп аталады. Тілшенің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзі........................................ осі деп аталады. Тұрақты магниттің айналасында.......................... өрісі болады. Оның күш сызықтары тұйықталған. Магнит сызықтары магниттің........................................... полюсінен шығып................................... полюсіне енеді.

Үй тапсырмасы §53 оқу. Постер әзірлеу
Бағалау
4 674
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің
Тоқ күші. Амперметр
Тоқ күші. Амперметр
Электр тогының күші. Амперметр құрылғысын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Топта бағалай білуге баулу
Тұрақты электр тогы
Тұрақты электр тогы
тұрақты электр тогы» тарауындағы негізгі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды қайталау және бекіту. Өлшем бірліктерді, формулаларды түрлендіруге, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Вакуумдегі электр тогы
Вакуумдегі электр тогы
Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы №188 орта мектебінің физика - информатика пәні мұғалімі Таширова Жаңалық Нұрадинқызы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×