Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысым

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Шымкент қаласы,
№103 жалпы орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Бекбосынова Бахыт

7 - сынып
Ашық сабақтың тақырыбы: «Қысым»

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға жалпы қысым туралы және оның белгіленуі, өлшем бірлігі жөнінде түсінік беру;
Дамытушылығы: күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, оқушылардың қысым туралы түсінігін арттыру, түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жүйелі білім алуға, тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалану
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіну
Пән аралық байланыс: математика, информатика, қазақ тілі, еңбек, әдебиет
Пайдаланылған әдебиеттер: «Физика және Астрономия» 7 - сынып.
Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева; Есептер жинағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, таратпа материалдар, интернет мәліметтері

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин) амандасу, орындарына отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын тексеру, сынып оқушыларын топқа бөлу

II. Үй жұмысын тексеру: (10 мин) а) берілген есепті тексере отырып, сұрақ – жауап алу (слайд)
ә) Сәйкестендіру кестесі (слайд)

III. Жаңа сабақ: (20 мин) а) мұғалім сөзі, №433 есеп мысалы (слайд)
ә) «Ойлан тап» себебін түсіндіру (слайд)
б) ауызша есепте (слайд)
в) есептер шығару (оқулықтағы 15 - жаттығу №1, 2;
есептер жинағы №432, 434, 435, 436, 437; әр топтан
бір оқушыдан шығып тақтаға жазады) (слайд)
IV. Сергіту сәті (3 мин) «Жаңбыр туралы» (видеоролик)
V. Қорытынды: (6 мин) Деңгейлік жарыс «Кім бірінші?»
(әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырмаларға жауап береді:
I. деңгей карточка - ситуациялық сұрақтар
II. деңгей карточка - сұрақ – жауаптар
III. деңгей тесттік жұмыс)
Үйге тапсырма (2 мин) (слайд)
Бағалау (2 мин) (слайд)

I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, орындарына отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын
тексеру, сынып оқушыларын топқа бөлу
II. Үй жұмысын тексеру:
Теориялық және практикалық білімдерін, есеп шығаруларын тексеру
ҮЙ ЖҰМЫСЫН ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қандай күшті үйкеліс күші деп атаймыз?
2. Үйкеліс не себептен пайда болады?
3. Сендер үйкелістің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Үйкелісті қалай азайтуға болады?
5. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?
6. Үйкеліс күші дегеніміз не?
7. Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі?
8. Неге тірі балықты қолда ұстап тұру қиын?
9. Үйкелістің пайдасымен зияны қандай?
Есеп: Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әсерінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
Өткен тақырыпты қайталау.
Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңдер:
ҮЙКЕЛІС КОЭФФИЦИЕНТІ -------- t -------------- м
ЕРКІН ТҮСУ ҮДЕУІ ------------------- ϑ ------------- кг/м^3
ЖЫЛДАМДЫҚ -------------------------- F
ДЕНЕ КӨЛЕМІ -------------------------- g -------------- Н
ТЫҒЫЗДЫҚ ----------------------------- V -------------- Н/кг
МАССА ----------------------------------- ρ -------------- м^3
УАҚЫТ ------------------------------------ S -------------- м/с
ЖОЛ --------------------------------------- m -------------- кг
КҮШ --------------------------------------- μ -------------- с
III. Жаңа сабақ: Жаңа сабақты түсіну үшін «Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары» әдісін қолданғалы отырмын. Бұл әдіс арқылы жаңа сабақты түсініп, талдау жасап, есеп шығару барысында формула қолдану, түрлендіру, қорытынды жасай аламыз.

а) Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қысым».
Олай болса сабағымызды мынадай өлең шумағынан бастайық.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ерте таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда. А. Құнанбаев

Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсыз ғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.

Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз.
Мысалы: бір денені өткір пышаққа қарағанда, өтпейтін пышақпен кесу қиын, сол себепті құралдардың жүзінің ауданын кішірейтіп, мұқият қайрауға тырысамыз. Матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз.

Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Сондықтан, құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданын да білу қажет.

Енді оқушылар мынадай тәжірибелік суретті қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз слайдқа аударайық. Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?

Келесі слайдқа назар аударып қараймыз, сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, себебі ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Себебі шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен. Сондықтан ол шаңғымен тұрғанда қар бетінің әрбір шаршы сантиметр ауданын шаңғысыз тұрғандағыдан гөрі жиырма еседей аз күшпен басады.

Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қатынас ыдыста. Су құбыры
Қатынас ыдыста. Су құбыры
Тұрмыстан, өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну. Мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
Қысым қызықтары
Қысым қызықтары
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі Ерланова Шынар Алтынбековна
Қысым тарауына есептер шығару
Қысым тарауына есептер шығару
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1Зеренді орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Шарипбаева Айнұр Амангелдіқызы
Қысым
Қысым
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Қосөткел негізгі мектебінің физика пәні мұғалімі Ұзақбаева Жақсыгүл Бекбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×