Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.

24 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша радиобайланыс толқындармен танысамыз.
1. Аспан сферасы дегеніміз не?
2. Аспан сферасының қандай үлкен дөңгелектерін, нүктелері мен сызықтарын білесіңдер?
3. Аспан сферасының негізгі жазықтықтарын атаңдар?
4. Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?
5. Шоқжұлдыз дегеніміз не?
6. Аспанда қанша шоқ жұлдыз бар?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық ендікті анықтау
Дүние полюсінің горизонттан биіктігі. Дүние полюсінің горизонттан биіктігі һр=ÐРСN, ал бақылаушы тұрған орынның географиялық ендігінің =ÐСОR екенін көреміз. Бұл екі бұрыш (ÐРСN және ÐСОR) өзара тең, өйткені олардың қабырғалары өзара перпендикуляр: [ОС] [СМ], [ОК] [СР]. Осы бұрыштардың теңдігі орынның географиялық ендігін оңай тәсілмен анықтауға мүмкіндік береді дүние полюсінің горизонттан бұрыштық қашықтығы орынның географиялық ендігіне тең. Бір орынның географиялық ендігін анықтау үшін дүние полюсінің горизонттан биіктігін өлшесе болғаны өйткені:

Шырақтардың әр түрлі ендіктердегі тәуліктік қозғалысы. Бақылау орнының географиялық ендігі өзгеруіне байланысты аспан сферасының айналу осьінің горизонтқа қатысты бағдарының өзгеретіндігін біз енді білеміз. Аспандағы шарықтардың жердің Солтүстік полюс, экватор және орта ендіктеріндегі аудандарында көрінетін қозғалысы қандай болатындығын қарастырайық.

Жер полюсінде дүние полюсі зенитте тұрады да, жұлдыздар горизонтқа параллель дөңгелектер бойымен қозғалады(1, а-сурет). Бұл жерде жұлдыздар тумайды да, батпайды да, олардың горизонттан биіктігі өзгеріссіз қалады.
Орта ендіктерде бататын да, туатын да және горизонттан төмен түспейтін де жұлдыздар болады (1, б-сурет). Мысалы, полюс маңындағы шоқжұлдыздар (1, б-сурет) КСРОның географиялық ендіктерінде ешқашан батпайды. Дүниенің солтүстік полюсінен жырақта орналасқан шоқжұлдыздар горизонт үстінен азғана уақыт көрінеді. Ал одан гөрі оңтүстікке бейімдеуі тумайтын шоқжұлдыздар.

Бірақ бақылаушы оңтүстікке қарай бет алып жүрген сайын, соғұрлым ол оңтүстіктегі шоқжұлдыздарды көбірек көре алады. Жер экваторында бір тәулік ішінде бүкіл аспандағы шоқжұлдыздарды көруге болар еді, бірақ оған күндіз Күн бөгет жасайды.
Экватордағы бақылаушы үшін барлық жұлдыздар горизонт жазықтығына перпендикуляр тауды және батады. Мұнда әрбір жұлдыз горизонт үстінде өз жолының дәл жартысын өтеді. Ол үшін дүниенің солтүстік полюсімен солтүстік нүкте, ал дүниенің оңтүстік полюсімен оңтүстік нүкте беттеседі. Дүние осі горизонт жазықтығында жатады (1, в-сурет).
Жұлдыздық карталар және аспан координаттары

Жазықтықта шоқжұлдызды кескіндейтін жұлдыздық карта жасау үшін жұлдыздардың координаты білу керек Жұлдыздардың горизонтқа қатысты координаттары, мысалы, биіктік көрнекі болғанмен карта жасау үшін жарамайды, өйткені ылғи өзгеріп отырады. Жұлдызды аспанмен қоса айналатын координаттар жүйесін пайдалану қажет. Ондай координаттар жүйесі экваторлық жүйе деп аталады.Оның бұлай аталу себебі координаттар басталып саналатын жазықтық ролін онда экватор атқарады. Бұл жүйедегі шырақтың аспан экваторынан d ауысу деп аталатын бұрыштық, қашықтығы бір координат болып табылады. Ол солтүстікке қарай он, оңтүстікке қарай теріс деп саналады және өзі 90° аралықтарында өзгереді. Ауысу географиялық ендікке ұқсас.

Екінші координат географиялық бойлыққа ұқсас және ол тік шарықтау деп аталады.
М шырақтың тік шарықтауы үлкен дөңгелектер жазықтықтарының арасындағы бұрышпен өлшенеді, оның біреуі дүниенің, полюстері және М шырақ арқылы, ал екіншісі—дүние полюстері мен экваторда жататын V жазғытұрымғы күн теңелу нүктесі арқылы өтеді. Бұл нүктенің бұлай айналу себебі, жазғытұрым 20—21 мартта күн мен түн теңелгенде Күн осы нүктеде (аспан сферасында) болады.

Тіжлнарықтауды аспан экваторы доғасының бойымен, солтүстік полюстен қарағандағы, сағат тілінің бағытына қарама қарсы жазғытұрымғы күн теңелу нүктесінен бастап санайды. Ол 0-ден 360-қа дейін өзгереді және оның тік шарықтау деп аталу себебі — аспан экваторында орналасқан жұлдыздар өздерінің тік шарықтауының өсуі қалпымен (ретімен) туады (батады). Бұл құбылыс Жердің айналуымен байланысты болғандықтан, тік шарықтауды градустармен емес, уақыт бірліктерімен өрнектеу қабылданған. 24 сағатта Жер бір айналым жасайды (бізге жұлдыздар айналған тәрізді болып көрінеді). Демек, 360°—24 сағатқа, онда 15°—1 сағ, Г—4 мин, 15'—1 мин, 15—1°-қа сәйкес келеді. Мәселен, 90°—6 сағатқа, ал 7 сағ 18 мин— 109°30' тен. Жұлдыздық карталардың координаттық торында, атластарда және глобустарда, соның ішінде оқулыққа қосымша «Мектеп астрономиялық календарында» тік шарықтау уақыт бірліктерімен белгіленеді.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§41,42 дайындық сұрақтарын талдау.
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
151 бет тапсырма (1,2,3), 32-жаттығу 1,2, 155 бет тапсырма 1
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §41,42 дайындық сұрақтары.32-жаттығу (3,4)
17 559
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы. Линзадағы сәуле жолдары. Линзада кескін алу. Оптикалық аспаптар
Линзаның үлкейтуі. Линза шығаратын кескіннің шамасы әдетте нәрсенің өлшемінен басқаша болады. Бұл үлкейту деген шамамен сипатталады. Сызықтық үлкейту деп кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшеміне қатынасын айтады.
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Култе Якудаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.