Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электромагниттік индукция. Генераторлар

02 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№ 11 жалпы білім беру орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Багтыбаева Жанна

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция. Генераторлар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: оқушыларға электромагниттік индукция құбылысымен, генераторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Тақырыпты таңдауға, салыстыра отырып дамытуға жаттығу.
3. Тәрбиелік мақсаты: Білгенін, үйренгенін, көргенін сауатты және ғылыми негізде баяндай білуге жаттығу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, СТО элементтері, қайталау.
Сабақтың көрнекіліктері: АКТ, плакаттар, кітап.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (3 - минут)
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. (10 - минут)
1 - тапсырма. Сұрақ - жауап әдісі арқылы.
1. Сол қол ережесі дегеніміз не?
2. Электр қозғалтқыш не үшін пайдаланылады?
3. Электр өлшеуіш аспаптардың қандай түрлері бар?
4. Магнетиктер дегеніміз не?
5. Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар қалай аталады?
6. Ферромагниттік емес заттар нешеге бөлінеді?
7. Парамагнетиктерге жататындар?
8. Диамагнетиктерге жататындар?

2 - тапсырма. «Ортадағы қаламсап» ойыны өтілген формулаларға байланысты білімдерін тексеру.
1. Электр тогы жұмысының формуласы?
2. Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектегі жалпы ток күші неге тең?
3. Тізбек бөлігі үшін арналған Ом заңының формуласы?
4. Джоуль - Ленц заңының формуласы?
5. Электр тогы қуатының формуласы?

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. (15 - минут)
Табиғатта ешқашан бір жақты құбылыстар мен процестер болмайтынын, біз бірнеше рет байқадық. Егер электр тогы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та болуы керек. Сондықтан: “Магнит өрісі электр тогын тудыра ала ма?” – деген орынды сұрақ туады? Токтардың магниттік әсерлесуі, электр тогының магнит өрісін тудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процес – магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді. Осы құбылысты 1831 жылы Майкл Фарадей алғашқы болып ашты. Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде, катушкада ток пайда болатынын анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады (“индукция” – латын тілінде, “бағыттау” дегенді білдіреді). Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды. Тәжірибелер катушкадағы индукциялық токты әр түрлі әдістермен тудыруға болатынын көрсетті: катушкаға магнитті кіргізуге немесе одан шығаруға болады, катушканы магнитке кигізуге немесе магниттен суырып алуға болады. Индукциялық токтың ешқандай механикалық қозғалыс болмағанда да туындауы мүмкін. Ол үшін жақын тұрған екі катушканың біреуін ток көзімен қосу керек. Егер бірінші катушкадағы токтың магнит өрісі екінші катушканың орамдарын олардың жазықтарына перпендикулярлы өтетін болса, онда кез келген бірінші катушкадағы ток өзгерісі екінші катушкада индукциялық ток тудырады.

Электромагниттік индукция құбылысы жылу және гидроэлектр стансаларында электр энергиясын алу үшін қолданылады.
Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар – генераторлар деп аталады.
Генераторлардың бөліктері: 1) индуктор – магнит өрісін тудыратын магнит немесе электромагнит; 2) якорь – магнит өрісі өзгергенде, индукциялық ток пайда болатын орама; 3) контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар. Олар арқылы генератордың айналатын бөлігінен ток алынады немесе оған ток келтіріледі. Генетатордың айналатын бөлігін – ротор, ал қозғалмайтын бөлігін – статор деп аталады.

IV. Қайталау есептері. «Сиқырлы ұяшық» (10 - минут)

1. Кедергісі 1 Ом өткізгіштен 15 сек уақытта 45 Кл заряд өтетін болса, онда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің мәні?
2. Жылу машинасы бір циклде 400 Дж жылу шығарып 600 Дж жұмыс істейді. Жылу машинасының ПӘК - і неге тең?
3. Ұзындығы 4 м, ауданы 0, 4мм2 болат сымның кедергісін тап?
4. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120 В, 2 минут ішінде осы өткізгіште өндірілген токтың жұмысы?
5. Потенциалдар айырмасы 2 кВ нүктелер арасында орнын ауыстырғанда, электр өрісі 50 мкДж жұмыс атқарса, зарядтың шамасы?
6. Идеал газға 15 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 10 кДж - ға артты. Газдың атқарған жұмысы?

V. Сабақты бекіту: «Дискуссиялық карта» арқылы (5 - минут)
1. 1831 жылы Фарадей магнит өрісін өзгерткенде, электр тогының пайда болу құбылысын ашты. Иә Жоқ
2. Генератордың айналатын бөлігі ротор деп аталады. Иә Жоқ
3. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина трансформатор деп аталады. Иә Жоқ
4. Электромагниттік индукция дегеніміз - контурды тесіп өтетін магнит өрісі өзгерген кезде контурда электр тогының пайда болу құбылысы. Иә Жоқ
5. Генератордың қозғалмайтын бөлігі статор деп аталады. Иә Жоқ
6. Генератор 2 бөліктен тұрады. Иә Жоқ

VI. Үй тапсырмасын беру:
VII. Бағалау. (1 - минут)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 166
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электромагниттік индукция құбылысы
Электромагниттік индукция құбылысы
Физиканың ең негізгі қағидаларының бірі электромагниттік индукция заңының тұжырымдамасын игеріп, білім - білік дағдысын дамыту шараларын ұйымдастыру.
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі
Оқушылар электромагниттік индукция құбылысын зерттейді. Генераторлар және трансформаторлар мен танысады. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі жайлы мәлімет алады;
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар
Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар
Ақтөбе қаласы, № 8 орта мектептің математика және физика пәнінің мұғалімі Айтпағанбетова Гүлдана Бақтығұлқызы
Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәні оқытушысы Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Физика жылдық тест тапсырмасы 11 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 11 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО - ның физика пәнінің мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×