Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану

08 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Шымкент қаласы,
№103 жалпы орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Бекбосынова Бахыт Нурмахановна

Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану.

Физика пәнін оқытуда инновациялық технология - білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Үлкен іске үн қосу әрбір азаматтың басты міндеті және парызы болып табылады. Сондықтан да жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.
Мақсаты: Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың білім және біліктілік деңгейін қалыптастыру, білім сапасын арттыру.
Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан – жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Ол үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеру керек.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: оқушыны ізгілік тұрғысынан қорғау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту,
оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту,
әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу, оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Білім беру технологияларының озық әдістерінің бірі болып табылатын, кәсіптік білім беруге жақсы әсерін тигізетіні – ойын әдісі. Білім беру жүйесінде инновациялы технологияның түрі болып табылатын әрекетті технологиялары қолданылуда. Осындай технологиялардың басты мақсаты – «Іскерлік ойын» әдісі.

Ойын әдісі оқушының материалды ұғынудың барлық амалдарын, қабылдаудың барлық түрлерін қолдана отырып, қанағаттандырады. Модульдік классификация бойынша ойын бағдарламасы дайындалады. Материалды меңгеру үшін әр бөлімге оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Сол оқушылар берілген материал бойынша дайындық жүргізеді де оны жүзеге асырады. Олардың басты мақсаты - оқу материалын тереңдей өз бетімен талдауға көмектесетін ақпаратты берудегі және басқа да құралдарын барынша пайдалану. Ойын дайындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қоса қосымша бейстандартты ойлау мүмкіндігіне ие болады. Топтар арасындағы бәсекелестік ойын әдісінің тиімділігін арттырады. Ойын әр модульге ерекше, айрықша болады.

Оқушыларды оқытудағы инновациялы ойын әдісі мынадай шарттарды қамтиды:
- Оқушылардың оқу материалын есте сақтау шарттары,
- Маңыздылық, қызықтылық, өзіндік маңыздылық,
- Материалды бірнеше рет қайталау,
- Материалды жинақтау және тарату,
- Материалды ұйымдастыру, жүйелілік, бейнелілік,
- Материалды реконструкциялау және қайта талдау,
- Материалдың түсінуге оңайлылығы, есте сақтауға икемдеу,
- Қабылдау түрлері: көріп қабылдау, жазбаша қабылдау, естіп қабылдау. Топта жұмыс жасағанда оқушылар өз бетімен оқумен айналысады. Әсіресе «білімпаз» оқушы «әлсіздеу» оқушыға өз білімін беру, оқу материалын меңгерудегі қызығушылығын және талпынысын ашу. Модуль бойынша ойын нәтижесін қорытындылай келе, топ ең белсенді және білімді жеңімпаз оқушыны тағайындайды. Барлық модульдер бойынша ойын нәтижесін қорытындылағанда топ ұйымдастырушыларынан ең үздік және ойынды ең жақсы, ең тиімді, ең қызықты жасаған топ тағайындалады.

Ойындық әдісті қолдану оқу материалын қабылдау деңгейін бірнеше есе көтереді және келесідей қиындықтарды шешеді:
- оқушының арнайы пәндерді меңгерудегі өзіндік қызығушылығын және уәжін арттыру,
- оқу материалының зерттеуінің сапасын көтеру,
- оқушының өзіндік жұмысы секторын кеңейту,
- пәнді танымдық зерттеу,

- оқушының өзіндік және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру.
Ойын әдісін қолданғанда А. Байтұрсыновтың «... баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойын мен үйретудің айырмашылығы балаға сезілместей етіп үйрету керек» деген қағидасын үнемі басшылыққа алып отырамын. Физика пәнінде пайдаланатын формулаларды үнемі қайталап отыру үшін ойын жұмыстарын жасатамын. Инновациялық ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге физика сабақтарындағы оқу үрдісін өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Оқушылардың тәжірибелік жұмыстарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интербелсенді тақтаның маңызы зор. Сынып оқушылары арасынан шығармашылық топ құрып үй тапсырмасы ретінде тәжірибелік және практикалық жұмыстарында интербелсенді тақтаның түсіндірушілік маңызы зор.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×