Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлшем бірліктер

21 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
«Шебер сынып» сабағы
Тақырыбы: «Өлшем бірліктер»
Сәлеметсіздер ме? Әріптестер!
Бізде барлық жоғы 5 мин - ол 300с.
Осы 5 минут ішіне не сияды, оны біз сіздермен 2 топқа бөлініп отырып әр топқа 3 адамнан болса жетіп жатыр, мына жерлерге отыруларыңызды сұраймын. Сіздер менің эксперттік тобым боласыздар.
Шынымен де осы 5 мин ішіне не сиюы мүмкін:
Біздің әрқайсысымыздың өкпеміз өзінен 100 л ауа шығара алады.
Көзіміздің қағуы, кірпіктің қағу қосындысы 100с - ке созылады.
Барлығымыздың қан қысымыз өзгеріссіз - 120 - 80мм сынап бағанын көрсетеді.
Қан тамырымыздағы қанның қозғалыс жылдамдығы 50см/сек.
Сіздер қабылдайтын дыбыс жиілігінің орташа мәні - 210 Гц, ал әркімнің температурасы 36, 6 С0 өзгеріссіз.
Өздеріңіздің физика әлеміне кіріп кеткендеріңізді сезіп отырсыздар ма? Міне мұның бәрі өлшенеді және есептелінеді.
Атақты физик Нильс - Бор «Еш нәрсені өлшемей, оның бар екенін білу мүмкін емес» - деген екен.
Ендеше мына тақтаға назар аударайықшы, мына сөздерде не жетіспей тұр.
Ауа көлемі - 160
Кірпік қағу уақыты - 100
Қан қысымы - 120 - 80
Қан қозғалысының жылдамдығы - 50
Дыбыс жиілігі - 210
Температура - 36. 6
Өлшемдері, өлшем бірліктер жетіспейді.
Әрине, ендеше сол өлшем бірліктерді орнына қоя қоялық.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Өлшем бірліктер»
Ал мына сөздер: жыл, апта, күн, сағат, минут, секунд – уақыт өлшем бірлігі.
Ендеше осы сөздерден табиғат құбылыстарына сәйкес өлшем бірліктерді табыңыздар.
Барлығы да табиғатпен байланысты.
Мыс: күн, жел жылдамдығы, жердің күнді толық бір айналуы, жердің өз өсінен айналуы, апта - 7 күн. Күн - 24 сағ
1 сағ - 60 мин, 1 мин - 60с - деп бөлген ежелгі вавилондықтар болатын және ол ешқандай да бір табиғаттағы физикалық құбылысқа қатысы жоқ еді, ол, ол ма шеңберде - 360С, себебі 1 жылда - 360 күн болуы мүмкін деген гипотезадан шеңберді - 1 жыл360 бөлікке бөлінген келісім бойынша оны ғасырлар бойы қолданып келеміз шындап келгенде табиғи құрылымы жоққа тән.
Ия көптеген өлшем бірліктер табиғат өзгерісімен байланысты емес, сондықтан қазір олармен әлемде өте қызықты жайттар болып жатыр.
Мыс: ақпарат көлемін бит, байтпен өлшесек, әр күнделікті оқушы бағасын 4 пен 5 - ті ҰБТ - гі ұпай санымен өлшеп жатырмыз. Ендеше бір өлшем бірліктер пайда болса, бірі жоғалып жатады. Болашақта адамдарды не күтіп тұр, ХХІ ғасыр баласы нені өлшейді және қандай өлшем бірліктермен өлшейді. Ендеше біз өзгеретін шамаларға дайын болуымыз керек, және жаңа өлшем бірліктерге тез үйренуіміз керек.
Эксперттік топқа сұрағым бар: 1. Уақытты ( кг) өлшеуге бола ма?
Болмайды, болады, өз пікірлеріңді айтсаңыздар.
Ия мысалы құм сағатты таразының үстіне қоялық, құмның ағуына байланысты таразы тілі өзгереді, ендеше осы өзгеру шамасын кг орнына уақыттың өзгеру шамасымен градуирлесек уақыт шығар еді ғой.
2. Дүкенге бара жатып, дүкенге дейін қанша қалды деп сұраса не деп жауап беруге болады? Жауап: 2м, 15 мин, 5 - ақ қадам қалды, үй санымен мыс: мына үйдің артында, кварталмен өлшеуге болады.
Әрине бұл сұрақтардың барлығында да негізгі физикалық өлшем бірліктерді қолданып жатырмыз.
Ал өмірде әрдайым басқа да қандай да бір затты өлшегіңіз келе ме?
Мыс: тәрбие деңгейін, мұғалім шеберлігін, рух күшін, ой - сана еңбегін, өнер энергиясының өлшемі не? Оларды өлшейтін құралдар бар ма? Бұл өлшемдердің әрқайсысының өз өлшем бірліктері болуы мүмкін ғой.
Эксперттік топқа тапсырма:
Мынадай 2 сөзге өлшем бірліктер ойлап жазып көрелік 2 плакатқа топ жұмысы
Шабыт – қанат қағумен, өнер шыңының биіктігімен, қанат қағу ені, бақыт санымен т. с. с
Таңдану ( таң қалу)- көз бажыраюы, кірпік қағу жиілігі, т. с. с
Ал көрермендерге: Көңіл күй өлшем бірлігі:- күлкі саны, күлкі ені ( см), күлкі дыбысы (дб), көз жанары ( жанып тұруы) ( фотометрия), өлең жырлармен, киім кию үлгісі,(метр) студент зачетымен, мақтау есту, мадақтау.
Рахмет: Сабақ - тілдесу ( сөйлесу) өнері.
Физика - ғылымдардың ғылымы
Өлшем бірлік - қиналмай өлшеу өнері - деп сабағымызды аяқтаймын.
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой.
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр, Бәрінің бағынары физика - ғой.
4 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Жылдамдық. Жылдамдықтың өлшем бірліктері
Жылдамдық. Жылдамдықтың өлшем бірліктері
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру ұжымшылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Физикадан бақылау жұмысы
Физикадан бақылау жұмысы
Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру
Ертегілердегі өлшем бірліктер
Ертегілердегі өлшем бірліктер
Қазақы өлшемдер жайлы іздену, мағлұматтар жинау және қазақ ертегілерінде кездескен қазақы өлшемдерді табу
Физикадан тест тапсырмалары 7 - 11 сынып
Физикадан тест тапсырмалары 7 - 11 сынып
Физикадан тест тапсырмалары 7 - 11 сыныптар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×