Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды аспан (факультатив сабақ)

14 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Шығыс Қазақстан облысы,
Аққайнар ауылы, Катонқарағай ауданы,
«Чернова орта мектебі» КММ - сі
физика пәні мұғалімі
Жельменова Гульнар Нуркасовна

Тақырып; Жұлдыздар бойынша бағдарлану
Мақсаты; 1. Білімділік: Оқушыларға жұлдыздар бойынша бағдарланудың кейбір
тәсілдерін игерту
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділіктерін, ойлау қабілеттерін дамыту, жұлдызды аспан туралы білімдерін кеңейту
3. Тәрбиелік: Оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, білімге құштарлықтарын тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру

2. Өткенді пысықтау:
- Жердің қандай қозғалыстарын білесіңдер?
- «Жұлдызды аспанның» жыл бойы түрі қалай өзгереді?
- Берілген уақыт мезетінде көрінетін шоқжұлдыздарды күні бұрын қалай анықтайды?
- Өздерің жұлдызды аспанды бақылауды неден бастар едіңдер?
- «Кассиопея» шоқжұлдызын аспанның қай бөлігінен көруге болады?
- Көкжиекпен бағдарлану үшін қай жұлдызды таңдар едіңдер?

3. Жаңа сабақ:
- Неге бағдарлануға Темірқазықты таңдап отырсыңдар?
- Егер Темірқазық жұлдызын бұлт торлап тұрса, не істер едіңдер?
- Иә, оның маңындағы басқа жарық жұлдызды не шоқжұлдызды білу керек. Бұл бағдарланудың бір тәсілі.
- Бағдарлану үшін тағы қандай шоқжұлдызды алуға болады? Әрине, «Жетіқарақшы» шоқжұлдызының шөмішінің сабы арқылы бағдарлануға болады. Шөміш сабы көктемде түн ортасында шығысқа бағытталса, жазда – оңтүстікке, күзде — батысқа, қыста — солтүстікке бағытталады.

4. Үшінші бір тәсіл «Сиыршы» шоқжұлдызы түн ортасында оңтүстік нүктесінің үстінен — мамырда, «Аққу»мен «Бүркіт» шоқжұлдыздары — шілдеде,
«Пегас»шаршысы — қыркүйекте көрінеді

5. Жұлдыздар бойынша бағдарлану үшін тек осы аталған жұлдыздар жеткілікті ме?
- Әрине, сендер өздерің жұлдыз картасының көмегімен жарық жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың көрінерлік орналасуын, уақытын жазып жүрсеңдер, олар арқылы да бағдарлануға болады.

6. Енді түнгі уақытты «жұлдыздық сағат» бойынша қалай анықтауға болатынына тоқталайық;
а) «Жұлдыздық сағат» моделі бойынша түсіндіру
б) Уақытты анықтау алгоритмі;
1. Жыл басынан бастап айдың датасын ондық үлестермен есептеу керек
Әрбір үшінші күн=0. 1 ай үлесі Мысалы; 3қазан=10. 1
2. Осы санды жұлдыздық сағаттың көрсетуіне қосу
3. Қосындыны 2 - ге көбейту
4. Шыққан көбейтіндіні 55, 3 - тен алу керек
5. Формуласы; Х=55, 3 -[(Д+жұлдыздық сағат көрсетуі )*2]

*Бекіту
1. Есеп; 18 - қазанда жұлдыздық сағат стрелкасы 6 цифрын көрсетті, бұл қай сағатқа сәйкес келеді?
Шешуі; Қазан — 10 - шы ай
18=0, 6
Формуласы бойынша 1.(10, 6+6)*2=32, 2
2. 55, 3 - 32, 2=22, 1
Яғни 22, 1сағат=10сағат 6минутта бақылау жүргізілді.
*Үйге тапсырма «Кестені толтырыңдар»
Күзгі аспанның жарық жұлдыздары мен шоқжұлдыздарын бақылау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 246
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Аспан әлемінің құпиялары
Аспан әлемінің құпиялары
Түнгі аспанға көз салсаң, жұлдыздардың өрнектер, түрлі пішіндер құратынын көресің. Мұндай белгілі бір суретті құрайтын жұлдыздар тобын Шоқжұлдыздар деп атайды.
Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы, «Чернова орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна
Мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс
Мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс
Шығыс Қазақстан облысы, Аққайнар ауылы, Катонқарағай ауданы, «Чернова орта мектебі» КММ - сі физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы.
Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×