Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар

19 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің
физика пәні мұғалімі Шолпан Мақсымбаева Жаңбырханқызы

Сабақтың тақырыбы: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік міндеті: Айда және Күн жүйесінің басқа да планеталардағы термодинамикалық жағдайлар
туралы түсінік беру (Заттың құрлысы туралы жылу құбылыстарының механизмі туралы біліміміз негізінде).
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың ой - өрісін жетілдіріп, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Ғылыми - көрегенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әр - түрлі суреттер, интерактивті тақтадан слайдтар көрсету

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жердің параметрлерін сұрау.
mж = 6*1024 кг; R= 6378 км; g= 9, 8 Н/кг; υ2 = 11, 2 км/с; ρ = 5, 5 г/см3
υ1 = 7, 9 км/с; 1 тәулікте = 24 сағ; S = 5, 1 * 108 км2

1. Айға жалпы сипаттама беру.(слайдтар арқылы түсіндіру)
Айдың үстіңгі беті қатты шар тәрізді суық дене болып табылады.
1. Ай - Жердің табиғи серігі.
mа = 1/81 * mж =0, 0123mж; R = 1738 км; g= 1, 63 Н/ кг; ρ= 3, 35 г/см3 (Жердің 0, 6 тығ/ы)
Fаа < Fаж Соның нәтижесінде газ молекулаларына Fа - ін жеңіп, ғарыш кеңістігіне ұшып кету жердегіге қарағанда әлдеқайда жеңіл. Сондықтан Айда атмосфера да тығыз атмосферасыз сұйық күйде бола алмайтын суда жоқ.

2. Ай бетіндегі физикалық жағдай.
Ай жерге әрқашан бір жарты шарымен қарайды.
А) Айдың күн тәуліктері 29, 53 жерлік тәулікке созылады. (Күн мен түн Жердегі екі аптаға (14, 8 жерлік тәулікке) тең. Айдағы бір тәулік бір айға жуық.
Б) Ұзақ ай күнінде t= 13°С дейін қызады. Мұндай температурада жеңіл газ молекулаларының жылдамдығы 2, 4 км/с артады және олар Айды тастап ұшып кетеді. Түнде ай бетінің t = - 160°С немесе t= - 170°С дейін төмендейді
Ай әзірге адам аяғы басқан жалғыз ғарыштық дене. Ең бірінші айға барғанндар кімдер? (1969ж Н. Армстронг, Э. Олдрии)
Жерден өзіміз білетіндей Айдың бір ғана жарты шары көрінеді. (1 - сурет)

3. Ай рельефі.
А) Ай топырағының химиялық құрамы жер жыныстарына ұқсас екені дәлелденді.
Б) Ай жыныстарының жасы 3, 1 - 4 млрд жылға дейін.
Айдың жасы = Жердің жасына= 4, 6 млрд жыл.
В) Ай бетінің картасы 60 - сурет бойынша
- Күн жүйесін не құрайды? (Күн, планеталар және олардың серіктері)
- Күн жүйесінде неше планета бар және оларды ретімен ата? ( Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон).
- Күн жүйесінде қандай планеталар қозғалады? (астероидтар, кометалар, метеорлық денелер).

2. Шолпан планетасы туралы. (слайдтар арқылы түсіндіру)
- М. В. Ломоносов ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысының барысында (1761ж)
Жер мен күн арасында Шолпан планетасы бар екенін анықтап, жаңалық ашты.
- М. В. Ломоносов – Шолпан планетасында атмосфераның бар екендігін және Жер планетасымен
салыстырғанда тығыз болатындығын байқады.
- 1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан - 4», «Шолпан - 16» станциялары мен ғаламшарларды зерттеудің негізгі программалары орындалды.
- 1985 жылғы маусымның ортасында Шолпанның жанынан ұшып өткен «Вега - 1» және
«Вега - 2» ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшарларын бетіне қонатын қону блоктарын тастады.
Зерттеу нәтижесінде Шолпан атмосферасының 96%- не жуығы – СО2, 4%- азот, 0, 002%- і - О2, 0, 2%- Н2О буынан тұратыны анықталды.
- 1887 жылы Фобос, Деймос атты екі табиғи серігі ашылды.
- Ғаламшарға сипаттама:
А) mш = Жердің 0, 815 массасына тең.
R=6050 км (Жердің 0, 950 радиусында)
ρ= 5, 24 г/см3
ә) Шолпан ақшыл бұлттар қабатымен топтаса жабылған, олар тек радиотолқындар үшін ғана мөлдір. Радиолокациялық зерттеулер Шолпанның басқа барлық (Ураннан басқа) планеталарға қарама - қарсы және өзі де күнді айнала қозғалатын жаққа қарама - қарсы бағытта өзі осі боймен айналатынын ашты. Шолпанда күн тәулігі 117 Жер тәулігіне тең.
Б) Шолпан бетінің картасы.
Ғаламшар бетінің тегістігі айтарлықтай екендігі анықталды, бірақ ондада ойпаттар, жазықтар мен бірге тау шоқылары мен қыраттар, сақина таулар мен қазан - шұңқырлар, тік жарлар мен жарықтар бар.
В) Жылыжай эффектісінің мәні.

4. Марс ( Қызыл ғаламшар). (слайдтар арқылы түсіндіру)
- Халқымыз қызыл жұлдыз деп те атаған, себебі Марс топырағының түсі қызыл күрең
Болғандықтан оның бетінен көтерілген шаң тозаң қызыл түсті.
- Сипаттама: ғаламшар массасы - 0, 107 Жер массасына тең, ρ= 3, 95 г/см3 (Жердің 0, 72 тығыздығына тең) бетіндегі υ2 = 5 км/с. Марс Жерден диаметрі бойынша 2 есе кіші.
- Марста күн тәуліктері Жердегіден 39, 5 мин - қа ұзақ. Марс жылы Жердің 687 тәулігіне тең, яғни Жердікінен екі есе ұзақ. Онда жыл мезгілдерінің алмасуы болып тұрады. Себебі тәуліктік айналу осінің көлбеулігі дәл жердікіндей.
- Марстағы температура:
Жаздыгүннің өзінде температура 0°С - ға дейін сирек көтеріледі, ал түнге қарай аязға (- 70,
- 100°С шейін төмендейді).
Температураның тәуліктік өзгерісі 80 - 100°С дейін жетеді.
Полюстерінде (- 130°С) суық болады, бұл кезде СО2 – да қатады.

5. Сабақты бекіту. Сұрақтар бойынша.
6. Үйге тапсырма беру. §27. Баяндама жазу. «Айда және Күн жүйесінің басқа да планеталарындағы термодинамикалық жағдайлар».
7. Қорытынды, оқушыларды бағалау.
13 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары
Физика пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары
Физика пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспарлары
Денелердің электрленуі
Денелердің электрленуі
А) Оқушыларға денелердің электрленуі туралы жалпы мағлұматтар беру, электр сөзінің пайда болуы мен дамуы туралы түсінік беру.
Физика тест 8-9 сынып
Физика тест 8-9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Менделеев – Клайперон теңдеуі
Менделеев – Клайперон теңдеуі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Бозой орта мектебі Сафина Арайлым Куантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×