Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану білім сапасын арттыру құралы

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрәмов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
физика пәнінің оқытушысы
Бурамбаева Айнур Шамшадинқызы
«Физика пәнін оқытуда интерактивті технологияны пайдалану - білім сапасын арттыру құралы»

«Адам байлығының ең тамашасы – білім.
Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді»
Әбу – Райхан әл – Бируни

Бүгінгіні күні оқытуды ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, физиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс. Физиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Міндетіміз де осы айтқанымен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, физиканы оқыту әдістемесіне оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.

Ақпараттандырудың бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргелігінің алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:
• Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
• Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
• Ғылыми – ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстар жүргізу.
• Ақпараттық технологиялардың қағидалар:
- Жеке тұлғаның интеллектуалдық жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- Білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- Жалпы компьютерлік сауаттық.

Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. Оларға мыналар жатады.
Жаңа ақпараттық технология құралдар.
Технологиялық жетістіктердің бірі –интерактивті тақта оқушылардың оқыту бағдарламасындағы көмекші құрал. Интерактивті тақтаның маңыздылығы:
- Интерактивті тақтада жазба құралдары, маркерлер, құрал-саймандар панелі қарастырылған.
- Интернетке қосылу мүмкіндіктері бар.
- Жұмыс материалдарын, ақпаратты оқушыларға тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
- Оқушылардың зейінін аударуға болады.
- Анимациялық роликтер, коллекциялық суреттерді оқушылар назарына ұсына аламыз.
- Арнайы бағдарламалар әзірлеп, веб сайттар мен кез-келген қосымшалардан ақпарат алып, өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Интерактивті тақтаның артықшылықтары:
Оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді
Түстерді, графикаларды, дыбысты, техниканың құралдарын қолдану қызметінің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта оқу сапасын күшейтуге мүмкіндік береді және оқу есептерінің ұсыныстарын реттейді.
Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп, оқушы жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі
Жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігі.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Интерактивті тақта барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әртүрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Оқушылар визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, сонымен қатар сабақтың жаңа сырларын, туындаған мәселелерді бірігіп шешуге, талқылауға мүмкіндік алады.
Оқушылар білім алу процесінде бір уақытта оқып тыңдап тапсырмалар алады.
Мұғалім қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға барлық идеалдарды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда әртүрлі түстер интерактивті тақтада қолайлы орындалады.

Мұндай мәліметтерді физикалық, химиялық, математикалық формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық және химиялық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болды. Мұғалім араласпай – ақ, студенттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.
Сонымен қатар оқушыда интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді. Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:

1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.
2. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
3. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4.
12 760
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Баяндама. Оқытуда жаңа технологияны пайдаланудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 8 - бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп атап көрсеткен.
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×