Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрәмов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
физика пәнінің оқытушысы
Бурамбаева Айнур Шамшадинқызы

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде тағайындау.
Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Шапшаңдық гимнастикасы.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Логикалық есептер
Б) тақтамен жұмыс
В) Деңгейлік тапсырмаларды орындау
III. Қорытындылау, бағалау.
V. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.
2. шапшаңдық гимнастикасы.
4 амалға ауызша есептеуге есептер беріледі, дәл болмаса да 2-3 санға қателескен жауап та дұрыс саналады.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Ток күші дегеніміз не?
3. Кернеу дегеніміз не?
4. Кедергінің физикалық мағынасын айт.
Деңгейлік тапсырмалар.
I. деңгей.
1. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4, 5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?
2. Кернеуі 120 В, ток күші 0, 5 А электр шамының кедергісін анықтаңдар.
3. Кедергісі 0, 25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек?
II. деңгей
1. Көлденең қимасының ауданы 0, 1мм никель сымынан жасалған электр қыздырғыштың спиральіндегі кернеу 220В болғанда тоқ күші 4А. Сымның ұзындығы қандай?
2. Ұзындығы 150см және көлденең қимасының ауданы 0, 025мм болатын ток күші 250мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.
III. деңгей.
1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8, 5 Ом мыс сымның массасы қандай?
IV- деңгей.
1. Қолда бір текті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі. үлкен және неше есе үлкен.
Қорытындылау.
IV. Оқушылардың білімін бағалау.
V. Үйге тапсырма.
Қорытынды бөлімінде тест тапсырмаларын аламын.
Тест №1.
1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?
а) 50000Дж б)2500Дж с) 2000Дж
д) 500Дж е) 200Дж

2. Кедергісі 200 Ом болатын резистордың паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0, 5 Вт. Резисторға берілетін максимал кернеу қандай?
а) 100 В б) 20 В с) 10В д)5 В е) 40 В

3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
а) 12 А. б) 6 А с) 3 А д) е) 10 А

4. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда, барлық өткізгіштерде қай шама бірдей болады?
а) Ток күші б) кернеу с)U * I көбейтіндісі д) анықтамайды
е) қатынасы
5. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
А) Вольт (В) б) Ампер (А) с)Ватт (Вт) д) Джоуль (Дж) е) Ом
6. Ток күшінің жұмысының формуласын көрсетіңіз?
а) б) c) көбейтіндісі д) e)

7. Электр тогы дегеніміз не?
а) Электр зарядының тәртіпсіз қозғалысы
б) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы
с) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы
д) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы

8. Джоуль-Ленц заңының формуласын көрсетіңіз?
а)Q=I2*R б) c) д) e)
9. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2В, ток күші 0, 5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?
а)0, 5А б)1 Ом с)2 Ом д)4 Ом е)1, 5Ом

10. Ток күші дегеніміз не?
а) б) c) д) e)
11. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?
а) ток күші с)кедергі е)анықталмайды
б) Кернеу д)жұмыс
12. Кернеуді өлшейтін құралды өлшеңіз?
а)Амперметр с)Вольтметр е)Ваттметр
б)Омметр д)Реостат
13. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз?
а)Амперметр с)Вольтметр е)Ваттметр
б)Омметр д)Реостат

14. График бойынша өткізгіштің кедергісінің мәнін табыңыз.
а) R=0 с)R=10 Ом е)R=1000 Ом
б) R=1Ом д)R=100 Ом
Осы тұжырым негізінде жасалынған жаңа педагогикалық технологияның арнаулы талаптары бойынша мектепте өткізілген сабаққа қатысты деңгейлік тапсырмаларға арналған арнайы кітапша шығарылды. Онда төрт деңгей бойынша тапсырмалар дайындалған. Кітапшаның алғашқы бетінде Ом заңына байланысты негізгі тұжырымдамалар мен анықтамалар беріліп, формулалары мен сызба-нұсқа көрсетілген. Яғни, деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы шағын сілтемеге сүйенуіне болады.

Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейіне білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде жаңа педагогикалық технологияларды физика сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.
28 411
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңының физикалық мағынасын түсіндіру. Есептер шығаруда Ом заңын орынды қолдана білуге үйрету.
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияның анықтамасын меңгеріп, n - ші мүшесінің формуласын меңгеріп, есептер шығаруға қолдана білуге үйрету. АКТ - ны пайдаланып жаңа сабақ түсіндіру.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Ом заңын тұжырымдау, электр кедергісіне анықтама беру, тақырыпты түсіндіру. Оқушыларды Ом заңының тұжырымдамасымен таныстырып, формуласын есептер шығаруда қолдануға, электр кедергісіне анықтама беріп, кедергіні өлшейтін құралға, тізбекте
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі
Тізбектің бөлігіндегі ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болатындығын көрсету. Меншікті кедергінің формуласын қорытып шығару
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі
Ом заңы бойынша: Тізбек бөлігіндегі тоқ күші осы бөліктің кернеуінің кедергіге қатынасына тең
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңы
Толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны тізбек бөлігі үшін Ом заңынан ажыра алу, қорытынды жасай алу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×