Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика есептерін шығаруда оқушылардың математикадан алған білімдерін пайдалану

15 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Физика
Күздеубаева П. С
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
физика пәні оқытушысы

Физика есептерін шығаруда оқушылардың математикадан алған білімдерін пайдалану
Есеп шығару – оқушы үшін ерекше іс - әрекет, яғни ой жұмысы. Есеп деп қандай да болмасын математикалық ұғымды, мазмұны жағынан терең тапсырманы түсінеміз. Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілетін дамытуға бірден - бір себепші болатын басты құрал.
Физика және математика пәні - оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыра - тын және дамытатын негізгі буын. Есептерді шығару көптеген мақсаттарды көздейді. Физикалық құбылыстардың мазмұнын түсінуге, ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және оларға өз білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге үйрету, оқушыларды тәрбиелеу, білім, білік, дағдылар мен іскерліктерін қадағалау және есепке алу
Сияқты маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін есептің шарттарын терең түсіну қажет. Физика курсы бойынша есепті шығару математиканың негізгі заңдылықтарын практикада қолдана білуге дағдыландырады. Есепті шығару және анализ жасау физика заңдары мен формулаларын түсініп, есте сақтауға көмектеседі.
Көптеген физикалық есептерді шығаруды төрт кезеңге бөлуге болады.
Есеп шартының анализі және оны сызбамен сызып көрсете білу.
Физикалық шамаларды байланыстыратын теңдеулерді құрастыру
Алынған теңдеулерді біріктіре шеше отырып, белгісіздің формуласын қорытып шығару
Шыққан нәтижелерге анализ жасап, сан мәнін табу.
Кинематиканың негізгі есептері кез - келген уақыт мезетіндегі кеңістіктегі дененің орнын табу болып табылады. Бұл есептерді шешу ерекше тізбек бойынша орындалады: нүктенің координатасын табу үшін оның кеңістіктегі орнын ауыстыру заңын, ал орын ауыстыруды есептеу үшін қозғалыс жылдамдығын білуіміз керек. Кинематикада берілген дененің берілген уақыттағы кеңістіктегі қозғалысын анықтау үшін тік бұрышты ХОУ координаталар жүйесін аламыз. Сонда дененің кеңістіктегі орны оның Х, У координатасымен анықталады.
1 мысал. Суретте мектеп ауласындағы футбол алаңының жоспары кескінделген. Бұрыштық жалаушаның ( О, В, С, Д ), доптың( Е ) және көрерменнің (К, L, М ) координаталарын табыңдар.
Жауабы. О ( 0; 0), В ( 0; 60), С ( 80 м; 60 м),
Д ( 80м; 0 ), Е( 20 м; 40 м), К(- 5 м; 20м)
L( - 10 м; - 10 м), М( 30 м; - 5 м)
Есепті шешу барысын оқушылар математикадан
өткен нүктенің координатадағы орнын қалай тапқандарын еске түсіріп кетеді.
Қозғалыстың сипаты оның тек жылдамдығының шамасымен ғана анықталмайды, сонымен қатар оқушылар, жылдамдықтың бағытын да білуі керек. Физикада және математикада барлық шамалар векторлық және скаляр шамалар болып екіге бөлінеді. Ендеше оқушылар математикада өтілген бірқатар векторлар жайлы материалдарды физика есептерін шығаруда тиімді қолдана білулері қажет. Оған қарапайым мысал: вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40 км ұшып, 900 бұрыш жасап бұрылып, тағы
30 км ұшты. Вертолеттің жолын, және орын ауыстыруын табу керек.
Векторлық шамалардың көптеп кездесуі физикада ауырлық, салмақ, кулон күші, өріс кернеуліктері және т. б. тақырыптарды өткенде де қалыптасады.
Сондықтан VII - XI сынып оқушыларының векторлық шамаларға амалдар қолдана білгені абзал.
Оқушыларға физиканы оқу процесінде векторлар туралы мынаған баса мән берген жөн: ең алдымен векторларды дұрыс атай білулері қажет. Өйткені математикада векторларды жазықтық бетінде, кеңістікте орналасу бағытына қарай коллинеар, компланар, ал модульдеріне байланысты нольдік, нольдік емес деп бөлінеді. Физика сабағында векторларды осылай атау оқушылардың материалды жақсы түсінуіне көмектеседі, ал есептер шығаруда векторларды қосу әдістері, векторлық шамаларды қосуда косинустар теоремасы да қолданылады; a^2=b^2+c^2 - 2bccosα, бұдан a=√(b^2+c^2 - 2bccosα)
«Есепті тек түсініп қою жеткіліксіз, оны шығарам деген талап - тілек те болу қажет. Күшті талап - тілек болмаса, қиын есепті шығару мүмкін емес, ал ол бар болса, шығаруға болады. Құштарлық бар жерде жол табылады» деген Пойа. Ендеше физика есептерін шығаруда оқушылардың математикадан алған білімдерін пайдалану оқушыларды табиғат заңдылықтарының мағынасын дұрыс түсінуге, формулаларды әрқашан есте сақтауға және теориялық білімді практикада қолдануға баулиды.
4 096
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Математика сабағында қиындығы жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Есмурзаев Бауыржан Қуанышбайулы
Функция экстремумдарын табуға есептер шығарту
Функция экстремумдарын табуға есептер шығарту
Алматы облысы, Ақтам ауылы. Математика пәні мұғалімі Имангазиева Клара Айтахыновна
Параллелепипед және тікбұрышты параллелепипед тақырыптарын қайталау, есеп шығару
Параллелепипед және тікбұрышты параллелепипед тақырыптарын қайталау, есеп шығару
Параллелепипедтің, тік бұрышты параллелепипедтің анықтамаларын және қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, өткен сабақтағы білімдерін толықтыру.
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×