Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ток жұмысы мен қуаты

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Ақтөбе облысы, Алға ауданы,
Қарақұдық орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі:
Пайызова Айсауле Сәбитқызы

Физика 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джолуь - Ленц заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға токтың жұмысы мен қуаты туралы түсінік беру және формуласын қорыту. Есептер шығару арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Өткен сабақты еске түсіре отырып, алған білімдерін жаңа сабақпен байланыстыра отырып толықтыру. Ток жұмысы мен қуаты туралы түсініктерін дамыта отырып балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен ізденуге дағдыландыру, еңбекке тәрбиелеу. Алған теориялық білімдерін техникада және тұрмыста пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, тірек - сызба.
Көрнекілігі: слайд, бағалау парағы, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Тренинг
2. Оқушыларды бағалау үшін тоғызқұмалақ ойынының тәсілдері қолданылады. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл - ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
Тоғызқұмалақ ережесі. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Әр топқа 2 қазан, әр оқушыға ұпай жинау үшін отаулар таратылады. Әр дұрыс жауап үшін 1 асық алдарындағы отауға салынып отырады. Жалпы топтың ұпайы ортақ қазандық арқылы есептеледі.

ІІ. Үй тапсырмасы
1. Үйге берілген тапсырма «Тұрақты ток» тарауы. «сыйқырлы қоржын» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Әр оқушы сұрақ. дайындап қоржынға салады. Ұлттық қоржынымыздан әрқайсымыз сұрақ алып жауап береміз.
2."Көкпар" ойыны. Есептер шығару. Бұл ойын арқылы үйге берілген есепті қай топтың оқушылары толық шығарса көкпар сол топқа беріледі. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, мәз - мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Көкпарда басы кесілген серке тартылады

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Жеті қазына». Қазақта 7 саны киелі сандардың бірі.
Олай болса «Электр тогы» деп аталатын физикалық шаманың 7 түрлі сипаттамасын атап өтейік.

2. Осы электр тогының тағы екі сипаттамасымен таныс боламыз. Ол бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы». Оқушыларға жаңа сабақтың мәтінін оқуға уақыт беріледі. Жаңа сабақты түсіндіру үшін ұлттық ойынымыздың тағы бір түрі «Ақ серек, көк серек» ойынын қолданамыз. Оны қыз - жігіттер екі топқа бөлініп, қаз - қатар тұрып, бір - бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Ақ серек, көк серек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Ақ серек, көк серек, сізден бізге Ақерке керек!», — деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды.
Олай болса осы ойынның ізімін әр топтан бір оқушыны шақырып жаңа сабақты түсіндіріп берсін.
І топ.
Электр кернеуі қалай анықталады? Жауабы: Осы өрнектен жұмысты анықтайық A=Uq, t уақытты өткізгіштің көлденең қимасы арқылы тасымалдайтын зарядты анықтау үшін қандай формуланы пайдаланамыз? q=It сонда жұмыс мынаған тең болады? А=IUt. Сонымен электр тогының жұмысы неге тәуелді?
Жауабы: ток күші, кернеу, уақыт
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігіне 1Дж=1A*1B*1c
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы негізінде мына формулаларды аламыз: A=I2Rt,
Механикада біз қуатты N деп белгілейміз. Енді электр техникасында Р деп белгілеп, оны былайша анықтаймыз.

Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек. Ом заңын пайдаланып мынаны аламыз:
P=I2R
SI жүйесінде қуат бірлігіне ватт (1Вт) алынған. 1 ватт қуат бірлігіне 1В кернеуі бар тізбек бөлігіндегі 1А ток күшінің қуатын алады. Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ваттметр деп атайды. Толктың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады. Электр санауышта ток жұмысының 1кВт*сағ деген бірлігі қолданылады.

Тұрғын үйге берілетін кернеу U=220 B болғанда, онда тұтынатын ток күші I=10 A - ден аспауы тиіс. Үйдегі тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні: P=10 A*220 B=2200 Bт=
2, 2 кВт
1 кВт*сағ электр энергиясының құны тариф д. а. Үйде ата - аналарың ай сайын электр санауыштағы сан мәнге қарап, токтың жұмысына ақша төлеп, түбіртек әкеледі. Сол түбіртекті сіздер де түсіне біліп, өздеріңіз төлеп келуді үйренулеріңіз керек.
Түбіртекте мысалы мынадай кесте жазулы тұрады:

Олай болса ендігі күнде сіздер қалай және қанша төлеу керек екендігін білесіздер.

ІІ топ. Өткізгіш бойымен ток өткенде, өткізгіш қызады, яғни электр энергиясы ішкі энергияға айналады.
Бұл металдардағы еркін электрондар электр өрісі әрекетінен орын ауыстырғанда, кристалдық тор түйіндерінде орналасқан иондармен соқтығысып және оларға өз энергиясының бір бөлігін беруімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде иондар үлкен жылдамдықпен тербеле бастайды, өткізгіштің ішкі энергиясы артады және оның температурасы көтеріледі.
Өткізгіштердің қызуы тек қана тоқ күшіне байланысты ма?
Бұл сұраққа жауап алу үшін мынадай тәжірибе жүргізілген. Кедергілері әр түрлі мыс, болат және никелиннен жасалған үш өткізгішті бірінен соң бірін тізбектей жалғаған. Тізбекті тұйықтап, ондағы ток күшін біртіндеп арттырған. Тізбектей жалғанған өткізгіштегі ток бірдей болады. Өткізгіштерде бөлінетін жылу мөлшері әр түрлі: алғашында никелин өткізгіш, сондай – ақ токты арттырғанда никелин және темір өткізгіштер қыза бастайды, ал мыс сым білінер – білінбес қана жылынады.
Бұл тәжірибе өткізгіштердің жылуы олардың кедергілеріне тәуелді болады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жүзінде токтың жылулық әрекетін ағылшын ғалымы Дж. Джоуль мен орыс ғалымы Э. Ленц зерттеді. Олар бір - біріне тәуелсіз Джолуь - Ленц заңы деп аталатын заңды тағайындады.
Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал:

«Сақина салу» ойыны. 20 - жаттығу есептерін шығару. Бұл ойынға қатысушылар қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде орнынан тұра алмай қалған оқушыға сұрақ қоямыз. Ал сақина қолына түскен оқушы қолына түскен сақинадағы тапсырманы орындайды. «Шартты белгілер»
Шартты белгілер бойынша сұлбадан (схемадан) құралдарды атау

VІ. Үйге тапсырма беру
VІІ. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп – гимназиясы Физика пәнінің мұғалімі Ботантаева К.А.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Клара Ізтілеуовна
Токтың жұмысы мен қуаты
Токтың жұмысы мен қуаты
№1 Шұбарқұдық мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Бозшин Бекболат Жағалбайлыұлы
Токтың жұмысы мен қуаты
Токтың жұмысы мен қуаты
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, №3 Хромтау орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Жалпина Бадигуль Нагидоллаевна
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №2 орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Тақырыбы: Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Эпиграф: Білім – күш. Френсис Бэкон, ағылшын философы. (1561-1626) Мақсаты:1) Тұрақты
Токтың жұмысы мен қуаты
Токтың жұмысы мен қуаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I санатты физика пәні мұғалімі Дүйісбекова Лиза Токтың жұмысы мен қуаты Ток күші дегеніміз не? Формуласы: Физикалық шама: I әрпімен белгіленеді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×