Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атмосфералық қысым

01 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Ю. А. Гагарин атындағы орта мектеп
Физика пәнінің мұғалімі: Ермекова А. А.

Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Атмосфералық қысымның пайда болу себебін, атмосфералық қысымның ашылу тарихын, Торричели тәжірибесін түсіндіру, оны өлшейтін құралмен таныстыру.
ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой қорытуды пайдалана білуге, физикалық теориялардың, олардың элементтерінің, ұғымдардың модельдерін, заңдары қолдану,
шекаралары туралы білімді қалыптастыру.
Эксперименттер жүргізуге икемдерін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды танымдық және практикалық іс - әрекетте дұрыс әдіс - тәсіл жасауға үйрету. Еңбекке ынталылыққа және қиындықтарды жеңуде табандылыққа үйрету. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас, эксперименттік
Сабақ типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, зерттеу әдісі.
Пәнаралық байланыс: география, химия, биология, математика.
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, мультимедиа.
Құрал - жабдықтар: Колба, жалпақ ыдыс, пипетка, стакан, слайдтар, видео.
Демонстрациялық көрсетілімдер: атмосфералық қысымның бар екендігін дәлелдейтін тәжірибелер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқу құралдарын тексеру

ІІ. «Ой қозғау» кезеңі. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Қысым дегеніміз не?
2. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді?
3. Сұйықтар мен газдар қысымды қалай жеткізеді?
4. Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтың деңгейі бірдей. Ыдыс табанына түсетін қысым бірдей ме?
5. Қатынас ыдыстар туралы не білеміз?

ІІІ. «Көп біл» кезеңі. Жаңа сабақ

Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
1 – тәжірибе. Су, шприц, стакан. Шприцты суы бар ыдысқа батырып, поршенді сумен жанасқанға дейін түсіреді де, сонан соң қайтадан жоғары қарай жылжытады. Сонда поршенмен ілесіп, су да жоғары көтеріле бастайды.
Міне суды поршенмен ілестіре көтеретін атмосфералық қысым

Атмосфералық қысымның бірлігі – 1 миллиметр сынап бағаны алынады. [1 мм. сын. бағ.]. 1 мм. сын. бағ.=133, 3 Па
Атмосфералық қысымды қалай өлшеу керектігін ең алғаш итальян ғалымы Э. Торричелли ойлап тапты. Бұл тәжірибеде бір ұшы бекітілген ұзындығы 1м - ге жуық шыны түтік қолданылды. Оны сынаппен толтырып саусақпен жауып, (сынап төгілмеу үшін) төңкеріп сынабы бар ыдысқа саламыз. Түтіктен саусақты алсақ, біраз сынап бөлігі ағып, жоғары жағында ауасыз кеңістік — “Торричелли бостығы” пайда болады

Сынап бағанының биіктігі үлкен болса атмосфералық қысым үлкен, ал биіктігі аз болса қысым да аз болады. Егер, Торричелли тәжірибесіндегі сынабы бар түтікшеге вертикаль шкала бекітсек атмосфералық қысымды өлшеу құралы — сынап барометрі (грек сөзі “барос” — ауырлық) пайда болады.

Барометр - анероид
ХІХ ғасырдың ортасына дейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін Э. Торричелли ойлап тапқан сұйық барометрлер (негізінен сынапты) қолданылды. 1844 ж. Л. Види жаңа сұйықсыз барометр жасап шығарды, ол барометр - анероид деп аталды (“анерос” — грек сөзі — сұйықсыз). Сынапты барометрлермен салыстырғанда барометр - анероидтар аса берік, сенімді емес, өйткені ондағы серіппе мен мембранасы уақыт өтуімен өзінің серпімділігін өзгертеді. Дегенмен, ол әрі портативті және сұйығы жоқ, қолдануға ыңғайлы болғандықтан іс жүзінде жиі пайдаланады. Барометрлер метерологиялық зерттеулерде ең қажетті құралдар болып саналады, өйткені атмосфралық қысымды білу, жақын күндердегі ауа райын болжауға қажет.

IV. Сабақты бекіту тапсырмалары
“Біздің барлық біліміміздің тәжірибеден басталатыны сөзсіз”
Иммануил Кант.

1. «Аз сөйле» кезеңі
24 - жаттығу
1. Стақанды суға батырып, оны судың ішінде төңкеріңдер. Одан соң оны жайлап судан шығарыңдар. Сонда стақанның жиегі судың ішінде тұрғанда неге оның ішіндегі су төгілмейді? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.
2. Стақанға жартылай су құйып, бетін бір парақ қағазбен жабыңдар. Қағазды қолмен басып тұрып, стақанды төңкеріңдер. Егер қолды қағаздан тартып алсақ, стақандағы су төгілмейді. Қағаз стақанның жиегіне жабысып қалғандай болады. Неліктен? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

2. Практикалық жұмыс, есептер шығару.

1) Теңіздің 10900 м болатын ең терең жеріндегі су қысымын есептеңдер. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.
2) 100 см2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
3) Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0, 3.

3. Сөзжұмбақ
1. Анероид қандай мағынаны білдіреді? (Сұйықсыз)
2. Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3. Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр? (атмосфера)
4. Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды? (сынап)
5. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы? (барометр)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 713
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі
Атмосфералық қысымның пайда болу себебі, Торричелли тәжірибесінің мәнісін түсіну. Мысалдар келтіре отырып, оқушының ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, атмосфералық қысымның күнделікті өмірдегі маңызын, есеп шығаруда қолдана
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы.
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Физика пәні мұғалімі Кайдарова Гульнара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×