Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарықтың қасиеттері. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№15 орта мектептің физика пәні мұғалімі
Конысбаева Меруерт Сапарбаевна

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың қасиеттері
§ 61. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері
§ 62. Күн – жұлдыз.
Сабақтың мақсаты:
Жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, Күннің құрылысы туралы мағлұмат беру;
Білімділігі: әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға машықтандыру;
Тәрбиелігі: сыныпта жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жеке, топпен жұмыс
Оқыту әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, танымдық ойындар
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәндері
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, үлестірмелі кеспе қағаздар, электр шамы, Жер мен Ай, Күн және ғаламшарлардың макеті.
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік және дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу, оқушыларды түгендеу
Ережелер:
Тыныштық, тәртіп сақтау. Бірін - бірі сыйлау
Топтарға бөлу «Күн. Жер. Ай»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 59, 60
«Ой қозғау» стратегиясы
тест жұмысын беру
1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
а) электр өрісі
ә) Электрмагниттік индукция құбылысы
б) магнит өрісі
2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
а) Андре Мари Ампер
ә) Александро Вольта
б) Майкл Фарадей
3. “Индукция” латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
а) магнит
ә) бағыттау
б) индукция
4. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыртын машина
а) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
5. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
а) трансформатор
ә) генератор
б) ротор

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық – заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с - 300 000 км/с - қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде – бір дене, бірде - бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық. Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.

Ғаламдағы негізгі жарық көздері - жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн - бізге ең жақын жұлдыз. Күн кәдімгі жұлдыз, сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Күннің массасы Жердің массасынан 333000 есе үлкен.
Күн - өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Ол күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді; оларды қыздырады, планеталар атмосферасына әсер етеді. Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді, барлық өсімдік пен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Күн энергиясының біраз бөлігі тас көмір, мұнай және басқа пайдалы қазбалар түрінде Жер астында сақталған.
Барлық жұлдыздар сияқты Күн - қызған газ шары негізінен, ол гелий қоспасы (10 пайыз) бар сутектен тұрады.

VI. Сабақты бекіту 1. Сызбаны толтыру
«Күн» тобына - Люминесценциялық жарық көздері
«Жер» тобына - Шағылған жарық көздері
“Ай” тобына - Дербес жарық көздері

2. Күн - Жер байланыстары

3. Өтілген тақырыптардан деңгейлік есептер шешу

Деңгейлік есептер шығару
I деңгей
1. Өткізгіштің ұштарына түсірілген кернеу 5B, одан өткен заряд 100 Кл.
Токтың жұмысын табыңдар.
2. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5А қыл сымда 100с - та қанша жылу мөлшері
бөлінеді?

II деңгей
1. Ток күші қандай 1Ампер болғанда 10 сек ішінде электролиттік ваннаның катодында қанша кг мыс бөлінеді(k=3, 3*10 7кг/Кл )
2. Электролит арқылы 1 сағ бойы 1А тоқ жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын анықтаңдар

III деңгей
1. Жұмысы 400Дж ток күші 40А өткізгіштің 3мин ішіндегі кедергісі.
2. Металл заттарды мырышпен қаптау кезінде 1 сағат ішінде қанша кг мырыш бөлінеді, егер қоспаға 2В кернеу, ал оның кедергісі 4Ом берілсе

4.“Бәйге” жарысы. Шарты: Аттардың артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы үш топ жарысады. Жауап берген топтардың аттары алға қарай жылжиды.

“Күн” тобына
- Бізге ең жақын жұлдыз ата? (Күн)
- Жарық қоңыздары, теледидар экраны, тамырдың шірінділері, судың терең қабатында жүзетін балықтар, т. б. сиретілген газ қай жарық көзіне жатады? (плазмалық)
- Күн желі деп аталатын ыстық қай жарық көздеріне мысал бола алады? ( люминесценциялық)

«Жер» тобына
- Күннің бізге көрінетін бөлігі қалай аталады? (фотосфера)
- Күн бетіндегі физикалық тұрақтының мәні (274 Н/кг)
- Соңғы деректер бойынша күннің жасы нешеде? (5 млд.)

“Ай” тобына
- Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен таралады?(с= 300 000 км/с)
- Табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық қайда? (вакуумде)
- жарық көздері неше топқа бөлінеді?( екі, дербес жарық көздері, шағылған жарық көздері)

5. Үлестірмелі кеспе қағаз беру.
V. Қорытындылау.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
13 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Физика пәнінен тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Жарықтың шағылу және сыну заңы
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінінің физика пәнінің оқытушысы Куздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн - жұлдыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Күн. Жарықтың таралуы
Күн. Жарықтың таралуы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №147 гимназиясының география пәні мұғалімі Керимшеева Береке Рысказиевна
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×