Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

30 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Физика
Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық
№2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі
Сагынова Ибаш Турганбаевна.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталатынын» 2006 жылдың 18 қаңтарындағы Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Қазақстанды таяудағы он жыл ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясында» баса назар аударып айтты. Кез-келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуы, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп жылдам дамып келе жатқан кезінде ақпараттық қоғамдық қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері:
1. Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
2. Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
3. Ғылыми ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.
Жаңа ақпараттық технологиялық құралдары оқыту құралы қызметін атқарады.

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндері ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – физика. Ол оқушылардың интеллектік, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға толығымен ықпал жасайды.

Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барылығын және әрқайсысын жақсы оқыту болып табылады.

Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі – оқушы, оқушылар толы сынып, мектеп болса білім сапасы осы баспалдақтардың әрбір буынына байланысты білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз.

Қазіргі заман – физика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа білім беру технологиялары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады.
Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде осы технологияны қолдануда интерактивті тақта ерекше орын алады. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Математиканы оқытудағы негізгі талап – оқушыға есептер шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі.

Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады.

Білім – теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ал сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күнделікті бірыңғай өтетін сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіріп, бұған оқушыларды тартып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым.

Білім туралы Заңның 41-бабында мұғалімнің міндеттері көрсетілген нормаға сәйкес оқыту нәтижесінде оқушының алатын білімі мемлекеттік білім стандарты талаптарынан төмен болмауы көрсетілген. Тәжірибе көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеге қол жеткізуге кепілдік бермейді. Сол себепті қазіргі білім жүйелерінде жаңа технологияларды пайдалану педагогикалық практиканың жаңа болашағына негізгі бағыт деп есептеліп отыр.

Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.

9 сыныпта өткізілген физика сабағында теориялық білімдерін интерактивті тақта арқылы бекітуді ұсынамын. Сабақты бұлайша түрлендіру үшін оқушының алдымен информатика сабағында алған мүмкіндіктерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және берілген есептерді интерактивті тақтада жазып сауатты орындай білу керек. Сабақты үш кезеңге бөлдім. І кезеңде оқушылар өз бетімен тақырыпты еске түсіреді, оны жаңа сабақпен байланыстырады. ІІ кезеңде интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді. ІІІ кезеңде оқушылар өз үйренгендерін саралап, ой елегінен өткізеді. Компьютер арқылы бір жобаға салады.

Оқушылар білімін бекіту кезінде сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалануға болады.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Менің оқушыларымның арасынан осындай ұстаздар шықса онда менің еңбегімнің жанғаны деп ойлаймын. Сондықтан, өз шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тәрбиелеу - негізгі мақсатым.
5 763
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Жаңа ақпараттық технологиялар кластан тыс іс шаралар ұйымдастырудың қызықты да тиімді жолы
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ
Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Жоспары: 1. Кіріспе « Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ» 2. Оқушының білімге қызығушылығын арттыру ақпараттық коммуникациялық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×