Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

23 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
Краснояр орта жалпы білім беретін мектебінің
физика пәнінің мұғалімі Елемесова Гаусар Нағидоллақызы

Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.

ІІ. Үй тапсырмасы.
Блинц турнир түрінде тексеру. Оқушылар берілген сұрақтар дұрыс болса иа деп жауап береді. Егер дұрыс емес болса жоқ деп жауап береді.
1. Кг*м\с дене импульсінің өлшем бірлігі. иә жоқ.
2. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады. иә жоқ.
3. F*t дене импульсінің формуласы. иә жоқ.
4. F=ma ауырлық күшінің формуласы. иә жоқ.
5. Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісі тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп атайды? иә жоқ.
6. Масса – скалярлық шама. иә жоқ.
7. Дененің бір бөлігі қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп атайды. иә жоқ.

Карточка арқылы есептер беріледі.
І топқа
1. 6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?
2. Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстінде қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

ІІ топқа
1. Массасы 10 кг дененің импульсі 50 кг м/с болғандағы дененің жылдамдығын табыңдар.
2. Массасы 160кг шайбаның импульсі массасы 8кг, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы керек?

ІІІ. Қызығушылықты ояту.
Оқушылар ребус шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.(2 - 3минут)

IV. Жаңа сабақ (10 минут)
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т. б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй - дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны
2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.
Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)
• Қозғалыстағы дененің энергиясы - кинетикалық энергия деп аталады.
• Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өз ара орналасуына байланысты энергия - потенциялық энергия деп аталады.
Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС - Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары - төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).
Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.
Етолық= Еk+ Ep=const
Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.
Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс - ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.
V. Бекіту
Есептер шығару
19 – жаттығу. №1, 3
20 - жаттығу №1, 4
Есептер жинағынан есептер шығару.
Тест тапсырмалары
1. Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
A) денердің немесе дене бөліктерінің өзара орналасуына байланысты болады.
B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
С) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.
Д) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

2. Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?
А) күш импульсі в) күш моменті
с) дене импульсі д) күш E) энергия
3. Энергияның сақталу заңы
A) E=mgh B) E=mv2 /2
C) Ek=Eт+Ep D) Eт=Ek+Ep E) Ep=Eт+Ek
4. Массасы 10 кг, жылдамдығы 4 м/с дененің кинетикалық энергиясы
A) 80 Дж B) 800 Дж
C) 160 Дж D) 1600 Дж
E) 180 Дж
5. формуласы бойынша анықталатын шама
А) дене импулсі. В) күш импульсі. С) кинетикалық энергия.
D) потенциялдық энергия.
6. Дене жер бетінен Һ биіктікке көтерілді. Жерге қатысты дененің потенциалдық энергиясы
А) mgh В) mg С) gh D) mg/h Е) mgh/2

VI. Бағалау
VII. Рефлексия
"Білім ағашы" тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру. Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түсті алма беріледі. Қызыл түс бүгінгі сабақ өте жақсы өткенін, жасыл түс жақсы (орташа) өткенін, сары түс нашар өткенін білдіреді.
VII. Үйге тапсырма

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
9 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергияның бір түрден екінші түрге айналуын түсіну және мысалдар келтіру арқылы механикалық энергияның сақталу заңын білу және пайдалану.
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Есеп шығару. Қайталау. «Сақталу заңдары»
Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Физикадан бақылау жұмысы
Физикадан бақылау жұмысы
Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылы, Ақан Нұрманов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Кобжанова Нурзия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×