Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест Физика 9 сынып

10 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Өткізген: С.К. Бектемисова

Тест Физика - 9 сынып
І нұсқа
1. Қозғалғаннан кейiнгi автомобильдiң үдеуi 0, 5 м/с2. Осы үдеумен қозғала отырып автомобиль 4 секундта қанша жол жүредi?
А) 0, 5 м В) 2 м С) 4 м D) 8 м

2. Вагон терезесiнен жердiң горизанталь бетiне бiр зат еркiн құлады. Зат қандай жағдайда тез құлайды: вагон тұр, бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыста; бiрқалыпты үдемелi қозғалыста? Ауа кедергiсiн ескермеңiз.
А) Вагон тыныштықта тұрғанда. В) Вгон бiрқалыпты түзу сызықты қозғалғанда
С) Вгон бiрқалыпты үдемелi қозғалғанда D) Барлық жағдайда құлау уақыты бiрдей

3. Доп жерден жоғары 5 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Оның жерден көтерiлу биiктiгi уақытқа байланысты қандай тендеумен берiледi?
А) h=5t – 10t В) h=5t C) h=5t +5t2 D) h=5t - 5t2

4. Массалары m1= m2=1екi шардың арақашықтығы R болғанда олардың арасындағы өзара гравитациялық әсер күшi F тең. Бiр - бiрiне осындай қашықтықта орналасқан массалары 3 және 2 кг екi шардың тартылыс күшi қандай болады?
А) F В) 25 F С) 6 F D) 36

5. Горизонтқа α бұрыш жасай көлбеу орналасқан партаның үстiнде массасы m кiтап жатыр. Егер үйкелiс коэффициентi μ болса, онда үйкелiс күшi қандай болады?
А) Fүйк= 0 B) Fүйк= mg C) Fүйк= mg sin α D) Fүйк= μmg

6. Жер бетiнен 2 м биiктiкке көтерiлген массасы 3 кг дененiң Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясын анықтаңыз ( еркiн түсу үдеуi – 10м/с2)
А) 1, 5 Дж В) 6 Дж С) 15 Дж D) 60 Дж

7. Потенциалдық деп қандай энергияны айтуға болады?
А) Дененiң қозғалысымен байцланысты энергия. В) Дененiң малекуласымен байланысты энергия. С) Деформацияланған серпiмдi дене энергиясы. Д) Ыстық дененiң одан суығырақ денеге берген энергиясы

8. Цилиндр ыдыстың түбi мен қабырғасына түсетiн қысым күшi бiрдей болу үшiн R радиусты цилиндiрлiк ыдысқа қандай биiктiкке дейiн су құю керек.
А) h=2R B) h=R/2 C) h=R D) h=3R
9. Қайнау температурасында эфирден 5 кг бу алу үшiн қанша жылу мөлшерңн жұмсау керек? (Эфирдiң меншiктi буланы жылуы 0, 4· 106 Дж/кг)
А) 1, 25 ·10 - 5 Дж В) 0, 4 ·106 Дж С) 2 · 106 Дж D) 8 ·104 Дж

10. Идеал газды қыздырғанда молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 4 есе артса газдың абсолюттiк температурасы қалай өзгередi?
А) 2 есе артады В) 4 есе артады С) 8 есе артады D) 16 есе артады

11. Карно циклының ПӘК - кi дегенiмiз не?
А) Газдың алған жылу мөлшерiнiң толық циклде iстелген жұмысына қатынасы.
В) Бiр циклде iстелгенжұмыстың қыздырғыштан алынған жылу мөлшерiне қатынасы.
С) Бiр циклде iстелген жұмыстың суытқышқаберiлген жылу мөлшерiне қатынасы.
D Суытқышқа берiлген жылу мөлшерiнiң қыздырғыштан алынған жылу мөлшерiне қатынасы

12. Изометриялық процесс үшiн термодинамиканың бiрiншi заңының математикалық өрнегiн көрсетiңiз.
А) Q=A+ΔU B) A=- ΔU C) A=ΔU D) Q=A
13. Сыйымдылықтары С1=мкФ, С2= мкФ, С3=3мкФ үш конденсатор берiлген. Осыларды қосып қандай ең үлкен сыйымдылық алуға болады?
А) 5мкФ В) 6 мкФ С) 7 мк D) 8 мк

14. Сыйымдылықтары С1=мкФ, С2= мкФ, С3=3мкФ үш конденсатор берiлген. Осыларды қосып қандай ең аз сыйымдылық алуға болады?
А) 1/6мкФ В) 1/2 мкФ С) 6/11мкФ D) 6/13 мкФ

15. Электролиз кезiндегi, t уақыт аралығында электролиттен өтетiн ток күшi 4 есе ұлғайтқанда электродта бөлiнетiн зат массасы қалай өзгередi?
А) Өзгермейдi. В) 2 есе артады С) 4 есе артады. D) 16 есе артады

16. Егер кернеу 2 есе артса, зарядталғанконденсатордың энергиясы қалай өзгередi?
А) 4 есе артады В) 2 есе артады С) Өзгермейдi D) √2 есе артады

17. 2 секундта контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 8 - ден 2 Вб – ге дейiн бiр қалыпты кемiдi. Контурдағы индукцияның ЭҚК - i неге тең?
А) 12 В В) 5 В С) 4В D) 3 В

18. Егер зарядталған бөлшектiң бастапқы жылдамдығы магнит индукция сызықтарына перпендикуляр болса, бөлшек бiртектi магнит өрiсiнде қалай қозғалады?
А) Түзу сызықпен В) Параболамен С) Шеңбер бойымен D) Спираль бойымен

19. Егер әткеншекке бiр бала орнына екi бала отырса, оның тербелiс периоды қалай өзгередi?
А) Өзгермейдi В) 2 есе өседi С) 2 есе азаяды D) √2 есе өседi

20. Қандай дыбыстар ультрадыбыстар деп аталады?
А) Жиiлiгi 20000 Гц - тен артық дыбыс. В) Жиiлiгi 20Гц – тен төмен
С) Жиiлiгi 20 - дан 20000 Гц аралығындағы. D) Естiлу табалдырығынан артық интенсивтi дыбыстар.

Физика - 9 сынып
ІІ нұсқа

1. Материалдық ңүктенiң қозғалысы х=2t+5t2 теңдеуiмен берiлген. Нүктенiң қозғалысының бастапқы жылдамдығы қандай?
А) 0 В) 2м/с С) 5 м/с D) 4 м/с

2. Материалдық нүктенiң қозғалысының теңдеуi: S=4t2+6. Нүкте қандай үдеумен қозғалған?
А) 0 м/с2 В) 2 м/с2 С) 8 м/с2 D) – 2 м/с2

3. Жер бетiнен 2 м биiктiкке көтерiлген массасы 3 кг дененiң Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясын анықтаңыз ( еркiн түсу үдеуi – 10м/с2)
А) 1, 5 Дж В) 6 Дж С) 15 Дж D) 60 Дж

4. Дене 20 Н күш әсерiнен 0, 5 м/с2 үдеу алды. Дененiң массасы неге тең?
А) 20 кг В) 40 кг С) 10кг D) 100 кг

5. Күш моментi физикалық шама. Ол неге тең?
А) Дененiң массасы мен оның жылдамдығының көбейтiндiсiне
В) Күш пен иiнңiң көбейтiндiсiне
С) Күш пен бұл күштiң әсер ететiн уақытының көбейтiндiсiне
D) Күш пен дененiң жылдамдығының көбейтiндiсiне

6. Қуат қандай өлшем бiрлiкпен өлшенедi?
А) Дж В) Вт С) В D) А

7. Жүйенiң импульсiн табыңыз. m1 = 2m2=4 кг, 2v1=v2=8м/с
А) Px=0 В) Px=32 кг м/с С) Px=16 кг м/с D) Px= - 16кг м/с
m1 m2

8. Куб формалы ыдыс салмағы Р - ға тең сұйықпен толтырылған. Ыдыстың түбiне және оның төрт қабырғасына түсетiн қысымның толық күшiн анықтаңыз.
А) 2Р В) 3Р С) 4Р D) 5Р

9. Сұйыққа батырылған дененi итерушi күш неге тең?
А) F=mg B) F= ρ gV C) F=μN D) F=kx

10. Өзгермейтiн концентрациядан идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 3 есе артса, газдың қысымы қалай өзгередi?
А) 9 есе артады В) 3 есе артады С) 3 есе кемидi D) Өзгермейдi

11. Қаныққан бу дегенiмiз не?
А) Температурасы критикалық температурадан төменгi бу В) Температурасы қайнау температурасынан жоғарғы бу
С) Сұйықпен динамикалық тепе - тендiкте тұрған бу D) Қайнау температурасындағы бу

12. Жабық ыдыстың iшiнде газ қыздырылады. Бұл қай процеске жатады?
А) Изобаралық В) Изотермиялық С) Изохоралық D) Адиабаталық

13. Кернеу U - ға дейiн зарядталған конденсаторға параллель сыйымдылығы сондай, зарядталған конденсатор қосқанда конденсатор астарындағы заряд қалай өзгередi.
А) 2 есе азаяды В) 4 есе азаяды С) Өзгермейдi D) 2 есеұлғаяды

14. Зарядталған конденсаторға сыйымдылығы сондай зарядталмаған конденсаторды қосқанда конденсатор астарындағы кернеу қалай өзгередi.
А) 4 есе азаяды В) 2 есе азаяды С) Өзгермейдi D) 2√2 есе азаяды

15. Тотияйын ерiтiндiсiнiң электролизi кезiнде электр тогын 4 есе арттырып, ал токтың өту уақытын 2 есе кемiтсе электродта бөлiнiп шығатын мыстың массасы қалай өзгередi?
А) 2 есе кемидi В) Өзгермейдi С) 2 есе артадыD) 8 есе артады

16. Кедергiсi 20 Ом, ток күшi 5 А қыл сымда 100 секундта қанша жылу мөлшерi бөлiнедi?
А) 50000Дж В) 2500Дж С) 2000 Дж D) 500Дж

17. Массасы m зарядталған бөлшек бiр тектi магнит өрiсiне перпендикуляр бағытта V жылдамдықпен қозғалады. Массасы 2 есе үлкен бөлшектiң траекториясының радиусы қалай өзгередi?
А) 2 есе артады В) 2 есе азаяды С) √2 есе артады Д)√2 есе азаяды

18. Суретте күштi магнит өрiсiн туғызатын магнит полюстерi көрсетiлген. Жылдамдығы α - бөлшек полюстер арасынан өткенде қалай қарай бұрылады?
V
А) Солтүстiк полюске В) Оңтүстiк полюске С) Сурет жазықтығына перпендикуляр “бiзден ары қарай” D) Сурет жазықтығына перпендикуляр “бiзге қарай”

19. Қандай дыбыстар ультрадыбыстар деп аталады?
А) Жиiлiгi 20000 Гц - тен артық дыбыс. В) Жиiлiгi 20Гц – тен төмен
С) Жиiлiгi 20 - дан 20000 Гц аралығындағы. D) Естiлу табалдырығынан артық интенсивтi дыбыстар.

20. 20. Егер әткеншекке бiр бала орнына екi бала отырса, оның тербелiс периоды қалай өзгередi?
А) Өзгермейдi В) 2 есе өседi С) 2 есе азаяды D) √2 есе өседi.

Толық нұсқасын жүктеу
49 227
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Физикадан тест
Физикадан тест
10 класс физикадан тесттер 1 - тарау. Кинематика
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны
Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат беру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Кинематика негіздері. Тест
Кинематика негіздері. Тест
Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
Динамика негіздері
Динамика негіздері
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, білімді игеру деңгейлерін бағалау; Оқушылардың осы тарауда нені білді, алған білімдерін есте сақтау мақсатында ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Күнтізбелік жоспар бойынша 10 сыныпқа арналған жылдық тест тапсырмаларын жауаптарымен
Күнтізбелік жоспар бойынша 10 сыныпқа арналған жылдық тест тапсырмаларын жауаптарымен
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі Утегенова Сәуле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×