Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кинематика негіздері

17 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қостанай облысы, Науырзым ауданы
«Дәмді орта мектебі» ММ
физика пәнінің мұғалімі Байгенжина Д. Е.

«Кинематика негіздері» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
• Кинематика негіздері тарауындағы тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау;
• Алған теориялық білімдерін нақтылау, өз білімін өзі бағалап тексере білу дағдыларын қалыптастыру;
• Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар

Сабақтың барысы:
• І. Ұйымдастыру кезеңі. /Оқушыларды түгендеу./
• Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. /Суреттер бойынша сағат, автомобиль, арбаша/
• Шеңберге тұрып, тілек айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
• Қойылған мақсатқа қарай күтілетін нәтиже:
• 1. Материя, векторлық шамалар, скалярлық шамалар, теңайнымалы қозғалыс, үдеу, еркін түсу, қисықсызықты қозғалыс, бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс, айналу периоды, жиілік, сызықтық және бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу анықтамаларын сауатты айтып беру.
• 2. Физикалық формулаларды жаза білу.
• 3. Формула арқылы есептер шығару.
• 4. Теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту: Физикалық ой жинақтау.
• 1. Материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті?
• 2. Векторлық шамалар, скалярлық шамалар қандай шамалар деп аталады және қалай белгілейді?
• 3. Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
• 4. Үдеу дегеніміз қандай шама?
• 5. Дененің еркін түсуі деп нені айтады?
• 6. Қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
• 7. Бірқалыпты қисықсызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
• 8. Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
• 9. Жиілік деп қандай шамана айтады?
• 10. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар дегеніміз не?
• 11. Центрге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?

ІҮ. Мағынаны тану: үш топқа бөлінген тапсырма
• 1 - тапсырма: Формулаларды жазу
Үдеудің формуласын жазыңдар
Осы формуладан жылдамдықты табыңдар
Осы формуладан уақытты табыңдар
• 2 - тапсырма: Формуланы пайдаланып, есептер шығару
Центрге тартқыш үдеудің формуласын жазыңдар
Осы формуладан жылдамдықты табыңдар
Осы формуладан радиусты табыңдар
• 3 - тапсырма: слайдтар арқылы өздері сөйлеу
Периодтың формуласын жазыңдар
Осы формуладан айналым санын табыңдар
Осы формуладан уақытты табыңдар

2 - тапсырма: Формуланы пайдаланып, есептер шығару /барлық топқа таратылады/
Есептер:
• І - топ
• № 1. 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан пойыздың терезесінен қарап тұрған жолаушының тұсынан 36 км/сағ жылдамдықпен қарсы келе жатқан ұзындығы 150 м пойыз қанша уақытта өтеді? (6 с)
• № 2. Пойыз 0, 5 м/с2 үдеумен тежеуді бастап, тоқтағанға дейін 225 м жол жүрді. Оның тежелу басталар алдындағы жылдамдығы қандай?(15м/с)
• ІІ - топ
• № 1. Тасжолмен келе жатқан велосипедші 900 м 15 м/с, содан кейін 400 м 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай? (13м/с)
• № 2. Доп 18 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары қарай лақтырылды. Ол 3 с қанша орын ауыстырады? Сол уақыт ішінде доп қанша жол жүреді?(9м, 23, 4 м)
• ІІІ - топ
• № 1. Автокөліктің жылдамдығы 20 с ішінде 20 м/с - тан 10 м/с - қа дейін баяулаған. Автокөлік қозғалысының орташа үдеуі қандай? (0, 5 м/с2)
• № 2. Көлдің биік тік жағасында горизонталь бағытта ататын пулемет тұр. Оқтың бастапқы жылдамдығы 800 м/с. Оқтың ұшу жылдамдығы қандай? Жардың биіктігі 10 м.(1128м, 800, 12м/с)

• 3 - тапсырма: слайдтар арқылы өздері сөйлеу
/кластер/ интерактивті тақтаға шығып жазады.

3. Ой – толғаныс: тест орындау
• Тест /барлық оқушыларға/

Толық нұсқасын жүктеу
6 149
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау.
Кинематика негіздері: І - ІІІ тарауды қайталау.
Кинематика негіздері, оны сипаттайтын шамалар туралы түсініктері тереңдейді. Қозғалыс формулаларын пайдаланып, сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару қабілеттерін дамыту.
Кинематика негіздері. Тест
Кинематика негіздері. Тест
Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
Кинематика. Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыстың графигін талдау
Кинематика. Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыстың графигін талдау
Бірқалыпты емес қозғалыс жылдамдығының формуласын құрайтын шамаларды айырады: бастапқы жылдамдық, уақыт, үдеу; Сызықтық функция графигін құрастыру алгоритмін қолданады және уақытқа қарай өткен жол теңдеулерінің графиктерін құрастырады.
Кинематика негіздері тарауына есептер шығару
Кинематика негіздері тарауына есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталап, формулаларды еске түсіріп, оны есеп шығару барысында қолдануға үйрену.
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×