Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылдамдық. Жылдамдықтың өлшем бірліктері

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Жылдамдық. Жылдамдықтың өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру
ұжымшылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Пән аралық байланыс: математика
Көрнекіліктер: Р. Башарұлы «Физика және астрономия» оқулығы, В. И. Кем,
Б. Кронгарт «Есептер мен жаттығулар жинағы», шың
Техникалық құралдар: компьютер, видеопраектор, постер қорғау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындылығын, қажеті оқу құралдарын қадағалау және боялған асықтар арқылы топтарға бөлу
2. Үй жұмысын сұрау кезеңі
АВТО ОРЫНДЫҚ
Топ басынан оқушылар шығып үй тапсырмасына сұраққа жауап беріп

1. Қане, балалар қозғалыстың түрлерін атаңдаршы?
– Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ( анықтамасын айтады )
2. Қозғалысты қалай түсінесің? (денелердің қозғалысы)
3. Қандай қозғалыстар болады?(техникалық қозғалыс, соққан желдің қозғалысы, жәндіктердің қозғалысы, жануарлардың, адамдардың т. б)
4. Жолды қалай белгілейді және өлшем бірлігі
5. уақытты қалай белгілейді өлшем бірлігі
Сабағымыздың ұстанымы:
Маған айтшы – мен ұмытып қаламын
Маған көрсетші – менің есімде қалады
Өзіме істетші – мен сонда түсінемін

Әртүрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықтарды сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Осы жылдамдықты немен анықтаймыз немесе немен өлшенеді? (м/с)

3. Жаңа тақырып: Жылдамдық. Жылдамдықтың өлшем бірліктері
υ=S/t осыдан S - ті, t - ны табамыз? S=υ*t t=S/υ
Жылдамдықтың басқа да өлшем бірліктері бар:
м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с Әр түрлі өлшем бірліктермен жазылған жылдамдықты тек бір бірлікпен жазамыз немесе оны халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ) деп атайды, ол м/с
Сыныпқа сұрақ: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с қайсысын айналдырамыз? ( бірнеше оқушыдан сұрау - даралап сұрау)

4. Есептер шығару. Оқулықпен жұмыс
5 - жаттығу.

5. Кластер құру: υ=S/t
6. Жаңа сабақты бекіту.
«Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ». Оқушылар топта есептер шығарады.
1 - топ:
№1.
108 км/сағ =….. м/с
18 км/ сағ=….. м/с
№2.
208 м/с жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағат ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
2 - топ:
№1.
72 км/сағ =….. м/с
54 км/ сағ=….. м/с
№2.
Велосипедші 1800 сішінде 9 км жол жүрген.
Велосипедшінің жүрген жылдамдығын табыңдар?
3 - топ:
№1. 36 км/сағ =….. м/с
18 км/ сағ=….. м/с
№2.
Машина1500м/с жолды36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүріп өткен уақытты анықтаңдар?

7. Қорытындылау: оқушыларға қойылатын сұрақтар
1. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не?
2. Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз?
3. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз?
4. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме?
5. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?
6. Жылдамдықтың бағытын қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс деп алу келісілген?

8. Үйге тапсырма: §19, өзін өзі тексеру сұрақтары
9. Бағалау.
Өзін - өзі бағалау, өзінің жаңа біліміне баға береді

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Красноярка ауылы, №25 орта мектебінің
Физика және информатика пәнінің оқытушысы
Харахаз Айнұр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 480
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Теміртау қаласы, №17 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Зиядина Айдана Манненқызы
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×