Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайнау. Меншікті булану жылуы

04 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Физика
Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты: Бу түзілудің бізге күнделікті тіршіліктен белгілі екінші әдісін тәжірибе арқылы түсіндіру.
1. Білімділік: Бу түзілудің екінші әдісі – қайнауды бу түзілудің бірінші түрімен салыстыру, қайнауға анықтама беру, меншікті булану жылуы шамасы мен танысу, ерекшелігін нақтылау.
2. Дамытушылық: Қайнау процесінің өтуін тәжірибе арқылы бақылау, көз жеткізу, ойлау қабілетін дамыту, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды физикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге үйрету.
Әдіс - тәсілі: түсіндірмелі - иллюстрация, тәжірибе, есеп шығару, сұрақ - жауап.
Түрі: БЛУМ таксономиясы, СТО элементтері.
Қажетті құралдар: шыны колба, спирт шамы, штатив, термометр, суы бар стакан.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, математика.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Түгелдеу
1. 2. Топқа бөлу (1, 2, 3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
1. Заттың агрегаттық күйі. Қатты, сұйық, газ.
2. Жылу мөлшері.
3. Балқу, меншікті балқу жылуы.
4. Кристалдану.
5. Конденсация.
6. Қаныққан, қанықпаған булар.
7. Ауаның ылғалдылығы.
8. Булану.
9. Кебу.
10. Шық нүктесі.

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
1. Қайнау дегенді қалай түсінесің?
2. Меншікті булану жылуы деген не?
3. Оның өрнегін жазыңдар.

БЛУМ таксономиясы.
1. Білу. Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» арқылы сұрақ - жауап.
2. Түсіну. Жаңа сабақты түсіндіру. «Мағынаны тану» кезеңі.
Біз сұйықтың буға айналуының бір түрін - булануды қарастырдық. Бу түзілудің бізге күнделікті тіршіліктен белгілі екінші әдісін қарастырайық. Тәжірибе жасау: Штативке колбаны қыстырып су құйып, спирт шамы арқылы қыздырайық. Температурасын өлшеп отырамыз. Қыздырған кезде колба үстінде (не пайда болады?) тұман пайда болады. Яғни колбадағы сұйық бетінде (ненің артқанын көреміз?) буланудың артқанын көреміз. Судың температурасын одан әрі арттырсақ, колбаның қаттырақ қызған қабырғаларының кейбір тұстарында жыбырлаған көпіршіктер көреміз. Бұл ауа көпіршіктері, судың (қандай дыбысын) шулы дыбысын естиміз, яғни су қайнайды. Міне, балалар біз бүгін бу түзілудің бізге таныс екінші әдісі қайнауды қарастырамыз.
1). Тақтаға: Қайнау. Меншікті булану жылуы деп жазамын.
Графигін экраннан көрсетемін, анықтама беремін
Сұйықтың бетіне бу түйіршіктерін бөле отырып ішінде қарқынды булануын қайнау деп атаймыз.
Сұйықтың қайнауы өтетін температура қайнау температурасы деп аталады.
Балқу температурасы да, қайнау температурасы да атмосфералық қысымға тәуелді екенін есте сақтайық.
2). Оқулық бойынша 77 - бет, IV, V абзацтарды 5 минут өздері оқып шығады.
r - меншікті жылу булану. Q=rm (1)

3. Қолдану. Оқушылар оқулықтан 5 минут өз беттерінше оқиды. Бір оқушы қолдануын айтып береді, қалған оқушылар толықтырады.

4. Талдау. Есеп шығару. Физика негіздері.
№ 1
5кг суды қайнау температурасында буға айналдыру үшін қанша
жылу мөлшері шығындалады?
Берілгені: -------------- Формуласы
m=5кг ------------------------ Q=rm
r=2. 3*106 Дж/кг ---------- Q -?
Шешуі: Q= 2. 3*106 Дж/кг*5кг=11. 5*106 Дж
Жауабы: 11, 5*106Дж энергиясы шығындалады.

5. Жинақтау. Жаңа сабақты пысықтау. 3 - оқушыға бір мәтінде кеспе қағаз беріледі. Бұл жерде проблемалық сұрақ туындайды.(2 - ші ыдыстағы су қайнай ма, қайнамай ма?)
1. Қайнау деген не?
2. Меншікті булану жылуы деген не?
3. Формуласы неге тең?
Сабақты қорытындылай келе мына кестені оқушылар толтырады.
Білемін. Білгім келеді. Жаңадан білдім

6. Бағалау: Үйге тапсырма. §18. 11ж(7). 80бет
Осымен сабағымды мына нақыл сөзбен аяқтаймын.
«Біле бер қанша білсең - тағы тіле,
жетерсің мақсатыңа біле - біле» (Ж. Баласағұн).
3 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау процесін түсіндіріп, меншікті булану жылуы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге дағдыландыру жәнеде оқытудың жаңа технологиясымен оқытуға бейімдеу
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Білімділік: Булану және конденсация, буланудың түрлері, қасиеттері, заттың кризистік күйі, қайнау процесі жайлы мағлұмат жинау Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру қабілеттірін дамыту, өзін - өзі және басқа оқушыларды нақты
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шуленова Гулжаухар Пернебаевна
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика - информатика пәнінің мұғалімі Хамитова Лунара Максотовна
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып)
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Жарылғасова Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×