Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары. Ньютонның ІІІ заңы. Есептер шығару

04 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Физика
Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары. Ньютонның ІІІ заңы. Есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
Сабақ мақсаттары: Ньютонның бірінші, екінші заңдарын қайталай отырып, масса мен үдеу арасындағы қатынасты бекіту арқылы, екі дененің бір - бірімен бірдей күшпен әсерлесетінін меңгерту.
Жетістік критерийлері: Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын біледі
Дене қозғалысы жылдамдығының өзгеру себебін біледі
Денелердің өзара әрекеттесуі (тікелей және қашықтықта) туралы біледі
Ньютон заңдары бойынша мысалдарды түсіндіріп, есептерді шығарады
Ньютон заңдарының әділеттілігін растайтын тәжірибелерді түсіндіре алады
Тілдік мақсаттар: масса масса mass үдеу ускорение acceleration
Ньютонның үшінші заңы Третий закон Ньютона Newton's third Law күш сила force
Құндылықтарды дарыту: Негізгіні бөле білуін, теорияны практикалық тәжірибемен ұштастыра білуін, тәжірибелерден қорытынды жасай білуін және өз ойын қорытып айта білуін дамыту. Есте сақтау қабілетін тәжірибелер арқылы дамыту. Ньютонның үшінші заңы арқылы реализмге тәрбиелеу. Өз ой - пікірін айта отырып, ақиқатқа жетуге тәрбиелеу. Топтық және жұптық ынтымақтастыққа баулу. Түйінді сөз арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет. Орыс және қазақ шығармаларынан үзінділер, ұлттық ойындар
АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта, компьютер, www. youtube. com сайтынан мультфильмдер, https://www. twig - bilim. kz/ интернет ресурсы.

Сабақтың басы
3 минут Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылар 1, 2, 3 деп санау арқылы топқа бірігеді. Бағалау парағы, Топ аттары жазылған парақтар 9_35_36. pptx
Сабақтың ортасы
Топпен жұмыс. Ротация.
№1. Оқушылар А. Байтұрсынов аударған И. А. Крыловтың «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын тыңдайды.
https://www. twig - bilim. kz/film/newtons - laws - of - motion - 5759/
https://www. youtube. com/watch? v=sU47RYbRAhs
https://www. youtube. com/watch? v=zVf0 - BPHt0k
Сұрақ: Кімнің мысалы? Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең? Ньютонның ІІ заңы бойынша қалай түсіндіруге болады?
Мысалды тыңдап болған соң әр топқа сурет таратамын. Әр топ күштерді салады.
Жауап: Күш әсерінен дене үдеу алады. Жүк тыныштықта тұр. Қозғалмайды, Ғ=0 болғандықтан a=0. Ньютонның І заңы.

Өзара бағалау.
№2. Видеокөрсетілім алдында оқушыларға сұрақтар жазылған парақтар таратылады.
Сұрақтар:
1. Денелердің шексіз қозғалысын қалай түсіндіуге болады?
2. Ньютонның І заңы бойынша бильярд шарларының, адамның су толқынына ілесіп қозғалуларын түсіндіріңдер.
3. Ньютонның ІІ заңына сүйеніп, жарқанаттың және зымыранның ұшуын түсіндіріңдер.
Өзара бағалау. Жауап парақтарын тақтаға іледі.
Тақырыпты, сабақ мақсатын ашу. Арқан тартыс туралы шағын бейне көрініс.
Сұрақ: Қозғалыс заңы тұрғысынан қалай түсіндіруге болады? Неліктен екі команда бірін - бірі тартады? Қай команда жеңеді?

Оқушылар пікірі.
Жауап: Екі командаға арқан тарапынан модулі тең, бағыттары қарама - қарсы күштер әсер етеді. Командалар тарапынан да арқанға модулі тең, бағыты қарама - қарсы күштер әсер етеді. Екі команда Жерді кейін итереді, Жер бетін екі команда үшін тірек болады. Жер де екі әр командаға модулі тең, бағыты қарама - қарсы күшпен әрекет етеді. Екі команда арқан арқылы өзара әсерлеседі және әр команда Жермен әсерлеседі. Жерге күштірек тіреп тұрған команда жеңеді.

Эксперимент арқылы тексеру. Топпен жұмыс.
1. Арбашаның екі жағынан арқанмен бір - бірін алып екі жаққа тартыңдар. Күштерді салыстырып олардың шамасы мен бағыты бойынша қорытынды жасаңдар.
2. Оқушылар қолдарымен столды ұрады. Нені сезесіңдер? Қорытынды жасаңдар.
Қорытынды жасауда оқушылар оқулықты пайдаланады.
Оқушылар қорытындысы: денелер тікелей және қашықтықтан әсерлеседі. Күш векторлары бір түзудің бойымен қарама - қарсы бағытталады. Заңның ерекшелігі: әртүрлі денелерге әрекет және қарсы әрекет күштері түсіріледі. Олар ешқашан теңеспейді және олардың табиғаты бірдей. (Қолымызбен столды ұрғанда денелер өзара әсерлеседі. Қол столға қандай да бір күшпен әсер етеді. Қолды ұрғанда сезілетін ауырсыну стол тарапынан да күштің әсер ететіндігінің дәлелі)

Жеке жұмыс.
1. "Приключения Барона Мюнхгаузена" мультфильмінен үзінді. Жіберілген қателікті табыңдар. 35: 00 - 35: 55
Оқушы жауабы.
Жауап: Тегінде теңдесі жоқ күшті адаммын ғой. Төбе шашымнан мықтап ұстап алып, бар күшіммен жоғары қарай тартып қалып едім, өзімді де, атымды да оп - оңай аман - есен алып шықтым: екі аяғыммен атымды қысқашпен қысқандай қысып алған екенмін, жақсы болды. Сөйтіп өзімді де, атымды да ажалдан құтқардым. Мұны бір оңай шаруа деп ойласаңыз, осыны өзінің істен көріңіз. (басынан төмен және иығынан жоғары бағытталған күш бір - біріне тең)
2. Тест. Ньютонның қозғалыс заңдары
Бағалау. Оқушылар жауаптарын кілтпен тексереді.

Сабақтың соңы
Бағалау. Сабақ соңында оқушыларды жетістік критерийі бойынша бағалаймын.
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта топпен...............................
Бүгінгі сабақта мен................ жақсы көрсете білдім.
Бүгінгі сабақта мен үшін.................................... маңызды болды
Бүгінгі сабақта маған............................................. қиын болды.
Бүгінгі сабақта мен топпен жұмыс жасауда......................................... үйрендім.

Түйінді сөз: Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм - тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Қаз дауысты Қазыбек би

Біздің айналамызда әртүрлі қозғалыс болады: өзен суының ағысы, сарқырама, жел немесе боран, галактика, жұлдыздар. Бұл қозғалыстар мен денелер бір - біріне ұқсамайды. Денелерге әсер ететін күш те түрліше. Осы қозғалыстар Ньютон заңдары бойынша түсіндіріледі. Ньютонды оқушы кезінде сыныбындағы ең үздік оқушы ренжіткен көрінеді. Содан кек алу үшін сыныптасынан алға шығуды шешеді. Содан қарапайым ағылшындық оқушы ұлы ғалымға айналды. Сондықтан сендердің де араларыңда ғалым, инженер де отырған шығар. Кім біледі?

Үйге тапсырма. Ньютонның ІІІ заңы. §13.
Қалыптастырушы бағалау.
5 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Динамика негіздері тарауына есептер шығару
Динамика негіздері тарауына есептер шығару
Денелердің бір - бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу, қорытындылау.
Күш. Масса. Ньютонның ІІ заңына есептер шығару
Күш. Масса. Ньютонның ІІ заңына есептер шығару
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, «Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін метебі» КММ физика пәнінің оқытушысы Батырова Толқын Нәсиқызы
Физикадан сабақ топтамасы
Физикадан сабақ топтамасы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш селосы, Жамал Ермегияев атындағы мектептің физика пәні мұғалімі Смаков Қанағат
Физика жылдық тест тапсырмасы 10 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 10 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО - ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектеп Садвакасова Бақытгул Қабиқызы
Ньютонның үшінші заңы
Ньютонның үшінші заңы
Ньютонның бірінші, екінші заңдарын қайталай отырып, масса мен үдеу арасындағы қатынасты бекіту арқылы, екі дененің бір-бірімен бірдей күшпен әсерлесетінін меңгерту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×