Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Энергия

10 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Физика
Энергия
9 - сынып
Сабақтың мақсаты: Энергия туралы түсініктерін тереңдету. Күй» ұғымын қалыптастыру. Күй параметрлерімен таныстыру. Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру. Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.
Механикалық энергия бойынша оқушылардың білім дағдыларын жинақтау, теориялық білімдерін практикада қолдана білу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, тақырыпқа қатысты терминдерді ағылшын тілінде қолдану. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз ойын толық жеткізуге өзіндік қор жасауға дағдыландыру, өз ісіне тиянақтылыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады, салыстырады, сараптайды, білімдерін жинақтайды, жұппен және жеке жұмыс істеуді біледі, топ ережесі сақталады, уақытты тиімді пайдаланады, тапсырма орындауда шеберлік танытады, есептер шығарады.

Негізгі идеялар
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т. б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй - дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны
2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайсыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жыл - дамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.
Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)
Механикалық энергияның екі түрі бар: Кинетикалық энергия, Потенциалдық энергия
Қозғалып келе жатқан дене энергиясын кинетикалық энергия деп атайды. Мысалы, ұшқан құстың, атылған оқтың, соққан желдің кинетикалық энергиясы болады. формуласы:

Ал потенциалдық энергия дегеніміз – денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия.
Мысалы, бөгетке жиналған судың, керілген садақтың, сығылған немесе созылған серіппенің т. б потенциалдық энергиялары болады. Формуласы: Еn= mgh Еn= kx²/2
Потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы толық энергияны береді.
Энергияның сақталу заңы: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Етолық =Еn + Ек = const

І. Ұйымдастыру. 2 мин
1. Сәлемдесу. Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу. Сынып оқушылары үш тілде сәлемдеседі. Сынып оқушыларын түгендеу.
2. Топқа бөлу (сурет қиындылары бойынша: ЭКСПО, ЖЕЛ, КҮН энергиялары)
Әрбір топ бөлініп отырғаннан кейін партада тұрған парақшаларды таныстыру. Бағалау парағында сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады. Сабақ соңында осы ұпай бойынша бағаланатын болады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Білу) 3 мин
 Сәйкестендіру кестесін толтыру
 «Ойлар, ұғымдар, идеялар» себеті әдісі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналады. «ЭНЕРГИЯ» ұғымына қатысты сөзді стикерге жазып әрбір оқушы 25 сөзге жеткенше себетке салады.

Қосымша мәліметтер беріледі.......... (слайдтар)
Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, негізгі идеясын Н. Назарбаев сөзімен жеткізу: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»

ІІІ. Жеке жұмыс. (Талдау) INSERT әдісі арқылы мәтінмен жұмыс 3 мин

«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінде
физика пәні бойынша жоғары санатты мұғалім.
Максымбаева Шолпан Жанбырханқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Механикалық энергия ұғымын біледі, энергия түрлерін ажыратады.
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергияның бір түрден екінші түрге айналуын түсіну және мысалдар келтіру арқылы механикалық энергияның сақталу заңын білу және пайдалану.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.
Физикадан бақылау жұмысы
Физикадан бақылау жұмысы
Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×