Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

16 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Физика
Физика сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кезеңде әлі де болса, шәкірттердің білімдерінде формализмнің элементтері кездесуде. Физика пәнін игеру, олар үшін тек кітап материалын оқу ғана болып отыр. Шын мәнісінде, физика пәнінде оқушылар табиғат заңдарын оқып, білуі тиіс.

Шәкірттерге нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру керек. Шәкірттердің білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, шәкірттер біліміндегі формализм элементтерін жояды.

Шәкірттердің білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Білім берудің құрылысын, шәкірттер мұғалім қойған мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және шәкірт мұғалім қойған мақсаттың белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс.

Шәкірттердің білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі - сабақта ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету - адамның негізгі қайраткерліктері. Ойын - әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш және көңіл көтеру деп ойлайтындар қателеседі.

Кейбір педагогтар мен психологтардың мектеп жасындағы балалар, ойын жасынан өтіп кетті, - деуі бекер. Ойындағы оқиға - жайлар сабаққа әр қилы нәр береді, сабақты қызық етеді, оған эмоциялық бояу береді.

Балалар сабақ үстінде бір - бірімен сөйлеспейді. Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бұзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір - бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір - біріне дәлелдей алатындай, бір - бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда шәкірттер белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялық білім беру «мұғалім - оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім - топ - оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы - оқушы». «Оқушы - оқушы» жүйесінде «топ - оқушы», «оқушы - топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір - бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, есеп жауаптарын бірге шешеді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдай¬да, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Физика сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда шәкірттер бір - біріне көмектесетіндей, бір - бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір - бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір - біріне жауапкершілік сезімінің болуы,, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына қарамастан, ойын өзіне тартып тұрады».

Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен топтан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық есептерді шешу тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жұмыстар, шәкірттерді ұқсастықты, айырмашылықты т. с. с. құбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Шәкірттің назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының қалай орындалатындығы байқалмай қалады. Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар шәкірттерге жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін топ командаларға бөлінеді. Команда құрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.

Ойынды жүргізудегі мұғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Дегенмен физика пәніне ең жақсы ойынды ойлап табуды, топта немесе колледжде шәкірттер арасында конкурс жүргізуге болады. Шәкірттердің ойынды ойлап - құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты шәкірттер терең білуі керек. Сондықтан, мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған шәкірттің еңбегін бағалауы тиіс.

Қазіргі мұғалім әрбір сабаққа, тақырыпқа және әр топтың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын таңдай білуі қажет. Сонымен қатар шәкірттерді өзіндік жұмысқа үйрету, олардың ізденісін ұйымдастыру және кейбір материалдарды кең көлемде беріп, тәрбиелік мақсатқа жету үшін де оқыту формаларын таңдай білу керек. Бір сабақтың өзінде қолданатын әдістерді кезектестіріп, шәкірттерді шаршатпай, материалды қызықты жеткізе білуді де ескерген жөн.
3 516
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биофизика қолданбалы курс
Биофизика қолданбалы курс
Бұл курстың оқытылуы оқушылар бойында шығармашылық қабілеттерін, ізденімпаздығын дамытуға, қосымша әдебиеттермен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған өмірдегі табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін физикалық білімдерін пайдалануға
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекбосынова Бахыт Нурмахановна
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдабергенова А.Қ.
Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Жалпы орта білім беретін мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен
Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ
Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Турганбаевна Жоспары: 1. Кіріспе « Егеменді ел тірегі - білімді ұрпақ» 2. Оқушының білімге қызығушылығын арттыру ақпараттық коммуникациялық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×