Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбысты қалай естиміз және ол қалай таралады?

30 маусым 2017, Жұма
Категориясы: Физика
Физика пәніне деген қызығушылықтан туындаған «Дыбысты қалай естиміз және ол қалай таралады?» атты мақала.

Табиғатта адам баласы біле бермейтін неше түрлі құбылыстар бар.
Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы бір - бірімізбен қарым - қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар. Бұл толқын түрі дыбыс деп аталады. Біз естіп жүрген музыкалар, ұялы телефонның шырылдауы, адамдардың сыбырлауы мен сөйлеуі, сабақтағы қоңыраудың дауысы, теңіздің толқыны, жануарлардың үні, құстардың сайрауы, бәрі - бәрі толқын түрлеріне жатады. Физика - адамның табиғат заңдарын танып білуге деген табиғи ұмтылысын түсіндіретін ғылым.

Дыбыс ауа, су және қатты денелер арқылы көзге көрінбейтін толқындар түрінде енеді. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Дыбыстар туралы ғылым акустика деп аталады және бұл сала ғимараттарды жобалауда, теледидар, су құбырларынан бастап машина, пойыз және ұшақтарға дейінгі тауарларды жобалауда пайдаланылады. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады.

Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер, мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын, мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т. б дыбыстың шашырауын шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.

Дыбысты біздің қалай еститініміз дыбыс толқындарының түріне байланысты болады. Толқындардың аралығы дыбыстың жиілігіне немесе жоғарылығына әсер етеді. Тығыз орналасқан толқындар – жоғары жиілікті, ал созыңқылары – төмен жиілікті көрсетеді. Ашық үнді дыбыс, мәселен, қоңырау – жатық толқындар, ал өткір үндер, мәселен даңғырақ соғу – ирек толқындар жасайды.

Дыбыс толқындары ауа арқылы шамамен 1190 км/сағ. жылдамдықпен қозғалады. Бұл жарық толқындарының жылдамдығынан баяуырақ, міне сондықтан да біз ұшақты немесе жарылысты алыстан әуелі көзімізбен көргеннен кейін ғана дыбысын естиміз. Дыбыс судың астында шамамен 5000км/сағ. жылдамдықпен шапшаңырақ қозғалады, бірақ дәл жылдамдық температураға байланысты өзгеріп тұрады. Тербелістер біздің миымызда жүйке импульстеріне айналады. Жиілігі 16Гц - тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц - тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц - тен 1012 – 1013 Гц - ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады.

Дыбыс, дыбыс деп жатырмыз. Ал сол дыбыс бізге қалай, не арқылы жетеді? Әрине, құлағымыз арқылы. Айналада алуан түрлі дыбыстар, көп адамдардың сөйлегендері, жануарлардың дыбыстары, музыка, жапырақтың сыбдыры, т. б. Олардың барлығы біздің құлағымызға жетеді. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы құлақта дыбыс жолы бар. Дыбыс жолы арқылы дабыл жарғағынан дыбыс толқындары өтіп барып, құлаққа жетеді. Демек, құлақ қалқанынан өткен дыбыс дыбыс жолының қабырғаларына соқтығысып барып, сонан кейін есту жүйкесі арқылы миға беріледі. Ми бұл дыбыстардың мағынасын ашып оқиды да, біз оларды естиміз.

Х. Досмұхамедұлы өзінің «Оқушының саулығын сақтау» еңбегінде әр мүшенің тазалығын сақтау мен күту туралы жазбаларын қалдырған. Ол дыбыс турасында, яғни дыбыстың адам ағзасына әсерін тағы бір мәрте айқындай түсті. «Құлағың сау болсын десеңіз... құлағыңа айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де осыны орында» деген екен. Олай болса, құлақтың атқарар қызметі көп екен. Сол үшін де оны күте білу керек. Айқайлап сөйлемеуге тырысу керек. Әйтпесе дабыл жарғағыңа зиян келтіруің мүмкін. Теледидар немесе магнитофонның дыбысын қатты шығарма, бұл естуге зиянын тигізеді.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тайсойған ауылы, Ғ. Сланов атындағы орта мектеп
10 сынып оқушысы Сәтібек Айкөркем
Ғ. Сланов атындағы орта мектепте физика және математика пәні мұғалімі
Молдашева Мадина Утеповна
37 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс ауада таралып тербеліс тудырады. Денелердің тербелісі дыбыс туындауының себепкері болып табылады. Тербеліс жиілігі 16Гц – тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан мұндай толқындар дыбыс толқындары
Ғылыми жоба  "Дыбыс"
Ғылыми жоба "Дыбыс"
Табиғатта адам баласы біле бермейтін неше түрлі құбылыстар бар. Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ сол арқылы бір - бірімізбен қарым - қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Мамекбаева Жұмакүл Әбілханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×