Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кинематика негіздері. Тест

20 шілде 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
9 – сынып. Тест тапсырмалары.
1 - тарау. Кинематика негіздері.
1 - нұсқа
1. Дененің бірқалыпты үдемелі қозғалысының теңдеуі
А) x=2t+4
В) x=4+2t2
С) x=8+3t2
Д) x=2+3t
Е) x=3t
2. Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
А) 30м В) 20м С) 60м Д) 45м Е) 15м
3. Суретте әр түрлі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген. Оларды мынадай ретпен орналастырыңыз:
а) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс;
б) бірқалыпты үдемелі қозғалыс;
в) бірқалыпты баяу қозғалыс;
с) бастапқы жылдамдығы бар бір қалыпты үдемелі қозғалыс.
А) 1, 2, 3, 4;
В) 3, 2, 4, 1;
С) 2, 3, 1, 4;
Д) 4, 1, 3, 2;
Е) 2, 4, 1, 3.
4. Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында жерді материялық нүкте деп санауға болады
1) Жер өз осі бойымен қозғалады
2) Жер Күнді айнала қозғалады
3) Жерді ғарыш кемесінен ғарышкер бақылап тұр
А) тек қана1
В) тек қана 3
С) тек қана 2
Д) 1 және 2
Е) 2 және 3
5. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған дене, барлық жүрген жолының төрттен бір бөлігін 2, 5 с уақытта өтті. Барлық жолдың жүруге кеткен уақыты
А) 12с
В) 10с
С) 15с
Д) 8с
Е) 20с
6. Дененің бірқалыпты айналуы кезіндегібұрыштық жылдамдығы -
А) ω=φ/t
В) φ=ω/t
С) ω=φ*t
Д) φ=ω*t
Е) ω=n/t
7. Жер бетінен 400км қашықтықта оны айнала 8км/с жылдамдықпен қозғалып жүрген Жердің жасанды серігінің центрге тартқыш үдеуін есептеңдер?
А) 9, 1 м/с2
В) 9, 4 м/с2
С) 9, 8 м/с2
Д) 10 м/с2
Е) 94 м/с2
8. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі -
А) үдеу
В) уақыт
С) жылдамдық
Д) еркін түсу
Е) орын ауыстыру
9. Үдеу қандай формуламен өрнектеледі:
А) a=Δϑ*t
В) a=Δt*Δϑ
С) ϑ=ϑ0+at
Д) ϑ=at2/2
Е) a=Δϑ/Δt
10. Дене 30м/с жылдамдықпен горизонтқа 300бұрыш жасай лақтырылған. Осы дененің Жер бетінен ең жоғары көтерілу биіктігін анықтаңыз.
А) 1125м
В) 11, 25м
С) 1, 125м
Д) 0, 1125м
Е) 11, 25м/с
11. Бірқалыпты теңүдемелі қозғалыс кезіндегі жол -
А) s=ϑ ор t;
В) s=ϑ0+at2/2;
С) s= ϑ0 - at2/2
Д) ϑорт=ϑ0 - ϑ/2
Е) a=ϑ2 - ϑ02/2s
12. Шеңбер бойымен қозғалған дененің сызықтық жылдамдығы неге тең?
А) ϑ=ω/R
В) ω=ϑ/R
С) ϑ=ωR
Д) ϑ=2πR
Е) ω=2π/T
13. Бірқалыпты кемімелі қозғалыс кезіндегі жол -
А) s=ϑ ор t;
В) s=ϑ0+at2/2;
С) a=ϑ2 - ϑ02/2s
Д) ϑорт=ϑ0 - ϑ/2
Е) s= ϑ0 - at2/2
14. Дене 19, 6 м биіктіктен еркін түсіп келеді. Еркін түсу уақытын және түсу соңындағы жылдамдығын табу керек.
А) 2с; 196м/с.
В) 4с; 1, 96м/с.
С) 4с; 19, 6м/с.
Д) 2с; 19, 6м/с.
Е) 2с; 1, 96м/с.
15. Дененің бірқалыпты түзу сызықты қозғалысы кезіндегі координатаның уақытқа тәуелділігі
х=- 5+12t болса, оның бастапқы орнының координатасы
А) 5м
В) 6м
С)- 5м
Д)- 12м
Е) 12м
16. Краннан бірінен кейін бірі екі су тамшылары түседі. Екінші тамшыға қатысты бірінші тамшының қозғалысы
А) Бір қалыпты жоғары
В) Қозғалмайды
С) Бірқалыпты үдемелі жоғары
Д) Бірқалыпты үдемелі төмен
Е) Бірқалыпты төмен.

Толық нұсқасын жүктеу
23 036
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Физикадан тест
Физикадан тест
10 класс физикадан тесттер 1 - тарау. Кинематика
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сукашева Әлия Айсеевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×