Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электротехникалық материалдар. Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдарымен танысу.

30 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Электротехникалық материалдар. Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдарымен танысу.
Сабақтың мақсаты: Өткізгіш және электроқшаулағыш материалдарының негізгі қасиеттері мен қолданылу аймағын оқып үйрену; электр арматура бөлшектеріне сымдарды дәнекерлеу технологиялық процесімен танысу.
Сабақтың көрнекілігі: Қыздыруға төзімді әр түрлі электр оқшаулағыш материалдар жиынтығы; дәнекерлеуге арналған жиынтық; тұғырыққа бекітілген электр дәнекерлегіш; ПОС - 40 дәнекері; канифоль; мыс сымы; ұялы шықпасы бар аппараттарға қосуға арналған штифтік ұштамалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 8. 30 - 8. 35 минут
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың арнаулы киімдері мен тазалықтарын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау: 8. 35 - 09. 15 минут
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
2. Оқушылардың білімін тексеру:
3. Қыздыруға төзімділік қасиетіне және өткізгіш материалдарының дәнекер және флюсті қолдану аймағы бойынша электроқшаулағыш материалдарының сұрыпталуын үйрену.
4. Өткізгіштерді қосу кезінде электр түйіспелерін қалыптастыру әдістерін оқып - үйрену.
5. Жұмсақ дәнекерді пайдаланып, сымдарды штифті ұштамаларға немесе электр арматураларының басқа да бөлшектеріне дәнекерлеу арқылы қосылуын орындау.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Электртехникалық материалдар
Электрлік монтаждау жұмыстарын орындау кезінде әр түрлі қызмет атқаратын материалдар мен бұйымдарды қолданады. Оларды бірқатар белгілері бойынша сұрыптайды:
• Электр тоғын өткізу қабілеті бойынша (өткізгіштер, диэлектриктер, жартылай өткізгіштер)
• Атқаратын қызметіне қарай (ток өткізгіш, оқшаулағыш, магнитті, құрылымды, көмекші)
• Агрегаттық күйіне қарай (қатты, сұйық, газ тәрізді)
Электр оқшаулағыш материалдарды таңдау кезінде диэлектриктердің электрлік сипаттамасы, сонымен қатар механикалық, физика - химиялық жылулық сипаттамалары ескеріледі. Электр машиналары мен аппараттарды ұзақ қолданған кезде диэлектриктің қызуға төзімділігі маңызды болып саналады. Электр жабдықтарын ұзақ уақыт пайдаланғанда диэлектриктің ұзақ уақыт бойы қызуға шыдамдылығын диэлектриктің қызуға төзімділігі деп атайды.
Резеңкелеген миткальді таспа – жабысқышрезеңке, бір немесе екі жағынан жабысқыш паста сіңдірілген таспа төменгі кернеулі қондырғылардағы сымдардың қосылыстарын оқшауландыру үшін қолданылады. Сонымен қатар осы мақсатта поливинилхлоридті және полиэтиленді таспалары қолданылады.
Лакты мата электроқшаулағышын электр машиналарды, аппараттарды, трансформаторларды оқшаулау үшін қолданылады. Олардың диэлектірлік қасиеттері жоғары, механикалық, минералдық майлардың, бензиннің, сулардың әсерлеріне төзімділігімен сипатталады. Оның жылуға төзімділігі 105˚С - қа дейін барады.
Электроқшаулағыш лакты шыны мата және электроқшаулағыш шыны таспа төменгі кернеулі электр машиналары үшін оқшаулағыш материалдар ретінде қолданылады. Сіңдірілген құрамына байланысты олар 120 - 180˚С қызуда ұзақ мерзімде жұмыс жасай алады.
Поливинилхлорид пластикті құбыршалар, сонымен қатар электр оқшауландырылған лакты мата қағаз құбыршалар сымдарды, не кабельдің тасымалдарын оқшауландыруға, сымдардың ұштарын таңбалау үшін қолданылады.
Текстолитті 65 - 105˚С аралығында жұмыс жасау үшін төсеніш және құралымды материал ретінде қолданылады.
Гетинакс ашық ауада немесе кернеуі 1000 Вдейінгі І немесе ІІ маркалы трансформатор майлар, кернеуі 1000 В – тан жоғары V - 1және V - 2 маркалы майлармен жұмыс жасаған кезде, төсеніш немесе құралым материалы ретінде қолданылады.
Табақ фибралы электроқшаулағыш картонды төсеніш материал ретінде және электр оқшауландыратын бөлшектерді дайындау үшін қолданылады.

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі
Өндірістікоқыту шебері: Абдирасил Кенжегуль Санакуловна

Электротехникалық материалдар. Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдарымен танысу. жүктеу
4 552
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Бір - бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.
Электр кабельдері, сымдар және баусымдар (шнуры)
Электр кабельдері, сымдар және баусымдар (шнуры)
Монтажды сымдар мен кабельдер электрлік аппараттарда және басқа электротехникалық қондырғыларда түрлі қосындыларды жасауға арналған. Монтажды сымдардың және кабелдердің тоқөткізгіш желілерін өткізгіш мыстан жасайды. Олар 1 сымды және көпсымды болуы
Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен. Джоуль – Ленц заңы
Электр тогының жұмысы мен қуатын түсіндіру. Жұмыстың, қуаттың өлшем бірліктерін атау. Джоуль -Ленц заңы туралы ақпарат беру. Дамытушылығы: Оқушылардың білімге ынтасын, ықыласын, қызығушылығын арттыру жолын қолдану.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А.Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі, Прназаров Дауиржан Амангалиевич Пәні: Технология Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық материалдармен жұмыс жасау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.