Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны

10 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: «Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны».
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері туралы түсінік беру. Магнит ағыны туралы мағлұмат беру. Магнит өрісі мен ток арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау логикасын, білім қабілеті мен өріс тарапын дамыту. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушы бойына біліктілікті, тәрбиелікті және қазақтың ұлттық өнерін осы тақырыптар арқылы бойына қалыптастыру.
Сабақтың типі: Құрама сабақ.
Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялық әдістерге сай аралас, баяндау, сұрақ - жауап, сынақ - сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: география, физика, математика, геометрия, химия, электротехника.
Сабақтың көрнекілігі: сызба плакат, тірек конспектісі.
Техникалық құралдар: амперметр, вольтметр, осциллограф, магнит, катушка, өткізгіштер, лазер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару - 5 минут
ІІ. Өткен сабақты қайталау. Жауаптарды толықтыр ойын(15 минут)
1. Магниттік индукцияның өлшем бірлігі Тесла (Тл)
2. Ферромагниттік материалдарды атаңыз Темір, болат, шойын, никель, кобальт, гадолоний
3. Магнит өрісі қай жерде пайда болады? Тогы бар өткізгіш жанында
4. Магнит өрісінде заряд бола ма? Болмайды
5. Магнит полюстері.... Теріс, оң, солтүстік, оңтүстік
6. Соленоид бұл..... спираль түрінде иілген және бір осьті бойлай орналасқан жіңішке қыл сымнан жасалған өткізгіш
7. Бұранда ережесі... Бұранданың ілгерілемелі қозғалысы өткізгіштнгі ток бағытымен сәйкес келсе, онда бұранда тұтқасының айнымалы қозғалысы осы өткізгіш айналасында пайда болатын өрістің магниттік сызықтардың бағытын көрсетеді
8. Солтүстік полюс қалай белгіленеді N
9. Бір полюсті магнит жасау мүмкін бе? Болмайды
(Жауаптары карточкаларға толтырылып, ұпайлары беріледі)

ІІІ. Жаңа сабақ(30 минут)
Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
• Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. • Магнит ағыны.
Өрістердің супперпозиция принципін қолданып, тогы бар дөнгелек орамның, шексіз ұзын тоғы бар өткізгіштің тудыратын магнит өрістерінің индукциясын есептеп шығарайық.
Тоғы бар дөңгелек орамның центріндегі магнит өрісінің индукциясы.
Дөңгелек орамдағы I∆l njr элементін алайық. Био - Савар – Лаплас заңын қолданамыз: |∆Bi|=k I∆lsinα/R². Бұл жағдайда векторлық қосынды жеңіл орындалады. Барлық элементтер үшін α= 90, шеңбердің центріне дейінгі қашықтық та бірдей R - ге тең. Ал әрбір элементтің индукция векторы Bi сақинаның центрі арқылы өтетін және сақина жазықтығына перпендикуляр (бұранда ережесі «бізден әрі қарай») түзу бойымен бағытталады.

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі,
физика пәнінің оқытушысы Жангазина Балшакар Тускеновна

Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері. Магнит ағыны. жүктеу
8 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі. Магниттік индукция
Магнит өрісі электр заряды қозғалысқа келгенде ғана пайда болады. Егер заряды тыныш тұрса, онда магнит өрісі пайда болмайды.
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісінің формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Электромагниттік индукция құбылысы
Электромагниттік индукция құбылысы
Физиканың ең негізгі қағидаларының бірі электромагниттік индукция заңының тұжырымдамасын игеріп, білім - білік дағдысын дамыту шараларын ұйымдастыру.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі. Электромагниттер. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуіш аспаптар.
Тоғы бар өткізгіштің және тогы бар шарғының магнит өрісі болатынын түсіндіру, электромагнитті пайдалануға болатынын білу. Электрқозғалтқыш, электр өлшеуіш аспаптар ұғымдарын қалыптастыру және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, магнит өрісінің
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназияның физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Магнит индукциясы
Магнит индукциясы
Магнит индукциясы және магнит өрісі туралы түсіндіре отырып, алған білімдерін өмірде тиімді пайдаланып, білім дағдыларын пысықтау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×