Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Реактивті қозғалыс

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Батыс Қазақстан облысы,
Теректі ауданы, Приречное ауылы,
Приречный жалпы орта білім беретін мектебінің
физика-математика пәндерінің мұғалімі:
Алдабергенова Торғай Пралиевна

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс.
ІІ. Сабақтың мақсаты: Реактивті қозғалыс туралы жан-жақты түсінік беру. Ғылымға қызығушылығын арттыру.
1. Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Физикадан алған білімдерін сабақтан тыс тапсырмалар беру арқылы тереңдету, жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
2. Оқушылардың ой-өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
3. Шығармашылық қабілеті дамыған, елін, жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
IV. Сабақтың типі: Толықтыру, жинақтау, қорытындылау сабағы.
V. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, портреттер, көрініске арналған құралдар (шар, түтікше, жіп), баяндамалар.
VІ. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру, үй жұмысын тексеру.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3. Кіріспе.

Адамзат ерте заманнан-ақ аспанға ұшуды армандаған. Соның нәтижесіндей ұшатын кілемдер мен жалмауыз кемпірдің ұшатын сыпырғышын ойлап тапқан. Кейін келе ұшатын техникалар пайда болды. Енді адамзаттың алдында ғарыш кеңістігін меңгеру міндеті тұрды. Ол үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәріде қазіргі кезде жүзеге асты.
4. (Осы арада интерактивті тақтада Циолковскийдің портреті көрсетіледі).

Ғарышқа алғашқы қадам жасау 1857-1935 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі ғалым К.Э. Циолковскийден басталады десек болады. Циолковскийдің идеялары оның 1903 ж шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» деген еңбегінде көрініс тапты. Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынады. Ойымен қиялы болашаққа ұмтылған Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты.
Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды.

Циолковскийдің идеялары орыс ғалымы К.П.Королевтың басшылығымен жүзеге асырылды.
Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957 ж ұшырылған болатын. 1961 жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалары жетілдірілді. Адамзаттың ғарышқа шығуы басқа планеталарды, табиғат құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндіріске де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды. Ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлердің ішінде біздің екі қазақ ғарышкерлері - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.

5. (Осы арада интерактивті тақтада екі қазақ ғарышкерінің портреттері көрсетіледі және Марфуға Айтқожақызының «Қос ғарышкер» атты өлеңін 9 «а» сынып оқушысы Гайсиева Сабина оқиды).
Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем! Үзілген үмітімді жалғап кетем! Ақынға да кеңістік, ғарыш керек, Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер! Қос ғарышкер, Қос батыр, Қос жұлдызым, Мерейлі етіп тұрсыңдар достың жүзін. Тағы да озып келсін Талғатым деп, Аспанның бәйгесіне қостым бүгін!

6.(Осы арада мектебіміздің 2012 жылғы түлегі Ибраева Мейрамгүлдің тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров туралы «Қаһарман тұлға» атты шығармасын оның інісі 9 «А» сынып оқушысы Ибрай Өркен оқиды).

7. Ғарышкер ағаларымыздың ізбасарлары болашақ ғарышкерлерімізде жоқ емес. Солардың бірі де, бірегейі Мұхтар Аймаханов пен Айдын Ақанұлы Айымбетов.
(Осы арада интерактивті тақтада болашақ ғарышкердің портреті көрсетіліп, 9 «А» сынып оқушысы Рауат Насиқов болашақ ғарышкер туралы баяндама оқиды).

8. Енді сабағымыздың басынан бері айтылып жатқан мәселелерді қолымызбен жасап, көзімізбен көрейік.
(Осы арада интерактивті тақтада зымыран макеті көрсетіліп, мұғалім зымыран, көп сатылы зымыран туралы түсінік береді ) Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырылған қабықтан тұрады. Отынның жануы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4 км/с-қа дейінгі) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mῡ1 импульс алады деп есептейік, мұндағы ῡ1- атқылап шығатын газ жылдамдығы, m-жанған отынның массасы.

Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қортқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсі бағытына қарама-қарсы бағытталған (М-m) ῡ2 импульс алады, мұндағы ῡ2- зымыран қабығының жылдамдығы. Онда mῡ1=- (М-m) ῡ2 болады. Ал бұдан ῡ2 = - m/(М-m) ῡ1

Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама-қарсы бағытталған жылдамдық алады.
Қазіргі заманғы зымырандар көп сатылы болып жасалады. Оның әр сатысының отын қоры, тотықтырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады.Әрбір саты отыны жанып болғаннан кейін бөлініп қалады. Бұлай болуы кейінгі сатылардағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі арттыруға себептеседі. Ал егерде зымыран Жерге қайтып оралуы керек болса, үшінші саты ашыларда зымыран 1800-қа бұрылады.

9. Сабақты пысықтау:(Оқушылар шардың көмегімен реактивті қозғалысты көрсетеді)
10.Ғарыш айлағының пайдасымен қатар зияны да жоқ емес. Ол туралы сөзді 9 «А» сынып оқушысы Зарина Төлегеноваға береміз. (Осы арада «Байкоңыр - мақтаныш па, қасірет пе?» атты баяндама оқылады. Баяндамашы: Төлегенова Зарина).

11. Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау.
12. Үйге тапсырма беру: §21 оқып түсінгенін айту, 18-жаттығу(1) шығарып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар
Физикадан күнделікті сабақ жоспарлар (Физика 9 сынып)
Физикадан бақылау жұмысы
Физикадан бақылау жұмысы
Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру
Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау
Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау
Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің № 1 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Дуйсенова Кымбат Рамазанқызы
Цилиндрдің толық бетінің ауданы
Цилиндрдің толық бетінің ауданы
Цилиндр. Цилиндрдің толық бетінің ауданы туралы түсінік беру. Цилиндрдің толық бетінің ауданының формуласын қорытып шығару. Шығармашылықпен жұмыстануына машықтандыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×