Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Масса және күш. § 30. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: ІҮ тарау. Масса және күш. § 30. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Физика 7 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Денелердің өзара әрекеттесуін, дененің массасы оның өлшеміне байланысты болатынын түсіндіру. Масса ұғымын енгізу. 2. Дамытушылық: Танымдық қабілетін, формулаларды қолдана отырып есептер шығаруға, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Тәжірибелер жасап көрсету арқылы, пәнге қызығушылығын, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, таразы, кірлер, ағаш қиындылары,
сызғыш, өшіргіш т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сынып оқушыларын түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Енді, осы денелер өзара әрекеттескен кезде дененің жылдамдықтары қалай өзгеретінін, дененің массасы қалай болатынын қарастырайық.
а) Табиғаттағы барлық денелер бір - бірімен әрекеттеседі ме?
ә) Жалпы «масса» дегенді сендер қалай түсінесіңдер?
б) Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
Табиғатта басқа денелермен әрекеттеспейтін денелер жоқ. Барлық денелер бір - бірімен әрекеттеседі. Мұны біз мұз айдынында коньки теуіп жүрген екі баланың бірі екіншісін қолымен итеріп жібергендегі әрекетін мысалға келтірсек. (1 сурет). Олар бағыттары қарама - қарсы жаққа қарай сырғанап кетеді. Осыдан денелердің бір - біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу деп аталады. Денелер өзара әрекеттесу салдарынан түрліше жылдамдық алады екен. Мысалы коньки киіп тұрған екі баланың біреуі кіші, екіншісі ересектеу баланың қозғалысын қарастырайық(2 - сурет). Кіші баламыз үлкен жылдамдық алады. Осындай мысалдардан денелердің жылдамдықтарын өзгерту қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы енгіземіз.

Сонымен денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру қабілетін сипаттайтын физикалық шаманы дененің массасы деп атайды.
Өзара әрекет кезінде денелер өз жылдамдықтарын әр түрлі өзгертеді.
Денелердің мұндай қасиетін инерттілік деп атайды. Дененің массасы – бір дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. Массаны m әрпімен белгілейді. ХБ жүйесінде (СИ) массаның бірлігіне килограмм (1кг) қабылданған. Бұл платина мен иридийдің қорытпасынан құйылып жасалған цилиндр түріндегі эталондық (үлгі( кірдің массасы. Килограммның халықаралық үлгісі Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы эталондар мұражайында сақтаулы. Өлшейтін құралы таразы. Тәжірибеде массаның басқада бірліктері пайдаланады.
1т (тонна) = 1000 кг
1ц = 100 кг
1кг =1000 г
1кг = 1 000 000 мг
1г = 0, 001 кг
1мг = 0, 001 г
1кг = 0, 01 ц
1 кг= 0, 001т
Мынандай тәжірибе қарастырайық. Массалары, қасиеттері бірдей екі арбашаны алып олардың үстіне бірдей материалдан жасалған, бірақ көлемдері әртүрлі болатын білеушелер қойып тәжірибені қарастырамыз. Арбаша өзара әрекет кезінде t уақыт аралығында жүріп өткен s1 жолы екіншісінің s2 жолынан артық болады.
(s 1 > s2 ) Өлшеулер s1 = 2s2, v1 =s1/t; v2 =s2 /t; онда v1 = 2v2 тең болады.
Яғни

ІІІ. Сабақты бекіту.
 Енді балалар осы өрнектерді пайдалана отырып есеп шығарайық
 1кг мақта ауыр ма, темір ауыр ма? m1 = m2, V1> V2

1. Есеп. Роликті коньки киген екі бала бір – бірінен кері итеріліп, қарама қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Бірінші баланың массасы 40 кг. Екінші баланың массасы неге тең?

Пән мұғалімі: А. А. Темирова

Масса және күш. § 30. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. жүктеу
3 708
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы. Көлемдері бірдей әр түрлі заттардан дайындалған денелердің массасы әр түрлі болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темір дің массасы 7800 кг, ал сол көлемдегі қорғасынның массасы — 13000 кг. Көлем бірлігіндегі (яғни, бір куб метрдегі немесе
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Мақсаты: Денелердің өзара әрекеттесуі және дененің массасы туралы түсінік қалыптастыру, үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу. Міндеттері: Денелердің өзара әрекеттесуін, масса ұғымын, массаның формуласын білу.
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде әр түрлі дененің инерттілігінің өлшемі, 1 см3 заттың массасын көрсететін шамалар туралы түсінік беру. Осы физикалық шамалардың формуласын және өлшем бірліктерін меңгертіп, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.
Заттың тығыздығы
Заттың тығыздығы
Білімділік: Оқушылардың заттың тығыздығы тақырыбын игеру барысында алған білімдеріне тереңдету, бір жүйеге келтіру, негізгі ұғымды бекіту.
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, №2 Преснов орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Осипова Ақбаян Айдархановна
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×