Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуат

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Қуат.
Физика 7 сынып
Мақсаты:
Білімділік: Қуаттың анықтамасын түсіндіру, формуласын қорыту және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді жұмыс жасау қаблеттерін дамыту, білім деңгейлерін тереңдету, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, таблицамен жұмыс, тест т. б.
Сабақта қолданылатын технологиялар: ынтымақтастық, Шаталовтың тірек - сызба технологиясының әдістері қолданылады.
Сабақтың көрнекіліктері: таблицалар, ғаламшарлар суреттері

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту тапсырмалары
5. Қорытынды
6. Үйге тапсырма Бағалау

1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды тугендеу, кластың сабаққа дайындығы, класс тазалығы т. б.
Психологиялық тренинг.(оқушылар бір - біріне жақсы тілектер сыйлайды)
Біз бүгінгі сабағымызда әуе кеңістігінде физика әлемін шарлаймыз, ғаламшарларға саяхатқа шығамыз. Ғаламшарлардың аттарын атаңдар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Зымыранды Қазақстандағы ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшырамыз. Зымыранды іске қосу үшін төрт алау отына жазылған сұрақтарға жауап береміз.
1. Паскаль заңы қалай аталады?
2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады?
3. Қалыпты атмосфералық қысым дегеніміз не?
4. Беттік керілу күші деген не?
Олай болса, алаудың сұрақтарына жауап берсек зымыран көтеріліп бірінші ғаламшарға барады.
1 - ғаламшар: Меркурий - Күнге жақын орналасқан, өте баяу айналады. Қазақша аты Болпан немесе кіші Шолпан. Меркурий ғаламшары үй тапсырмасын сұрайды. Үй тапсырмасын тест арқылы тексереміз.
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
A=V*S
A=F*S
A=V*t
A=F*t
2. Жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?
Джоуль
Ньютон
Паскаль
Метр
3. 1 мкДж - да қанша джоуль бар?
106 Дж
10 - 5 Дж
10 - 6 Дж
105 Дж
4. Механикалық жұмысты қандай әріппен белгілейді?
F
P
V
A
5. Механикалық жұмыстың қай анықтамасы дұрыс
Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің жұмысы
Күштің орын ауыстырғанда атқарған жұмысы
Дененің уақыт бірлігінде өткен жолы
Әрбір ғаламшар бізге әдемі сөздерді сыйға тартып отырады. Меркурий ғаламшары бізге «Тәуелсіз» сөзін сыйға тартты.
2 - ғаламшар: Шолпан - барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта айналады. Ең жарық ғаламшар. Шолпан ғаламшары мынадай сөзжұмбақты шешуді сұрайды. Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Ерекше торкөзден қуат деген сөз шығады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қуат деп оқушыларға хабарлаймын.
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
2. F= kx қандай заңның формуласы?
3. Дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі
4. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал

Қуат. жүктеу
3 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік призма, параллелепипед
Тік призма, параллелепипед
Призма анықтамасын, қырлары, жақтары, төбесі, табан анықтамасын, бүйір беті, толық беті аудандарының формулаларын білу, есептер шығаруда қолдану.
Қуат
Қуат
– қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану.
Қуат
Қуат
Оқушылардың бойына қуат ұғымын қалыптастыру, оның формуласын, өлшем бірлігін есептер шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары
Сақталу заңдары және онда қолданылатын физикалық шамалар формуласын есеп шығаруда үйренеді.
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуді қалыптастыру
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×