Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйкеліс күші

23 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
ә) Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың техникалық құралы: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, экран.
Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер, электрондық оқулық, қозғалысқа келтірілген фото - суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ. Жаңа сабақ;
IV. Бекіту;
V. Үйге тапсырма;
VI. Сабақты қорытындылау (бағалау).

І. Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, тексеру)
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау
Қозғалысқа келтірілген сурет арқылы салмақсыздықты еске түсіру. (Проекциялық аппарат, компьютер арқылы)
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
1) Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты, күнделікті тұрмыстағы кездесіп жүрген заңдылықтарға байланысты бірнеше сұрақтар қою.
2) Сұрақтарды проекциялық аппарат арқылы экранға шығарып, жеке - жеке қысқаша жауап қайтару.
Сұрақтар:
І. Адамдар, жан - жануарлар және техникалар төмендегі екі жағдайда жүруіне сипаттама берейік:
1) Қара жерде қалай жүреді
а) Қара Жермен жүру өте оңай;
б) Ол тегіс, кедір - бұдыр;
в) Ол құрғақ, аздап дымқыл;
с) Жер адамдарды, техниканы, жан - жануарларды алға тебеді немесе итереді;
д) Адамдар, жан - жануарлар, техника Жерді артқа қарай тебеді немесе итереді.
2) Мұзды көк тайғақта қалай жүреді
а) Мұзды көк тайғақта жүру өте қиын;
б) Ол өте тегіс, дымқыл, сулы;
в) Мұзды көк тайғақта адамдар, жан - жануарлар және техниканы Жер алға тебуі, итеруі өте аз болады;
с) Адамдарды, жан - жануарлар және техника көк тайғақ мұзда Жерді кейін қарай өте аз күшпен тебеді немесе итереді;
д) Мұзды көк тайғақта Жер құрғақ болып келеді.
ІІ. Бұл үйкеліс күші қандай күштермен әрекеттеседі?
Жауап: Тартылыс күші, Ауырлық күші, Серпімділік күші.
ІІІ. Оқушылар сіздер велосипедпен немесе шанамен Жер бетінде жүру туралы
мәлімет айтыңдар.
IV. Осы қойылған сұрақтарының дұрыс жауаптарын әр оқушы әр түрлі жауап
айтып шығады, дұрысына белгі қойып қысқаша атап өтемін.
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. F үйк. әрпімен белгіленеді.

Үйкеліс күші. жүктеу
3 179
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Практикалық жұмыс. Күш тақырыбына сапалық мәтінді есептер шығару
Практикалық жұмыс. Күш тақырыбына сапалық мәтінді есептер шығару
Күштердің табиғаттағы күнделікті өмірде маңызын және бір бағытқа бағытталған күштерді ерекшелеу
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың үйкеліс күшінің ұғымы, түрлері, өмірде қолданылуы жөнінде белемдерін жетілдіру.
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылындағы №102 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жанназарова Салтанат Нурадиновна
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші
Көкшетау қаласы №6 орта мектебі физика - математика мұғалімі Орындаған: Наушек Г.
Тыныштық пен сырғанау үйкеліс коэффицентін табу
Тыныштық пен сырғанау үйкеліс коэффицентін табу
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе орта мектебі. Физика пәні мұғалімі Б. К. Оразбаев
Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы
Үйкеліс күші және оның техникада қолданылуы
№35 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: Үйкеліс күші Пән мұғалімі: Баймуханова Г.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×