Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы

26 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
ШҚО, Аягөз қаласы,
«Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О.
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдабергенова А.Қ.

7- класта физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы

Түсінік хат
Елбасымыз көздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздерінің бірі - жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады.
Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті кірігудің тиімді жолдарының бірі - әрбір қазақстандықтың кемінде 3-4 тіл білуі деп атап өтілді.
Осы биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам өмірінің мектептегі өткізген жылдарына сайма-сай келетіні - білім беру саласына үлкен жауапкершілік пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді механизмдерін құрумен байланыстырады.

Осыған орай физика пәнін ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылады. «Физика және Астрономия» 7 класс оқулығы бойынша аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат). Жұмыс барысындағы басты мәселе - ағылшын тіліндегі оқу материалын қазақстандық стандартқа сай сәйкестендіру. Бұл бағдарлама 7-сыныптағы физика курсын толық қамтиды. Негізінен практикалық жұмыстарға баса көңіл бөлінеді. Әр тараудың соңында міндетті түрде практикалық, бақылау жұмыстары жүргізіледі. Тарау мақсаттары, міндеттері, негізгі түйінді мәселелер және тірек ұғымдар мен қоса тарау мақсаттарына жетудің негізгі кезеңдері келтірілген. Олар: қызығушылықты ояту, жаңа ұғымдарды енгізу, оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және оқушының танымдық дағдыларын қалыптастыру кезеңдері.

Физика пәнін ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Сабақ барысында қосымша берілетін физика-техникалық терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 781
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек.
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс - тәсілдері
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс - тәсілдері
Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол."Біз Ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз керек. Қазіргі әлемнің осы "лингва франксын" меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа
Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер
Кәсіптік орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер
Кәсіптік білім беретін орта оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдерді талқылау, сараптау. Оқытушылар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл – күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу,
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
ҰБТ дайындық жоспары
ҰБТ дайындық жоспары
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×