Білімділер поралы

Физикалық кеш «Қызықты физика»

Физикалық кеш «Қызықты физика»
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді І курстың ОТС - 11тобы, ОТС - 12 тобы, және құрама топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.
Кешіміздің мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдылдандыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.
Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.
ОТС - 11 тобынан құралған «Күш», ОТС - 12 тобынан құралған «Заряд», Құрама топтан құралған «Атом» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.
Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)
Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)
Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл - сықақ көрінісі)
Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)
Пантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)

Жүргізуші:
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру

Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші
І кезеңімізді бастайық.

Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы: («Суретші - көркемдеуші» мамандығы)
ОТС - 11 тобы
Жанса деймін шамдары, жарқ еткізіп даланы,
Көркемдейтін қаланы, мамандықтың киесі
Байланысшылар - Жасасын!
Мына бізде бәрі бар, ұзындар да табылар
Мысал үшін - Ақгүл бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Анар бар, бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар, Гүлдана - деген нұсқа бар
Күндей сұлу – Гүлсезім, қос Салтант тағы бар
Міне, бізде бәрі бар…Болат та бар, Алтын бар
Жер бетінен табылар!
Біздің ұран:
- Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік жолына сенеміз!- Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!

2. «Заряд» тобының таныстыруы:
Біздің топта 3 оң заряд пен 3 теріс заряд бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір - бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір - бірімен құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:
Назымды сипаттайтын болсақ көзі пішінді, көлемі үлкен. Оң зарядталған. Ішкі және сыртқы энергиясы тез өзгеріп отырады. Тыныштық күйді ұнататын, жұмыс пен пайдалы іс көп атқаратын белсенді заряд.

Ақерке –«+» зарядты тірі бөлшек. Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті. Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі. Сонда ол мына заңды ашты: «Алма - алма ағаштан алысқа құламайды»

Азиза - бойының биіктігі 2метрге жуық. Жүрісі - уақыт өтуімен өзгеріп отырады. Заряды 1 - 2 - 3 сабақтарға ғана жетеді, 7 - 8 сабақта қайта зарядталады. Мінезі салмақты.

Физикалық кеш «Қызықты физика». жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 152
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 149
Роботтар: 3
Кауменова Сания altyngul Алтынай Орыспайқызы
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика