Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тестік сынақтарға бейімдеу іс-тәжірибесі

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Физика
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы
«Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесі физика пәні мұғалімі Б.К. Оразбаев

Оқушыларды сабақтың дидактикалық кезеңдерінде тестік сынақтарға бейімдеу іс-тәжірибесінен

Мақсаты: Оқушыларды тестік сынамаларға бейімдеу, ҰБТ сынағына дайындау түлектерде базалық компетенттілікті қалыптастыру үшін қажет.
Сабақтың үй тапсырмасын сұрау, өткенді бекіту, жаңа сабақты бекіту кезеңдерінде тестік сынамалар пайдаланған жөн. Тестік сынамалар ашық не жабық, таңдау, деңгейлік те болуы мүмкін.Тестік сынамалар мазмұны жағынан алдынғы сабақтан алынбағаны дұрыс.

Себебі кейбір оқушылардың өз ойын қорытып айта білуін, тіл байлығын дамыту мақсатында жекелей сұрау керек. Ол оқушылардың жауабында тест сұрақтарының жауаптары болмауы керек. Тест сұрақтарын алдыңғы сабақтың алдындағы тақырыптардың негізгі түйінді мәселелері қамтылуы керек. Әр сабақ өткен сайын бір тақырыпқа жылжып отыруы қажет. Бұл әдіс келесі сабақта сол тестік тапсырманы басқа оқушыларға ауыстырып беруге мүмкіндік береді. Ауыстыру үш мәртеден аспауы керек, асып кеткен жағдайда тест жауабы жаттанды яғни, жаңа оқушы бұрынғы тест тапсырған оқушыдан сұрап алуы мүмкін.

Тестік сынамалар оқушылардың білім деңгейіне сәйкес болғаны абзал. Тестік сынамалар құрастырғанда мұғалім уақытын көп алмас үшін әр оқушыға жеке құрастырудың қажеті жоқ.Тест тапсырмалардың дені орташа оқитын оқушыға арналуы керек. «4» бағасын алғысы келсе қосымша жеткілікті денгейдегі, «5» бағасын алғысы келсе жоғары денгейдегі тапсырма қосқан абзал. Яғни «1», «2», «3» балдық тапсырмаларды іріктеп отыру керек. Сәйкесінше жиынтық балды осы балдармен есептеген дұрыс. Тапсырмаларға теориялық материал мен практикалық тапсырмалар, есептер ҰБТ тестік тапсырмаларында кездескен болуы керек. Тестік тапсырмалардың саны 7 мен15 сұрақ арасында болғаны дұрыс. Бастауыш сыныптарда 5 пен 10 сұрақ арасында.15 сұрақтан артып кетсе уақыт көп кетеді.7 ден кем болса жалпы тақырыптағы негізгі сұрақтардың кейбіреуі қамтылмай қалуы мүмкін.

Әр тест сұрағына 1 не1,5 минут беріледі.Егер ашық тест болатын болса 10 сұрақтың айналасында, таңдау тесті болса 10 көп болса да болады. Бұл пәндердің қиындық деңгейіне де байланысты.Бастауыш сыныптарда әр жауапқа1,5 минут бөлінеді. Тестік тапсырма барлық оқушыға берілмейді.Үй тапсырмасын сұрағанда 2 не3 оқушы жекелей жауапқа, 1не 2 оқушы есеп шығарғанға тартылуы керек. Қалғандарын оқушы санына қарай 1 не2 нұсқалы тестік тапсырмаларға тартқан дұрыс. Тестік сынақ 10не 15 минуттан аспауы керек.Сабақ бекіткендегі тестік тапсырмалар біріңғай және саны аз, негізгілерді қамтитын болуы қажет. Сонда оқушыда негізгіні бөле білу қалыптасады.

Тестік сынақты бағалағанда төмендегі формуланы пайдаланған жөн:
Дұрыс жауаптар балы
шыққан нәтиже × 100%
Барлық сұрақтар балы
Төменгі пәндер бойынша ( тарих, тіл ,әдебиет ...т.б гуманитар мен өнер пәндері) бағалау төмендегідей
«2» 70% пайыздан төмен болса;
«3» 80% пайыздан төмен болса;
«4» 90% пайыздан төмен болса;
«5» 90% пайызбен100% арасы;
Төменгі пәндер бойынша ( математика, физика, информатика,..т,б. жарытылыстану пәндері) бағалау төмендегідей
«2» 50% пайыздан төмен болса;
«3» 70% пайыздан төмен болса;
«4» 90% пайыздан төмен болса;
«5» 90% пайызбен100% арасы;

Әр тарау біткенде қорытынды тестік сынақ алып тұрған дұрыс. 45 минутқа 30 тапсырма жеткілікті. Диференциалды білім беруді қадағалау үшін әр оқушының білім деңгейіне қарай бірнеше сұрақты қиындатып отыру керек.
3 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы бойынша тестік сұрақтар
1. Абайдың шын аты кім? А) Мұхамедканафия ә) Сәдуақас *б) Ибрагим в) Ақжігіт
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қорытындылау
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қорытындылау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Ерғали Майра Бошанқызы
Қайталау – білім анасы
Қайталау – білім анасы
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Өндіріс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ғаббасова М. Е.
Ньютонның үшінші заңы
Ньютонның үшінші заңы
Ньютонның бірінші, екінші заңдарын қайталай отырып, масса мен үдеу арасындағы қатынасты бекіту арқылы, екі дененің бір-бірімен бірдей күшпен әсерлесетінін меңгерту
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Сосна орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Садуақасова Жұлдыз Асқарбекқызы
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Қазақ тілі сабағында қолдануға тиімді тест түрлері
Оқушылардың білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тесттік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×