Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рентгендік сәулелер

14 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Рентгендік сәулелер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға рентгендік сәулелер туралы мағлұматтар беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Оқушыларға рентген сәулесінің ашылуын, қасиеттерін және өмірде қолданысын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың нақты және жүйелей ойлау қабілетін арттыру, сабаққа деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, тазалыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелесу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 1888 жылы электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынған ғалым? (орыс ғалымы Александр Степанович Попов)
2. Интерференция дегеніміз не? (кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып бір немесе бірнеше толқынның қосылуы)
3. Электромагниттік толқын дегеніміз не? (вакуумда немесе кез келген ортада электромагниттік өрістің таралуы)
4. Жарық күші немен өлшенеді? (канделла)
5. 1900 жылы жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндіруде тығырықтан шығу жолын тапқан ғалым? (Неміс астрономы Иоган Кеплер)
6. Өте майда заттарды зерттеуге арналған құрал? (лупа, линза)
7. Дыбыс жылдамдығы нешеге тең? (300м/с)
8. Дифракция дегеніміз не? (толқындардың бөгеттерді орағытып өтуі)
9. Жарық дегеніміз не неше түрі бар? (2 түрі бар, табиғи және жасанды)
10. Тербеліс дегеніміз не, тербелісті сипаттайтын шамалар бар? (Белгілі бір уақыт өткенде қайталанып отыратын процесс. тербелісті сипаттайтын шамалар: период, жиілік, амплитуда, фаза т. б
11. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не? (тербеліс кезіндегі ең үлкен ауытқу)
12. Жарық жылдамдығы нешеге тең? (300 000м/с)
13. Радионы ең алғашқы ойлап тапқан кім? (А. С. Попов)
14. 1831 жылы электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым? (Ағылшын физигі Майкл Фарадей(1791 - 1867)
15. Оптикалық аспаптарға нелер жатады, неліктен? (лупа, линза, микроскоп, телескоп т. б. )
16. Толқын ұзындығының формуласын жаз:
17. Тербеліс периодының формуласы:
18. Линзаның оптикалық күшінің формуласы:
19. Тербеліс жиілігінің формуласы:

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Рентген сәулелерінің ашылуы. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын байқай қойды, осы ерекше қабілеті оның тамаша жаңалық ашуына жәрдемдесті. Бұл кезде газ - разрядтық түтіктерде өте шапшаң электрондардың ағыны туғызылған және сол уақытта оларды катод сәулелері деп атаған. Бұл сәулелердің табиғаты сол кезде сенімді түрде тиянақтала қоймаған еді, тек бұл сәулелердің шығатын басы түтіктің катодында екені ғана мәлім болған. Катод сәулелерін зерттеумен шұғылданған Рентген, фотопластина қара қағазға ораулы тұрғанына қарамастан, разрядтық түтікшенің маңында ағарып қалған. Осыдан кейін ол тағы бір таңқаларлық құбылысты байқады. Барийдің платина ерітіндісіне батырылған қағаз экранға разрядтық түтікшені орағанда, экран ағара бастайтыны байқалды оның үстіне Рентген түтікше мен экранның арасына қолын ұстағанда экранда қолдың нобайының қылаң реңкінде сүйектердің қара көлеңкелері көрінеді. Ғалым разрядтық түтікшемен жұмыс істегенде бұрын белгісіз күшті, өтімді сәуле пайда болатынын түсінді. Ол оны Х - сәулелер деп атады. Соңынан бұл сәулелерге «рентген сәулелер» деген термин берік қалыптасты. Рентген жаңа сәуле катод сәулелерінің (шапшаң электрондар ағыны) шыны түтіктің қабырғаларына соқтығысқан орындарында пайда болатыны байқалған. Бұл орында шыны жасаудан жарық шығарған. Х - сәулелер шапшаң электрондарды кез келген кедергімен атап айтқанда металл электрондармен тежегенде пайда болатынын кейінгі тәжірибелер көрсетті.

Рентген сәулелерінің қасиеттері. Рентген ашқан сәулелер фотопластинаға әсер етеді, ауаның иондалуын туғызады бірақ кез келген бір заттардан айтарлықтай шағылмайды және сынбайды. Электромагниттік өріс олардың таралу бағытына ешқандай әсерін тигізбейді. Осыдан кейін бірден рентген сәулелері электрондардың кенет тежелуінен шығатын электромагниттік толқындар деген болжам жасалды. өтімділігі және басқа ерекшеліктері дәл осы толқын ұзындығының шағын болуымен байланыстырылады. Бірақ бұл гипотеза дәлелдеуді қажет етеді. Және ондай дәлелдеулер Рентген ашқаннан кейін 15 жылдан соң жасалды. Рентген сәулелерінің құрылысы. Қазіргі кезде рентген сәулелерін шығарып алу үшін, рентген түтіктері деп аталатын құрылғылар жасалған. Олардың конструкциясын Рентген жасаған алғашқы аппараттардан анағұрлым жақсы. 1 - суретте электрондық рентген түтігінің ықшамдалған схемасы кескінделген. Катод 1 вольфрамнан жасалған қыл сым, ол термо электрондық эмиссия есебінен электрондар шығарады. Цилиндр 3 электрондар ағынын фокустайды, сонан соң олар металл электродпен 2 (анодпен) соқтығысады. Осыдан рентген сәулелері туындайды. Анод пен катодтың арасындағы кернеу бірнеше ондаған киловатқа жетеді. Түтікте, толық вакуум жасалады; ондағы газдың қысымы 10 - 5 – 10 - 7мм сынақ бағанасына тең болады. Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы 10 - 9м - ден 10 - 10дейіңгі диапазонда болады. Қуатты рентген түтіктерінде анод сумен салқындатылады, өйткені электрондар тежелгенде көп мөлшерде жылу бөлініп шығады. Электрондар энергиясының 3 ғана пайдалы сәулеге айналады.

Рентген сәулелерінің толқын ұзындығы 10 м ден 10 дейінгі диапазонда болады. Олардың өтімділігі зор және медицинада, сондай - ақ кристалдар мен күрделі органикалық молекулалардың құрылымын зерттеу үшін пайдаланылады.

4. Сабақты бекіту:
1) Рентген сәулесін ашқан қай ғалым?
а) Ньютон в) Максвелл с) Рентген д) Эйнштейн
2. Рентген сәулесін қай жылы ашты?
а) 1805ж в) 1895ж с) 1896ж д) 1835ж
3) Рентген сәулесінің қолданысы қай жерде?
а) медицинада в) құрылыста с) ауылшаруашылықта д) дұрыс жауабы жоқ
4) Рентген сәулесін қандай арнаулы қондырғыда аламыз?
а) осциллограф в) сәулелік түтіктерде с) рентгендік түтіктерде д) камертон
5) Рентген сәулесінің ашылу құрметіне қандай сыйлық берілді?
а) нобель в) кубок с) оскар д) ештеңе берілмеді
6) Құймалардағы ақаулардағы, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т. б. қандай әдіске жатады?
а) флюрография в) дефектоскофия с) томография д) сәулелік терапия
7) Рентгендік сәулелер қандай сәулелерге жатады?
а) инфрақызыл в) электромагниттік с) ультракүлгін д) гамма сәуле
8) Рентген сәулесінің зияны бар ма?
а) бар в) жоқ с) белгілі дәрежеде д) білмеймін
9) Рентген сәулесі қандай сәулелердің аралығында жатады?
а) ультракүлгін мен гамма сәулелердің в) ультракүлгін мен инфрақызыл сәулелердің
с) ультракүлгін мен ақ жарық сәулелердің д) инфрақызыл мен гамма сәулелердің
10) Рентген сәулесіне қандай қасиеттер тән?
а) кейбір заттарда жарқыл туғызады және фотоқағазды қарайтады в) көзге көрінбейді
с) катод сәулелері д) фотоқағазды қарайтады
Есептер шығару. №1. Фотонның массасы электронның тыныштық массасына тең болатын сәуленің толқын ұзындығын табыңыз.

Рентгендік сәулелер. жүктеу
14 519
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рентгендік сәулелер. Есептер шығару
Рентгендік сәулелер. Есептер шығару
Рентген сәулелердің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорционал. Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Бұл фотографияларда қаңқа сүйектерін және жұмсақ тканьдердің әр түрлі өзгерістерін
Рентгендік сәулелер
Рентгендік сәулелер
Оқушыларға рентгендік сәулелердің шығу тарихын және оның қазіргі таңдағы қолданыс аясы туралы толық мәлімет беру. Теориялық білімдерін толықтыру, қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Рентген сәулелері
Рентген сәулелері
Қазір біздің еліміздегі барлық азаматтар жылына бір рет флюорография өтуге тиіс. Рентген сәулелерінің жәрдемімен адам ауырғанын сезе бастаудан бұрын, ауруды алдын ала анықтап білу үшін, кеуде клеткаларының суреті түсіріледі.
Жарық дифракциясы
Жарық дифракциясы
Сабақтың тақырыбы: Жарық дифракциясы
Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәні оқытушысы Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Рентгендік сәулелер
Рентгендік сәулелер
Рентген сәулелердің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорционал. Сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Бұл фотографияларда қаңқа сүйектерін және жұмсақ тканьдердің әр түрлі өзгерістерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×