Білімділер поралы

Физикадан тест

10 класс физикадан тестері
1 - тарау. Кинематика

1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған автомобиль 10 с ішінде 150 м жол жүрді. Дәл осындай жылдамдықпен ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?
А) 30 м; В) 20 м; С) 60 м; Д) 45 м; Е 15 м;
2. Бірдей 10 м/с жылдамдықпен жол айырығынан бірдей уақытта 60º болатын бағыттармен ажыраған екі автомобиль 20 с өткеннен кейін бір - бірінен қандай қашықтықта болады?
А) 150 м; В) 300 м; С) 200 м; Д) 100 м; Е) 250 м;
3. Ені 40 м өзенді жүзіп өткен жүзгішті су ағысы қарсы жағалауға өткенше 30 м - ге ығыстырған. Жүзу қашықтығы қандай болған?
А) 50 м; В) 20 м; С 35 м; Д) 60 м; Е) 25 м;
4. Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген. Оларды мынадай ретпен орналастырыңыз:
а) бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс;
ә) бір қалыпты үдемелі қозғалыс;
в) бір қалыпты баяу қозғалыс;
с) бастапқы жылдамдығы бар бір қалыпты үдемелі қозғалыс;
А) 1, 3, 2, 4; В) 3, 2, 4, 1; С) 2, 3, 1, 4; Д) 4, 1, 3, 2; Е) 2, 4, 1, 3;
5. Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жолдың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген.
а) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс;
б) бірқалыпты үдемелі қозғалыс;
в) бірқалыпты баяу қозғалыс;
г) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты үдемелі қозғалыс;
д) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты баяу қозғалыс;
А) 5, 2, 1, 4, 3; В) 4, 1, 5, 2, 3; С) 2, 3, 1, 5, 4; Д) 1, 3, 4, 2, 5; Е) 5, 3, 2, 4, 1;
6. Жылдамдығын 36 км/сағ - тан 72 км/сағ - қа дейін арттырған автомобиль 5 с ішінде қанша жол жіреді?
А) 50 м; В) 45 м; С) 8 м; Д) 70 м; е) 75 м;
7. 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автобусты жүргізуші аялдамаға 50 м қалғанда тежей бастады. Осы кездегі үдеу модулі қаншаға тең?
А) 2 м/с2; В) 1, 5 м/с2; С) 1 м/с2; Д) 0, 5 м/с2; Е) 3 м/с2;
8. Еркін құлаған дененің 4 секундтағы жүген жолы қанша?
А) 60 м; В) 80 м; С) 70 м; Д) 75 м; Е) 90 м;
9. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне соқтығысқандағы жылдамдығын км/сағ есебімен шығарыңыз.
А) 150 км/сағ; В) 200 кс/сағ; С) 280 км/сағ; Д) 340 км/сағ; Е) 360 км/сағ;
10. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне қанша уақытта жетеді?
А) 8 с; В) 10 с; С) 7 с; Д) 9 с; Е) 7, 5 с;
11. 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырған дене қандай биіктікке көтеріледі және қанша уақытта құлап түседі?
А) 60 м, 5 с; В) 55м, 4, 6 с; С) 50 м, 4, 2 с; Д) 45 м, 6 с; Е) 42 м, 4 с;
12. Жұмыстың радиусы 0. 3 м болатын жеңіл автомобильдің дөңгелегі 900 айн/мин жасаған кездегі жылдамдығын км/сағ есебін есептеңіз.
А) 98 км/сағ; В) 106 км/сағ; С) 105 км/сағ; Д) 101 км/сағ; Е) 104 км/сағ;
13. Қисықтың радиусы 50 м жол иініндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығы 36 км/сағ болған кезіндегі центрге тартқыш үдеуі қандай?
14. Жұмыстың радиусы 0, 3 м болатын жеңіл автомобильдің жылдамдығы 108 км/сағ. Автомобиль дөңгелегінің бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз.
А) 120 с - 1; В) 210 π; С) 200 π; Д) 90 с - 1; Е) 220 π;
15. Дене 30 м/с жылдамдықпен горизонтқа 30º бұрыш жасай лақтырған. Осы дененің Жер бетінен ең жоғарғы көтерілу биіктігін анықтаңыз.
А) 11, 25 м; В) 14, 5 м; С) 12, 5 м; Д) 13, 25 м; Е) 10, 5 м;
16. Дене қозғалысы жылдамдығының, Х және У остеріндегі проекциялары υх= 4 м/с және υу= 3 м/с болса оның модулі қашшаға тең?
А) 3, 5 м/с; В) 4 м/с; С) 4, 5 м/с; Д) 5 м/с; Е) 5, 6 м/с;
Жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Д С А С А Е С В Е В Д Д В С А Д

2 - тарау. Динамика. Ньютон заңдары.
1. Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:

А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.
2. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомобиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомашинаға қандай тұрақты күш әсер еткен?
А) 1000 Н; В) 1800 Н; С) 2000 Н; Д) 2200 Н; Е) 2500 Н.
3. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша? А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.
4. 5 м/с2 үдеумен жерге түсіп келе жатқан массасы 80 кг парашютистің салмағы қаншаға азайған? А) 380 Н; В) 10, 4 Н; С) 420 Н; Д) 440 Н; Е) 400 Н.
5. Шамалары бірдей 6 Н екі күш денеге 60º бұрышпен әсер етеді. Қорытынды күш қаншаға тең? А) 8 Н; В) 10, 4 Н; С) 12 Н; Д) 13 Н; Е) 12, 6 Н.
6. Жер бетінен 800 км биіктікте ұшу үшін ғарыш кемесінің жылдамдығы қандай болуы керек? А) 7, 9 км/с; В) 8, 2 км/с; С) 8, 2 км/с; Д) 8, 1км/с; Е) 8, 4 км/с.
7. Массасы 40 кг бала айналу осі 2 м биіктікке бекітілген әткеншек теуіп тұр. Әткеншек ең төменгі нүктеден 4, 4 м/с жылдамдықпен өтсе, бала осы нүкдеде орындыққа қандай қысым түсіреді? А) 750Н; В) 766 Н; С) 787 Н; Д) 816 Н; Е) 806 Н.
8. Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомашинаны 2 м/с2 үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз. А) 3 см; В) 4 см; С) 5 см; Д) 6 см; Е) 7 см.
9. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен динамометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0, 6 Н - ды көрсетті. Үйкеліс коэффиценті қаншаға тең? А) 0, 26; В) 0, 03; С) 0, 34; Д) 0, 08; Е) 0, 3.
10. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен динамометр арқылы 200 г, радиусы 2, 5 см ағаш цилиндрді ось бойынша домалата сүйрегенде ол 0, 4 Н - ды көрсетті. Домалау үйкеліс коэффициенті неге тең? А) 0, 05; В) 0, 03; С) 0, 5; Д) 0, 3; Е) 0, 04.
11. Ұзындығы 2 м 25 см рычагтың тіреу нүктесін, көтеретін жүк жағындағы ұшынан 25 см жерге орналастырып, 400 кг жүкті көтеру үшін оның екінші ұшына қандай күшпен әсер ету керек? А) 400 Н; В) 450 Н; С) 500 Н; Д) 550 Н; Е) 600 Н.
12. Горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын а бұрыш жасайтын ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен массалары 100 кг болатын ағаш жәшіктерді сырғытып жүк машинасына тиеу қажет. Егер үйкеліс клэффициенті 0, 3 болса, үйкеліс күші қандай болады? А) 300Н; В) 260 Н; С) 280 Н; Д) 320 Н; Е) 240 Н.
13. Қыстыгүні горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын көлбеу жотадан шаңғымен сырғанаған бала қандай үдеумен қозғалады? Үйкеліс коэффициенті 0, 035 – ке тең. А) 4, 2 м/с2; В) 4, 5 м/с2; С) 5 м/с2; Д) 4, 7 м/с2; Е) 5, 2 м/с2.
14. Массасы 50 кг жүкті блокқа асылған арқан арқылы 750 Н тұрақты күштің көмегімен жоғары көтереді. Осы кездегі дененің үдеуі қаншаға тең болады? (g=10м/с2). А) 1, 6м/с2; В) 1, 8м/с2; С) 2 м/с2; Д) 2, 2м/2; Е) 2, 4 м/с2.
15. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1, 623 м/с2.
А) 10 кг; В) 10, 5 кг; С) 11, 62 кг; Д) 11, 83 кг; Е) 12, 4 кг.
Жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Д С А Е В Е С Д Е А С В Д С Д

Сақталу заңдарына тест сұрақтары
1. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомашина тұрақты 2 кН күштің әсерінен 10 с ішінде қандай жылдамдық алады? А) 10 м/с; В) 14 м/с; С) 16 м/с; Д) 18 м/с; Е) 20м/с.
2. Массасы 40 кг бала 7 м/с жылдамдықпен жүгіріп келіп, 2 м/с жылдамдықпен сол бағытта қозғалған массасы 60 кг арбаға секіріп мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады? А) 5 м/с; В) 3, 6 м/с; С) 4 м/с; Д) 4, 2 м/м; Е) 4, 4 м/с.
3. Үстінде бала отырған массасы 20 кг шананы қар үстімен қозғалыс бағытына 60º бұрышпен 100 м қашықтыққа сүйрегенде қанша жұмыс істеледі? Үйкеліс коэффициенті 0, 03. А) 200 Дж; В) 240 Дж; С) 260 Дж; Д) 300 Дж; Е) 280 Дж.
4. 800 м/с жылдамдықпен ұшқан 10 г оқтың кинетикалық энергиясының 8 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 1 т автомашинаның кинетикалық энергиясына қатынасы қаншаға тең? А) 1/100; В) 1/10; С) 1/1; Д) 1/1000; Е) 1/10000.
5. Кинетикалық энергиясы 100 Дж және импульсі 50 кг*м/с. Дененің массасы неге тең? А) 15, 0 кг; В) 12, 0 кг; С) 12, 5 кг; Д) 13, 0 кг; Е) 14, 0 кг.
6. Тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 100 г дененің ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
А) 45 Дж; В) 50 Дж; С) 35 Дж; Д) 40 Дж; Е) 450 Дж.
7. 10 м биіктіктен еркін түскен, массасы 2 кг дененің Жер бетіне 4 м қалған кездегі потенциалдық және кинетикалық энергияларын анықтаңыз.
А) 60 Дж, 90 Дж; В) 70 Дж, 100Дж; С) 80 Дж, 120 Дж; Д) 80 Дж, 110 Дж; Е) 70 Дж, 110Дж.
8. Массасы 0, 5 кг дененің еркін түсу уақыты 2 с. Осы кездегі ауырлық күшінің жұмысы қаншаға тең? А) 70 Дж; В) 80 Дж; С) 90 Дж; Д) 100 Дж; Е) 110 Дж.
9. Массасы 10 г оқ қалың тақтайға 800 м/с жылдамдықпен кіріп одан 400 м/с жылдамдықпен ұшып шықты. Тақтайды тесіп өту үшін оқ қандай жұмыс атқарған?
А) 1800 Дж; В) 2400 Дж; С) 2000 Дж; Д) 2200 Дж; Е) 2600 Дж.
10. Массасы 2 т жүкті көтергіш кран 30 с ішінде 6 м биіктікке көтерді. Кран двигателінің қуаты қандай? А) 3 кВт; В) 3, 2 кВт; С) 3, 4 кВт; Д) 3, 6 кВт; Е) 4 кВт.
11. Автомашинаның 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты түзу сызықты қозғалған кездегі көрсеткен қкаты 1 МВт. Автомашинаның массасы қандай?
А) 1 т; В) 2 т; С) 3 т; Д) 4 т; Е) 5 т.
12. Массасы 200кг, диаметрі 60 см темір бөшкелерді ұзындығы 5 м биіктігі 1, 6 м ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен машинаға домалата артты. Домалау үйкелісінің коэффициенті 0, 6. Көлбеу жазықтықтың ПӘК - і қандай?
А) 60 %; В) 66%; С) 72%; Д) 80%; Е) 85%.
13. Қатаңдығы 500 Н/м динамометр пружинасына 40 Н күш әсер еткенде қанша жұмыс істелінеді? А) 1, 6 Дж; В) 1, 8 Дж; С) 2 Дж; Д) 2, 2 Дж; Е) 2, 4 Дж.
14. Диаметрі 4 см құбырдағы судың жылдамдығы 1 м/с. Ос ықұбырмен тікелей жалғасқан диаметрі 2 см құбырмен су қандай жылдамдықпен ағады?
А) 3, 6 м/с; В) 4 м/с; С) 4, 2 м/с; Д) 4, 4 м/с; Е) 5 м/с.
15. Насостың пайдалы қуаты 4 кВт. Осы насос 8 м тереңдіктен 1 сағат ішінде қандай көлемдегі суды көтеріп шығарады? А) 120 м3; В) 140 м3; С) 160 м3; Д) 180 м3; Е) 200 м3.
Жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Е С Д В С А С Д В Е Е Е А В Д

3 - тарау. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.
1. Судың қандай тереңдігінде атмосфералық қысым екі еселенеді?
А) 5 м; В) 10 м; С) 15 м; Д) 20 м; Е) 25 м.
2. Паскаль заңының тұжырымдамасы қалай аталады?
А) Сұйыққа батырылған дене өзінің көлеміндей сұйықты ығыстырып шығарады; В) Сұйыққа батырылған денеге өзінің ығыстырып шығарған сұйығының салмағына тең кері итеруші күш әсер етеді; С) Құбырдың кез келген қимасы арқылы бір мезгілде бірдей көлемде сұйық ағып өтеді; Д) Сұйыққа (немесе газға) түсірілген қысым өзгеріссіз оның барлық нүктелеріне бірдей беріледі; Е) Құбырмен аққан сұйықтың статистикалық және динамикалық қысымдарының қосындысы тұрақты шама болып табылады.
3. 100 м тереңдікте теңіз суының қысымы бір атмосфералық қысымнан қанша есе артық? ( =1030 кг/м3 ) А) 100 есе; В) 70 есе; С) 50 есе; Д) 20 есе; Е) 10 есе.
4. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 6 см2 және оған 200 Н күш әсер етеді. Үлкен поршеннің ауданы 180 см2. Бұл поршенге қандай күш әсер етеді?
А) 4кН; В) 5кН; С) 5 кН; Д) 7 кН; Е) 10 кН.
5. Тығыздығы = 0, 7 кг/м3 ағаш су бетінде қалқып жүр. Оның қандай бөлігі суға батқан? А) 0, 7; В) 0, 6; С) 0, 5; Д) 0, 4; Е) 0, 3.
6. Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы S1= 10 см3, ал үлкен поршеннің ауданы S2=200 см2. Кіші поршеннің қозғалу биіктігі h1=10 см. Үлкен поршенді дәл осындай биіктікке көтеру үшін кіші поршень қанша рет жүріс жасауы керек?
А) 10 рет; В) 15 рет; С) 20 рет; Д) 25 рет; Е) 30 рет.
7. Су айдағыш мұнараның табанындағы манометр 1, 8*105 Н/м2 қысымды көрсетті. Мұнарадағы су деңгейінің биіктігі қандай? А) 16 м; В) 18 м; С) 20 м; Д) 22 м; Е) 24м.
8. Массасы 100 кг қарағай су бетінде қалқып жүр. Оны кері итеруші күш қаншаға тең? А) 1000 Н; В) 900 Н; С) 800 Н; Д) 700 Н; Е) 600 Н.
9. Ауданы 12 м2 өзенде қалқитын сал жүк тиелген соң 25 см - ге дейін суға батты. Тиелген жүктің салмағы қанша? А) 20 кН; В) 22 кН; С) 24 кН; Д) 26 кН; Е) 30кН.
10. Теңіз деңгейінен 720 м биіктікте атмосфералық қысым қандай болады?
А) 680 мм.. сын. бағ. В) 690 мм.. сын. бағ; С) 700 мм.. сын. бағ; Д) 710 мм.. сын. бағ; Е) 720. мм.. сын. бағ
11. Құбырдың көлденең қимасы ауданы 10 см2 бөлігіндегі судың ағысының жылдамдығы 0, 2 м/с. Осы құбырдың көлденең қимасының ауданы 3 см3 бөлігіндегі су ағысының жылдамдығы қандай? А) 1, 1 м/с; В) 1м/с; С) 0, 9 м/с; Д) 0, 8 м/с; Е) 0, 7 м/с.
12. Сутегі газымен толтырылған, көлемі 100 м3 аэростаттың көтергіш күшін анықтаңыз. Сутегі тығыздығы =0, 09 кг/м3, ауаның тығыздығы =1, 29 кг/м3.
А) 1120 Н; В) 1140 Н; С) 1160 Н; Д) 1180 Н; Е) 1200 Н.
13. Горизонталь құбырмен аққан судың жылдамдығы 1, 2 м/с болса, оның құбыр қабырғаларына түсіретін қысымы қандай?
А) 100600 Па; В) 100800 Па; С) 100660 Па; Д) 100700 Па; Е) 101000 Па.
14. Су айдағыш мұнарадағы су деңгейінің биіктігі 20 м. Оның табанындағы шағын тесіктен су қандай жылдамдықпен шығады? А) 18м/с; В) 20 м/с; С) 22 м/с; Д) 24 м/с; Е) 26 м/с.
15. Массасы 72 кг сүңгігішке әсер ететін кері итеруші күшті табыңыз. Адам денесінің орташа тығыздығы 1, 2*103 кг/м3. А) 570 Н; В) 580 Н; С) 590 Н; Д) 600 Н; Е) 610 Н.

Жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
В Д Е С А С В А Е С Д Е А В Д

Физикадан тест. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 308
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 307
Роботтар: 3
Камола
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика