Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы.

10 қыркүйек 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақ жоспары
физика 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру; айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор, айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік катушка тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы практикалық мағынасын ашу.
2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру; актив кедергі, айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және индуктивтік катушка үшін схемалық сызбасын сала білуге үйрету.
3. Зейін қоя тыңдауға, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Презентациялық слайдтар. Видео роликтер. Интерактивті тақта. Эксперименталды қондырғы.
Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия
Сабақтың эпиграфы ретінде Р. Декарттың мына сөзін аламыз:
Білгенің аз – білетініңді қолдана білу керек!

Сабақтың құрылымы:
• Сабақты ұйымдастыру.
• Негізгі білімдерін жетілдіру.
• Жаңа білімді қабылдау.
• Жаңа тақырып бойынша алынған білімдерін пысықтау.
• Эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру.
• Үйге тапсырма беру.
• Сабақты қорытындылау.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
1. 1. Сабақтың мақсаты мен қойылатын талаптармен таныстыру.
2. Негізгі білімдерін жетілдіру. Механикалық тербеліс пен электромагниттік тербеліс арасындағы сәйкестікке тоқтала кетеміз.(кесте бойынша)

3. Жаңа білімді қабылдау.
3. 1. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергіні қарастырамыз.
Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу
u =Umcos ωt заңымен өзгерсін. Бізге бұрыннан белгілі R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды. Ток күші мен кернеудің лездік мәндері үшін Ом заңы орындалады.
Электр тізбегін құрастырамыз. Актив кедергілер - өткізгіштер мен кабельдер.
Сәйкес формулаларды қорытып шығарамыз
Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка. Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. жүктеу
4 828
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық функция және оның графигі
Сызықтық функция және оның графигі
Бір айнымалы шаманың әрбір мәніне екінші айнымалы шаманың бір ғана мәні сәйкес болатын айнымалы шамалар арасындағы тәуелділік функция деп аталады.
Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка
Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және катушка
Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру; айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор, айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік катушка тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару
Трансформатор
Трансформатор
Трансформатор ұғымын, трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру.
Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі
Айнымалы ток. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі
Ерiксiз электромагниттiк тербелiстер деп сыртқы электр қозғаушы күшiнiң периодты өзгеруiнiң салдарынан болатын тiзбектегi ток күшi мен кернеудiң периодты түрде өзгеруiн айтады. Егер сыртқы мәжбiрлеушi ЭҚК - i гармониялық заңдылықпен өзгеретiн болса,
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі
Арал ауданы, №82 орта мектептің математика пәні мұғалімі Сейтжанова Г.
Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның формуламен берілу тәсілдері
Ақтөбе қаласының, №48 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Төребекова Мейрамгүл Қуандыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×