Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қатынас ыдыста. Су құбыры

24 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыста. Су құбыры.
Сабақтың мақсаты:
 Білімділік мақсаты: резеңке түтікпен жалғасқан шыны түтікшелермен тәжірибе жасай отырып, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.
 Дамытушылық мақсаты: тұрмыстан, өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.
 Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгіме, жаттығулар орындау, ашық – ой сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, қатынас ыдыстар, приборлар, тірек схема.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Еске түсіру» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қайталаймыз.

№1. Тапсырма: Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауабы: Бірдей болмайды, себебі қысым күші сұйық бағанының биіктігіне және тығыздығына тәуелді болады.

№2. Тапсырма: Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан алысқа шашырайды. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
Жауабы: Сұйық қабаты неғұрлым төмен болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сондықтан ең төменгі саңылаудан су алысқа шашырап шығады.

№3. Тапсырма: Қысым дегеніміз не? Қысымның өлшем бірлігі:
Жауабы: Қысым дегеніміз белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама р= F/S;
Қысымның өлшем бірлігі: Н/м 2; Па
Қатынас ыдыста. Су құбыры жүктеу
3 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қатынас ыдыстар
Қатынас ыдыстар
Оқу мақсаттары: 7. 3. 1. 6 Қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру.
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күші. Денелердің жүзу шартары
Архимед күшінің сұйық тығыздығына және дене көлеміне тәуелдігін біледі. Есеп шығаруда пайдаланады. Денелердің жүзу шарттарының анықтамасын біледі.
Қатынас ыдыс. Су құбыры
Қатынас ыдыс. Су құбыры
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Новорыбин орта мектебі - бақшасы» ММ Математика және физика пән мұғалімі Хауази Оралсын
Қатынас ыдыстар
Қатынас ыдыстар
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі Салтанат Баелова
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жарқынбаева Майра Нұрғалиқызы
Қатынас ыдыстар
Қатынас ыдыстар
Аскербаева Рысхан Сагимбаевна ШҚО, Үржар ауданы, Үржар ауылы "Жансүгіров ОМ" КММ физика және информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×